36
- Еліміздің курорттық өңірлерінің көбісі қаладан шалғай жерлерде
орналасқан. Ал ол жерлерде сымдық
байланыс қызметі дұрыс
көрсетілмейді;
- Мемлекетке келетін туристердің көпшілігі тек ағылшын тілдерінде көмек
сұрай алады, ал еліміздің тұрғындарының 30% ғана ағылшын тілін сөйлеу
деңгейінде біледі. Сондықтан келген туристтерге еліміздегі сандық
платформаларды түсіндіре алмаулары мүмкін;
- Елімізде халықтың көп бөлігі үшін сандық маркетинг құралдарын тек
қызық үшін ғана қолданады;
- Еліміздегі егде жастағы адамдар онлайн туризм нарығын және
мүмкіншіліктерін толық түсінбегендіктен сенімсіздікпен қарайды;
- Елімізде тревел қосымшалар аз, ал отандық тревел қосымшалар мүлдем
әзірленбеген және қолданыста жоқ.
Жалпы отандық туризм нарығы және сандық маркетинг құралдарын
туризм саласында қолданудың қазіргі жағдайына жасалған талдауларға сүйене
отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады.
2017-2021 жылдар арасында туризм саласының жалпы дамуы байқалады,
Ковид-2019 дүниежүзілік пандемиясы кезеңінде
салада құлдырау болғанын
талдаулар көрсетіп отыр.
Зерттеуге алынған жылдар ішінде туризм саласында жұмыс істеген
орналастыру орындарының саны 2021 жылы 2017 жылға қарағанда 123 пайызға
өскен немесе 3686 бірлікті құраған. Туризм саласында кәсіпкерлікпен
айналысқан субъектілер саны оның ішінде туристік фирмаларда, орналастыру
орындарында және санаторий-курорттық ұйымдарда жұмыс істеген
қызметкерлердің орташа саны 2021 жылы 2017 жылға қарағанда 93%
немесе
41,4 мың адам жұмыс істеген. Осы аралықтарда шығу туризм бойынша
туристік қызметті тұтынушылар саны 2017 жылы 10260813 адам болса 2021
жылы 2,9 есеге төмендеп, 3501387 адам шет елдерде саяхаттаған. Ал, осы
кезеңдегі келу туризмі көрсетікішінде де құлдырау байқалады. 2017 жылы
7701196 адам еліміздегі туристік қызметтерді тұтынса, 2021 жылы бұл
көрсеткіш 1330169 адамды құраған. Яғни саланың құлдырауы - 82,7 пайызды
құрады.
Сандық маркетинг құралының тәжірибелік
қолданылу барысын анықтау
мақсатында «Br travel» кәсіпорынының қызметі талданды. Кәсіпорын
Кәсіпорында сандық маркетингтің бірқатар құралдары қолданылады. Олар
фейсбук, Instagram, электрондық пошта, кәсіпорынның сайты. SMM маманға
дейін төмен деңгейде екені белгілі болды.
37
3 «Br travel» туристік кәсіпорынының сандық маркетингті қолдану
3.1 Туристік сала кәсіпорындарында сандық маркетингті қолдануды
жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша тиісті дамыту шаралары мен
нысаналы көрсеткіштер елдің стратегиялық құжаттарында – «Қазақстан-2050»:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында, Қазақстан
Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында,
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында,
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030
жылға
дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі
құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген Кәсіпкерлікті дамыту
саласында 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 35 %-ға дейін және 40 %-ға
дейін ұлғайту стратегиялық мақсат болып табылады [32]
Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің бір бағыты ретінде туризм
саласын айта аламыз. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы акционерлік
қоғамының 2022 – 2031 жылдарға арналған даму стратегиясы туристік саланы
цифрландыру мақсатында әзірленген стратегия.
Сурет 6–
Kazakh Tourism ұлттық туристік порталының жобалары
Достарыңызбен бөлісу: