1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


Физиологиялық және патологиялық реактивтілік



бет16/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

16.Физиологиялық және патологиялық реактивтілік.
Реактивтілік – сыртқы және ішкі факторларға ағзаның тіршілігін өзгерте отырып жауап беру қабілеті.
Физиологиялық реактивтілік - сыртқы орта ықпалынан организм тіршілігінің гомеостазды бүзбай өзгеріп жауап қайтаруы; дені сау адамның (жануардын) жауап қайтаруы. Мысалы: физикалық жүктемеге бейімделу, температураның өзгеруіне термореттелу, ас қабылдауға жауап ретінде асқорыту ферменттерін бөлу, лейкоциттердің табиғи эмиграциясы және Физиологиялық реактивтілік жеке индивидуумда (физиологиялық үдерістердің ерекшеліктері ретінде), сол сияқты жануарлардың әр түрлі түрлерінде де (мысалы, үрпақ сақтау мен көбею ерекшеліктері, жылу алмасудың түрлік ерекшеліктері түрінде) көрінеді. Физиологиялық реактивтілік адамдардың (жануарлардың) жекелеген топтарында түрлі, мысалы қанайналым, тыныс алу, асқорыту, гормондар бөлу сияқты физиологиялық үдерістер балалар мен карттарда, жүйке жүйесінің әр түрлі типі бар адамдарда айырмашылықтары болады.
Патологиялық реактивтілік. Организмде зақымдалу және гомеостаздың бұзылысын тудыратын патологиялық реактивтілік туындайды, ауырып тұрған организмнің бейімделуін төмендетеді. Оны салдарлық реактивтілік (немесе аурудан өзгерген) деп атайды. Аурудың дамуы патологиялық реактивтіліктің пайда болуы болып табылады, жеке кісілер үшін де жануарлардың тобы мен түрлері үшін де анықталады.
17.Организмнің реактивтілігінде нерв және эндокриндік жүйелердің мәні.
Жүйке жүйесінің даралық реактивтілікке әсері. Даралық реактивтілік түлғаның орталық жүйке жүйесінің түрлеріне, қызметтік жағдайларына байланысты. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) әлсіз және ұстамсыз түрлері , күшті және ұстамды, жігерлі түрлеріне қарағанда ауруға жиі шалдығады. И. П. Павловтың зертханасында иттерге жасалған тәжірибелерде олардың ОЖЖ әлсіз және ұстамсыз түрлерінде эксперименттік невроз жеңіл алынатыны байқалды. Эксперименттік неврозбен ауыратын иттердің ішкі ағзаларында дистрофиялық өзгерістер, өспелердің дамуы жиі байқалады.
Кейбір аурулардың белгілері шартты рефлекс бойынша пайда болатыны белгілі. Мәселен, стенокардия, қояншық, бронхиалык, демікпе ауруларының ұстамалары белгілі сыртқы орта жағдайларында басталса, артынан ешбір әсерсіз-ақ, осы жағдайларда бұл ұстамалар қайталана беруі
Жүйке жүйесінде тежелу үрдісі басым болғанда қабынудың өтуі баяулайды, керісінше, қозу үрдісі оны тездетеді. Наркоз кезінде немесе адам қатты ұйқыда (мас) болғанда электр ағымының бүліндіргіш әсері әлсірейді.
Сонымен бірге, адамды иландыру (сендіру) арқылы дерт дамуына тосқауыл қойып немесе сауықтыруға болады. Мидың лимбикалық жүйесі эмоцияның орталығы болып есептеледі. себептен қатты қорқыныш, қуаныш сезімдері тұлғаның реактивтілігіне әсер кейде дерттің пайда болуына әкелсе, кейде оны азайтады.
Даралық реактивтілікте мидағы гипоталамустың маңызы өте үлкен. Мәселен, гипоталамустың астына шыны шарик тігілген жануарлардың өкпесінде, ішек-қарын жолдарында жиі дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Гипоталамуста дербес (вегатативтік) жүйесінің және эндокриндік бездердің реттеуші орталықтары орналасуынан олардың өзгереді.
Жұлынның бүліністері де даралық реактивтіліктің өзгерістеріне өкеледі. Мәселен, жүлыны үзілген көгершіндер қалыпты жағдайда ауырмайтын, күйдіргі ауруымен ауырады. Даралық реактивтілік дербес жүйке жүйесінің жағдайларына да байланысты. Мәселен, парасимпатикалық жүйке жүйесін қоздырғанда антидене өндірілуі артады, бауырдың уытсыздандыру және тосқауылдық қызметтері көтеріледі. Симпатикалық жүйке қозганда фагоцитоз күшейеді, зат алмасу артады.
Организмде жүйке жүйесі нәрленістік (трофикалык) қызмет атқарудан, ағзалар мен тіндердің жүйкеленулерінің бұзылыстары оларда дистрофиялар дамуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет