Журналистік мамандық өкілінің қасиеттері
Табиғи қабілеттер деген туа біткен байқағыштық қасиеті, адамдарға және олардың айналасындағы әлемге деген қызығушылықты, басқалардың назарынан тыс қалған маңызды сәттерді атап өтіп, көргендері туралы қызықты түрде баяндап білуді қамтиды.
Дүниетанымдық ұстанымдар. Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным. Сондықтан дүниетанымдық ұстанымдар да журналист үшін ең маңызды қасиетердің бірі.
Ал білім деңгейінің қаншалықты маңызды екендігі айтпай-ақ та белгілі, себебі жоғары деңгейдегі білім мен білік болмаған кезде, журналистік мамандық өкілінің дәрежесі де төмендей береді.
Арнайы кәсіби талаптар. Бүгінгі таңда журналистерге қойылатын талаптар – бұрынғыдан әлдеқайда қатаң. Заман ағымына сай кез-келген жағдайға бейімделе алмайтын, сөзге шорқақ адам журналистика саласында табан тіреп тұра алмайды. Сонымен, ол дегеніміз, таза шығармашылық талаптарға қоса, журналист жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс істей алуы керек.
2. Журналистік мамандықтарға қарай журналистердің арнайы кәсіби қабілеттері
Арнайы кәсіби қабілеттерге келетін болсақ, олар журналистік мамандық түрлеріне қарай ерекшеленіп отырады. Журналистика саласы бойынша кәсіптердің саралануы айқын: газет қызметкері (журнал тілшісі, ақпараттық агенттіктің редакторы), радиожурналист және тележурналист (электрондық баспа өкілдері).
Журналистика саласы бойынша кәсіптердің саралануы айқын: газет қызметкері (журнал тілшісі, ақпараттық агенттіктің редакторы – яғни әртүрлі баспа органдарының қызметкерлері), радиожурналист және тележурналист (электрондық баспа өкілдері). Егер біз журналистің табиғи қасиеттерін еске түсіретін болсақ, онда сыртқы келбеті журналистиканың алғашқы екі буынының қызметкерлері үшін ешқандай рөл атқармайды, бірақ ол кадрда жұмыс істейтін теледидаршы үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Газетте сөйлеудегі ақауларға жол берілсе, бірақ кәсіби қаруы микрофон болған адамға бұл жағымсыз ерекшелік.
Достарыңызбен бөлісу: |