1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері



бет4/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

Паранойяльдық синдром – сандырақ синдромы, біріншілік сандырақ, шынайылық факттарын сандырақта интерпретациялау (интерпретативті сандырақ), қате пікірді негіздей үшін дәлелдер жүйесі келтіріледі (жүйеленген сандырақ). Сандырақ біртіндеп, доминантты идеялардан аса бағалы идеялар сатысынан өту арқылы түзіледі. Бұған, аффективті реакциялардың күштілігімен және ригидтілігімен, ал ойлау және әрекет саласында – байымдылық және детализацияға бейімділікпен тұлға ерекшеліктері ықпал етеді. Мазмұны жағынан бұл жанжалшылдық, шығармашылдық, қызғаныш, соңына түсу сандырағы.
Паранойяльды синдром шизофрениялық сандырақтың бастапқы сатысы болуы мүмкін. Бұл сатыда галлюцинация және псевдогаллюцинация болмайды, психикалық автоматизм құбылысы жоқ. Паранойяльды синдроммен паранойяльды психопатияның және алкагольды параноидтың психопатологиялық симптоматикасы толықталады.
Галлюцинаторлы–параноидты синдромдар - өзара органикалық байланысты галлюцинаторлы және сандырақтық бұзылыстар әртүрлі арақатынаста көрінетін синдромдар. Егер галлюцинация басым болса, галлюцинаторлы синдром деп, сандырақ идеясы басым болса, параноидты деп атайды. Параноидты синдром деп сандырақ дамуының параноидты сатысы да аталады. Бұл сатыда бұрын паранойяльды сандыраққа сәйкес келген қате пікірлер жүйесі сақталуы мүмкін, бірақ оның ыдырау белгілері табылады: жүріс-тұрысында оғаштық, сангдырақ мазмұнының басым аффектке және галлюцинацияға (псевдогаллюцинацияларға) тәуелділігі, олар да параноидты сатыда пайда болады.
Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизм синдромы галлюцинаторлы-параноидты синдромның жеке жағдайы болып табылады және псевдогаллюцинациялар, психикалық актілердің бөтендену құбылысы - автоматизмдер және әсер ету сандырағы қосылады. Қабылдау бұзылысы шеңберіндегі науқас, олардың еріктен тыс пайда болатындығына, жасандылығына сенімді – автоматизмнің мәні осында. Автоматизм идеаторлы, сенсорлы немесе моторлы болып бөлінеді. Науқас өз ойын басқарып тұр, оларды параллельді етеді, оны ойша балағаттауға мәжбүрлейді, басына бөтен ойлар салады, оның ойларын оқып, тартып алады деп есептейді. Бұл жағдайды идеаторлы автоматизм деп айтамыз. Бұл автоматизм түріне псевдогаллюцинациялар жатады. Сенсорлық автоматизмге сезімдік таным бұзылысы жатады және науқастың сезім (немқұрайдылық, әлсіздік, ыза, үрей сезімін «шақырады») және түйсіктің (дененің әртүрлі бөліктерінде ауру сезімін, электр тоғы жолдары сезімін, күйдіру, дызыл «тудырады») жасандылығы жөнінде айтуларымен сәйкес келеді. Моторлы автоматизм дамуында науқаста өз қимылдары мен қызметтерін басқаруды жоғалтқандығына сенім туады: бетінде еріксіз күлкі пайда болады, аяқ-қолдары еріксіз қозғалады, күрделі қимылдар жасалады, мысалы, суицидальды актілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет