a) аластау немесе жою әдісі (алып тастау немесе бүліндіру). Қандай да бір
ағзаны аластауда пайда болған симптомдарды талдау арқылы, осы ағзаның
бүлінісі бар адам ауруының клиникалық көрінісімен салыстыру.
Мысалы, иттерде және басқа жануарлар түрлерінде бір немесе екі бүйрекүсті безін
алып тастау арқылы адамның аддисон ауруының моделін Шарль Броун- Секар жасамақ болған. Жануарларда қант диабетінің моделін ұйқы безін алып тастау аркылы немесе оларға аллоксанды немесе дитизонды енгізіп, бүліндіру арқылы туындатуға болады;
б) қосып жіберу әдісі - жануарлар организміне әр түрлі заттарды енгізгенде,
олардың артық мөлшері адамда қандай да бір аурудың дамуын тудырады.
(Мысалы, тиреотоксикозды зерттеу үшін, жануарларға тиреоидты гормондарды енгізу арқылы моделдеуге болады);
b) тітіркендіру әдісі - әр түрлі әсерлерден қандай да бір ағза қызметінің
өзгерісі (мысалы, кезбе жүйкені тітіркендіргенде брадикардия туындайды);
г) парабиоз әдісі - екі жануарды (парабионттар) кантамырлары мен лимфа
жүйелерін біріктіру арқылы өзара гуморалдық әсерлерді зерттеу үшін (гормондардың және баска метаболиттердің).
Оқшауланған ағзаларда моделдеу - нақты ағза зақымдануының түрі мен
дәрежесін (жүрек, өкпе, бауыр және т.б.) және оның қанайналымы, тыныс алу,
ас қорыту және т.б. жетіспеушіліктер дамуындағы үлесін анықтауға мүмкіндік
береді.
Жеке жасуша элементтерінің қан өндіру мен иммунопоэзды реттеуде,
жасушалардың малигнизация (катерлі ісікке айналу) механизмдерінде, әр түрлі
фармакологиялық препараттардың цитозақымдаушы механизмін анықтауда
және т.б. рөлін зерттеуде жасушалар мен тіндердің өсінділерінде (культура) мо- делдеу кейінгі кездері патофизиологияда, гематологияда, иммунологияда, он-
кологияда, фармакологияда және т.б. кеңінен колданылады.
Ауруларды және олардың жеке элементтерін математикалық моделдеу. Қазіргі
медицина математикалық тәсілдерді, әр түрлі патологиялық үдерістерді талдау-
да және ауруларды математикалық-кибернетикалық моделдеуде кеңінен
қолданады.