Диспротеинемия плазма нәруызынын калыпты концентрациясындагы сандык және сапалык өзгерiстерiн , мысалы , жедел кабыну , бауыр циррозы буйрек аурулары , парапротеинемиялар , iсiктер кезiнде аныктайды . Диспро теинемия белек топтагы нәруыздар концентрациясынын азаюымен немесе көбеюімен , бұрын анықталмаған жаңа нәруыздардын ендiрiлуiмен байланысы болуы мүмкін. Бұл жиі альфа2-глобулиндердің жөне сульфатталған гликозамингликандардьщ мөлшері көтерілуімен байкалады (аутоиммундық аурулар, дөнекер тіндердін шашыранды аурулары, тез дамитын қабыну үрдістері). Бауыр аурулары кездерінде альфа - және бета-липопротеидтердің түзілуі азаяды. Фибриногеннің түзілуі төмендеуінен қан үю үрдістері бұзьшады. гамма-глобулиндердің түзілуі азаюы мүмкін.
Парапротеинемия бауыр және бүйрек бүліністерінде және күздама ауруы, инфекциялық миокардит, пневмония сиякты жіті жөне созылмалы қабынулар кездерінде бауырда сапасы өзгерген нәруыздар түзіледі. Оларды парапротеиндер дейді. Парапротеиндерге мысал ретінде С реактивті нәруыздарды жаткызуға болады. Парапротеиндердің қанда көбеюін парапротеинемия дейді. Бұндай сапасы өзгерген нөруыздардың болуынан гемоглобиндердің дерттік өзгерістері (гемоглобиноздар), өзгерген фибриногеннің болуынан қан ұюының бүзылыстары т.б. өзгерістер байқалады. Парапротеиндердің бір түрі болып криоглобулиндер есептеледі. Олар бауыр беріштенуінде, жүйелік аурулар кездерінде өндіріледі. Бұл глобулиндер дене қызуы қалыпты болғанда сұйық күйінде болады да, дене мұздағанда тұнбаға ауысады. Бұл тұнбалар ұсақ тамырлардың ішіне түрып қалуынан тромбоз, микроциркуляциялардың бұзылыстары, аяқтарда некроз дамуы ықтимал.
49.Нәруыз алмасуының соңғы этаптарының бұзылысы.
Нәруыздар алмасуының соңғы өнімдеріне аммиак жөне зәр қышқылы (мочевина) жатады. Аммиактың залалсыздандырылуы екі түрлі жолмен жүреді. Оның бірінші негізгі жолында аммиак бауырда орнитин циклі бойынша зәрқышқылна айналдырылады. Ал екінші жолында басқа тіндерде аммиак глутамин қышқылымен байланыстырылып, глутамин түзіледі.