30-модуль. Кванттық теорияның негізгі идеяларын
экспериментальды түрде негіздеу
Бірінші Бор орбитасында қозғалған электронның айналу периодын есептеңіз. Оның бұрыштық жылдамдығы қандай?
Сутегі атомының иондалу потенциалы қандай?
Сутегі атомының бірінші бор орбитасында қозғалған электронның де Бройль толқын ұзындығы қандай?
Алтын атомы ядросын бөлшекпен атқылау кезінде, оның жылдамдығы 3107 м/с болса, ядроға қандай минималь қашықтыққа жақындайды? Соқтығысу «орталықң деп есептеңіз.
Сутегі атомының бірінші бор орбитасымен қозғалған электронның жылдамдығы қандай?
Ридберг тұрақтысы R мәнін есептеу үшін, сутегі атомының U1= 13,6 В екенін ескеріп есептеп көріңіз.
Сутегі атомы негізгі күйінде 121,5 нм толқын жұтқан. Сутегінің қозған атомының электронының айналу радиусын есептеңіз.
Сутегі атомының үшінші энергиялық деңгейден негізгі деңгейге электрон өткенде шығарған фотон энергиясы табыңыз.
Сутегі атомының бірінші қозу потенциалын есептеңіз.
Рентген түтігіне 50 кВ потенциал түсіргенде, одан сәулеленген қысқа толқын шекарасын есептеңіз.
Қозбаған сутегі атомы 102,6 нм толқын жұтқан. Бор теориясын пайдаланып қозған сутегі атомындағы электрон орбитасының радиусын есептеңіз.
Бор теориясын пайдаланып r1- стационар орбитадағы электронының айналу радиусын және r2- айналу жылдамдығын есептеңіз.
Бас кванттың сан n=2 болғанда қозған сәуленің электронының r2-екінші стационар орбитасының радиусын есептеңіз.
Егер сутегі 6,281014 Гц сәулелесе, оның энергиясы қалай өзгереді?
Сутегі атомы негізгі күйден қозғанда 97,5 нм толқын шығарса, оның электронының айналу периоды Т қалай өзгерген?
Сутегі атомының сәулелену кезінде 435 нм жарық шығарса, электронның кинетикалық энергиясы қалай өзгерген?
Қозған сутегі атомындағы электрон орбитасы rn 16 есе өссе, оның монохромат шығарған сәулесінің толқын ұзындығы қалай өзгереді?
Литий атомының электроны 4 – ші энергия деңгейінен екінші энергия деңгейіне өткен. Бұл атомның шығарған - толқын ұзындығын есептеңіз.
Сутегі атомындағы электрон 3 – ші энергиялық деңгейде орналасқан. Бұл электронның кинетикалық энергиясы Т, потенциалдық энергиясы П және Е толық энергиясы неге тең? Жауабын эВ – пен сипаттаңыз.
Негізгі күйдегі сутегі атомына соқтығысқан фотон кинетикалық энергиясы Т 10 эВ электронда ыршытып шығарған. Бұл фотонның - энергиясы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |