1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері



бет5/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

Парафренді синдром – фантастикалық сандырақ синдромы. Ол созылмалы және жедел түрде болады, қандай да болмасын сандырақ түзілуінің соңғы сатысы болып табылады және психикалық функцияның ауыр бұзылысына сәйкес келеді. Созылмалы сандырақта парафренді синдром біртіндеп ақыл кемдігіне ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады.
Парафренді сандырақ құрамына ұлылық идеясы қатысады. Сандырақтық идеялар оғаштықпен, гротескілікпен ерекшеленеді, табанды тұжырымдау ешқандай дәлелсіз келтіріледі. Көтеріңкі немесе кеңпейілді көңіл-күй фонында айқын конфобуляциялар (фантастикалық-конфабуляторлы парафрения) болады.
Мнестикалық бұзылыс синдромдары
Корсаков синдромы – корсаков алкогольдық психозының психопатологиялық суретін көрсететін амнестикалық синдром. Синдром да, ауру да оларды алғаш сипаттаған автор - С.С. Корсаков есімімен аталады.
Синдром психопатологиялық триададан тұрады: фиксациялық амнезия, ретроградты (немесе ретроантероградты) амнезия, конфабуляциялар. Ауыр ес бұзылуының салдары болып жатқан оқиғаларға, орынға, уақытқа, адамдарға қатысты бағдардың бұзылуы болып табылады.
Корсаков психозында ес бұзылуымен әрқашан полинейропатия қатар жүреді, ол үлкен жарты шардан перифериялық жүйкелерге дейін таралған дистрофиялық өзгерістерді көрсетеді. Корсаков синдромына тән ес бұзылуының әртүрлі белгілерінің қатарласуы, мидың басқа да органикалық бұзылыстарында кездеседі: қантамыр ауруларында, бас-ми жарақатынан кейін, газбен уланғаннан кейін, кәсіби интоксикацияда.
Үдемелі амнезия синдромы Рибо заңына бағынатын естің үдемелі көмескіленуімен көрінеді: алған білімі игерілген уақытынан кері, біртіндеп естен жоғала бастайды. Ес босауының жалпы фонында алыс балалық шағындағы оқиғалар жөнінде естеліктер мүмкін болады. Қимылдық дағдылар мен жүріс-тұрыстың тәрбиеленген формалары сақталады. Бұл патология кейде үлкен ми қыртысының атрофиясымен науқастарда қантамырлық және жарақаттан кейінгі ми зақымдануларында кездеседі.
Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
Интеллект жеке, өз бетінше психикалық сфера болып табылмайды. Оны ақыл-ой, танымдық және шығармашылық қызметіне қабілет, білім, дағды игеріп, тәжірибеде қолдана білу қабілеті ретінде қарастырады. Интеллект бұзылуында материалды анализдеуге, жинақтауға, тапқырлыққа, синтез, абстракцияның ойлық үрдісін іске асыруға, түсініктер түзуге, ой түйіндеуге, қорытынды жасауға қабілеі төмендейді. Алған білім, дағды, бұрынғы тәжірибесін жетілдіру және оларды қызметте қолдану мүмкіндігінің жеткіліксіздігі байқалады. Интеллект бұзылуының негізгі синдромдары – ақыл әлсіздігі мен кемақылдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет