18-100 модельді арбашасының технологиялық жөндеу процессі және қауіпсіздік ережесі.
1.Вагондар астынан көлденең жол арқылы немесе трансбордер немесе мостылы кран көмегімен шығарылған арбашалар, арбашаларды жөндеуге қабылдау жолына түседі.
Егер бұл жергілікті жағдайға қарай мүмкін болса, арбаша рамасын доғалақтар жұбынан мостылы кранмен алып тастайды және арбашалар жөндеуінің ағымды–конвейерлік желісінің бірінші позициясына жіберіледі, ал қос доғалақтар доңғалақ–роликті цехқа көлденең жол бойымен одан әрі домалатып апарылады.
1 позицияда мостылы кранмен шешілген арбаша рамасын ПКЛ кареткасына рессор үсті арқалығының төменгі бөлігі етіп орнатады және арбашаны бөлшектеу процессі басталады.
Мұнда шкворень шешу жүргізіледі, скользун қалпақтарын бекітіп тұрған бұрандалар бұралып шешіледі немесе кесіледі, төсемнен қалпақтар шешіледі, серіппелер мен фрикционды планкалардың жинақтары бөлшектенеді. Осы жұмыстар аяқталуына қарай арбаша рамасы тасымалдайтын құралмен арбашаларды тазалау мен жуу жүргізілетін жуу машинасына (2 позиция) орналастырылады.
3 позицияда иінтірек берілісін бөлшектеу мен триангельдерді шешу жүргізіледі. Бұл үшін тік иінтіректер білікшелері жойылады, бұл тік иінтіректі, тартымды өздері жоюға мүмкіндік береді, содан соң башмактар мен қалыптар триангельмен бірге жойылады.
4 позицияда арнайы құрылғымен қапталды рамаларын рессор үсті балкарынан ажыратады және дефектоскоп қондырғыға қояды.
Қазіргі күні бұзылмайтын бақылаудың ең тиімді әдістері болып ВД–12НФ және феррозондық дефектоскоппен бақылаудың құйынтоқты әдісі табылады.
Феррозондтық әдіс жөндеудің ағымды–конвейерлік әдісіне сай келеді.
Осы әдістердің көмегімен қапталды рамалары мен рессор үсті арқалықтарындағы жарық түріндегі барлық усталостный ақаулықтар айқындалады. Бұдан басқа осы позицияда сынықтарды, фрикционды планкаларды әлсіздігін айқындау мақсатында қаптал рамалары мен рессор үсті арқалықтарын қарау және арбашалардың тозған өңірлердегі өлшемдерін өлшеу жүргізіледі.
Жарығы бар құрастырма бірліктер талаптарға сәйкес жарамсыз деп танылады, тозығы рұқсат етілетін бөлшектері шешіліп, ерітіп дәнекерленіп, осы беттерге механикалық өңдеу жүргізіледі, сонымен қатар фрикционды планкалар мен башмак ілмелері білікшелеріне арналған кронштейн втулка ауыстырылады. Аталып көрсетілген жұмыстар орындалғаннан кейін қапталды рамалар мен рессор үсті арқалықтары 5 позицияға беріледі.
5 позиция – бұл құрастыру жұмыстарының бастапқы позициясы. Конвейер кареткаларының тіреуішіне шеттеріне қапталды рамалары ілінген рессор үсті арқалығын орнатады. Рессор ойығының төменгі белдігіне серіппелер мен фриционды клиндар қондырады.
6 позицияда – иінтіректі берілісті құрастыруға арналған. Мұнда триангельдерді қондыру жүргізіледі, башмак ұяларына аспалар енгізеді, аспалар мен қапталды рамасы кронштейнінің саңылауларына білікшелер орнатады, тежеуіш қалыптар, кергіш тартыммен байланысатын тік иінтіректер қондырады.
7 позицияда – алтыншы позицияда орнатылған иінтіректі берілістің құрастыру бірліктерін өлі нүкте ұстағыштары мен тік иінтіректері бар сырға білікшелерінің көмегімен жалғау жүргізіледі, тік иінтіректерді өзара бір–бірімен, триангельмен және басқа бөлшектермен, барлық топсалы байланыстарды майлап, жалғайды.
8 позиция – скользундер, шквореньдер қалпақтарын орнатуға, арбаша қаңқасын қабылдаушыға тапсыруға, арбаша қаңқасын доғалақтар жұбына орнатуға арналған.
9 және 10 позицияда – арбашаларды сырлау мен кептіру жүргізіледі.
Депода сырлау операциясы негізінен қолмен жүргізіледі, ал кептіру тікелей цехта жүргізіледі. ВРЗ–да арнайы сырлау–кептіру агрегаттары бар.
2.Арбашаларды жөндеуді дұрыс ұйымдастыру бүкіл жұмыстың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұған механикаландырудың және технологиялық жабдықтың жарамды құралдарын жөндеудің барлық сатысында қолдану есебінен, сонымен қатар қауіпсіздік техникасы талаптарын қатаң түрде сақтау есебінен қол жеткізіледі. Арбаша бөлімшелерінің бригадирлері мен қызметкерлері жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша мерзімді нұсқаудан өтіп отырады және қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария бойынша нұсқаулықты білетіні туралы уақытылы сынақ тапсырып отырады. Арбашаларды вагон астына апарып салу мен шығару бригадирдің немесе мастердің басшылығымен жүргізіледі. Арбашаларды тасу механикаландырылуы тиіс. Арбашаларды апарып салған және шығарған кезде арбашада тұруға және ол жылжытып қойылатын жолда тұруға рұқсат етілмейді, сонымен қатар вагон бөлшектерін жылжытылған арбашаға тікелей жақын қоюға рұқсат етілмейді. Арбашаларды жолдарға орналастырғаннан кейін екі жағынан да доғалақтар жұбын сынамен қаққан жөн. Арбашалардың құйма бөлшектерін бөлшектеу, құрастыру және орын ауыстыру жұмыстары аударғыш–текшелер, жүк көтергіш механизмдер немесе арнайы жабдық көмегімен жұмыс басталмас бұрын қаралуы керек. Сонымен бірге захваттардың, қысқыштар мен арнайы сақтандырғыш құрылғылардың жарамдығына аса зор көңіл бөлінеді. Жүк көтергіш крандар, захваттар мен бекіту құралдарын жарамдылық мерзімі өтіп кетсе кезекті куәландыруға дейін қолдануға рұқсат етілмейді. Фрикционды планкалардың қыздыру электрошақтарда жүргізіледі. Қыздырылған планкалардың лақтыруға болмайды. Планкаларды гидравликалық қапсырма шегелерді қолданып орнатады.
Феррозондтық, құйынтоқты және магнитұнтақты дефектоскоп жұмыс жасаған кезде оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану бойынша тиісті басшылықты қолданған жөн.
Арбаша бөлімшесінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық көрінетін жерде ілініп тұруы тиіс.
№27 тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |