1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


Майлардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылысы себептері



бет42/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

Майлардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылысы себептері.
1. Панкреатиттік липазаның төмен белсенділігі немесе тапшылығы, май ыдырауының бұзылысына әкеледі. 2. Ішекке өт қышқылдарының жеткіліксіз түсуі (гепатит, цирроз, холецистит, обтурациялық сарғаю кезінде) майлар эмульгациясы мен сіңірілуінің бұзылысын тудырады.
3. Өт қабы қабырғасының жиырылуын, майлардың эмульгация үдерісін, ішек қабырғасы арқылы тасымалын реттейтін асқазан-ішек гормондарының тапшылығы (холецистокинин, гастрин).
4. Жіңішкеішек эпителийінің, олардың үшацилглицеролының ресинтезінің ферменттік жүйесін инактивтейтін, фосфорлану мен дефосфорлану үдерістерін бұзатын әр түрлі улармен (флоридзин, монойодуксусты қышқыл) және инфекциялық агенттермен зақымдалуы.
5. Авитаминоз А, В, С (өйткені бұл витаминдер биохимиялық реакциялар коферменті).
6. Суда ерімейтін май қышқылдары тұздарының түзілуіне әкелетін Са мен Mg шектен тыс пайдалану.
7. Тағамдағы холин жеткіліксіздігі немесе оның нәруызды тамақтану кезінде метиониннен түзілуінің тапшылығы, бұл май реабсорбциясын тежейді.
8. Эндокринді және жүйке жүйесі қызметінің өзгеруі: кезбе жүйкені кесу, ішектен майлардың сіңірілуін бұзады, наркоз да солай әсер етеді; адрено- кортикотропты гормон (АКТГ) мен тироксин май сіңірілуін күшейтеді. Бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі кезінде майлардың сіңірілуі бәсеңдейді.
9. Ішектің күшейген перистальтикасы мен диарея майдың көп көлемінің реабсорбциясын тежейді.
10. Ақаулы нәруызды майлы кешен түзілуімен энтероциттегі май метаболизмінің бұзылуы май сіңірілуін тежейді және жіңішке ішек қабырғасында, ұсақ лимфа жолдарында май қатпарларының түзілуіне әкеледі.
Организмдегі липид тапшылығы олардың ішекте сіңірілуі бұзылысынан ғана емес, олардың шығарылуының күшеюімен де байланысты. Организм майды зәрмен бірге жоғалтуы мүмкін (липидурия), бұл липоидты нефроз кезінде байқалады. Майларды тер бездерімен де жоғалтуы мүмкін (экзема, безеулі бөртпе), май тінінің аумағының көлемді жарақаты кезінде майлар деподан шығуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет