Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар белгілі бір мазмұнға сын тұрғыда қарап мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әр кез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, оқушы ойы дамиды. Ерекшелігі: оқушының қызығуын арттыра отырып, қиялын дамытуға арналған. Мұғалім оқушының білім алуға бағытталған әс-әрекетін бақылай алады, бағыт-бағдар береді. Оқушылар жаңа сабақты, ақпараттарды өз бетімен меңгереді. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. Бұл технология «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. Бұл технология «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалау оқыту технологиясының кең таралған түрлерінің бірі. Жобалық технология оқушылардың іс-әркетін түрлендіріп кеңіте түседі. Жобалауға арналған жұмыс бір тақырыпта балалар ұжымының және зерттеудің әртүрлі бағытын жалпылайтын жұмыс. Оқушылардың ғылыми жобалардың пайдалылығы аздаған болса да зерттеу жұмысын жүргізіп, оның әдіс-тәсілдерінде болады. Жобамен жұмыс істеудің басында мұғалімге қажеттісі • Жобаға қатысты оқу мақсаттарын, оны әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді ойластыру; • Жобаға қатысушылардың санын анықтау; • Жобаның орындалуын бір мұғалім, әлде мұғалімдер тобы жүзеге асыра ма, соны шешу;
Достарыңызбен бөлісу: |