1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар


-тарау. Құрғату және су төкпе



бет10/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#124622
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

9-тарау. Құрғату және су төкпе
704. Су басқан (суға қаныққан) кен орындарын, қабаттарды, учаскелерді қазу кезінде дренаждық ұңғымалар, жерасты тау-кен қазбалары арқылы карьерді (дренажды) алдын ала құрғату бойынша шаралар қолданылады.

705. Кен орындарын құрғату жоба бойынша жүргізіледі.

Жер астындағы құрғатылатын қазбаларды салу және пайдалану пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Дренаждық шахталардың, штольнялардың, бұрғылау ұңғымаларының және өзге де қазбалардың оқпандарының сағалары, олар арқылы тау-кен қазбаларына жер бетіндегі судың өтуінен қорғалады.

Кен орындарын құрғату барысында пайда болатын опырылулар мен сызаттар, жер бетіндегі ықтимал опырылу орындары осы аймақтарға адамдардың, көлік пен малдың кенет өтуінен қоршалады.

706. Жер бетіндегі және топырақ суының табиғи ағысы жоқ әрбір карьер су төкпемен қамтамасыз етіледі.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу аумағына түсетін су оның ең төменгі белгісінде орналасқан су жинағышқа түсіріледі.

Су төкпенің ашық тұрған кезіндегі су жинағыштың сыйымдылығы кемінде үш сағаттық ағысқа, ал дренаждық шахталардың су төкпе қондырғыларының су жинағыштары екі сағаттық ағысқа есептеледі және кемінде екі бөлімшесі болады.

707. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінің аумағында шөгінділер болған жағдайда шөгінді алабының қабаты алапты оған жер бетіндегі және еріген сулардың, қардың лай ағыстың өтуінен қорғайтын тау жақтан орлармен немесе сақтандыру біліктерімен қоршалады. Осы мақсатта жыл сайын ұйымның техникалық басшысы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірлеп бекітеді.

708. Ескі су басқан қазбаларға немесе басқа су айдындарына (өзен, тоған, көл) жақын тау-кен жұмыстары судың өтуінен қорғайтын және қауіпсіз жұмыс жүргізу шектерін белгілейтін кентіректерді қалдыруды көздейтін жоба бойынша жүргізіледі.

709. Ашық тау-кен жұмыстарының әрбір объектілерінде жыл сайын ұйымның техникалық басшысы көктемгі және күзгі уақытта, қар еру және нөсер жаңбыр жауу маусымында жұмысты қауіпсіз жүргізу іс-шараларын әзірлеп бекітеді.

710. Дренаждық шахталардың шағын станцияларын қоректендіру екі тәуелсіз электр беру желілері бойынша жүргізіледі, олардың әрқайсысы шахтаның ең жоғарғы жүктемесін қамтамасыз етуге қабілетті болады.

711. Карьерлер мен дренаждық шахталардағы су төгу қондырғыларын автоматтандыру резервті сорғылардың қатардан шыққандарының орына автоматты қосылуын, сорғыларды қашықтықтан басқаруды мүмкіндігін және басқару пультіне сигналдар беруді жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.

712. Дренаждық шахталарды салу кезінде су жарылған жағдайда адамдардың шығаруды және жабдықты сақтауды қамтамасыз ететін құрылғылар қарастырылады.

713. Жерасты дренаждық қазбаларды жүргізу кезінде жоғары орналасқан су іріккіш деңгейжиектерінің астындағы төзімділігі әр түрлі жыныстарда жыныстардың құрылымы мен қаттылығына байланысты, бірақ барлық жағдайда кемінде 5 м болатын, ұзындығы бекіту паспортында немесе қазуды жүргізуге паспортта қарастырылған алдыңғы ұңғымалар бұрғыланады.

714. Әрбір өткізілген дренаждық қазбаларда құрылыс үшін уақытша сүзгіш бөгеттерде материалдар қоры болады.

715. Карьермен қазылатын ұңғыманың шеген құбырлары кесіліп алынады да, қайта жабылады.

716. Дренаждық шахталардың басты су төгу камераларының едені оқпан жанындағы қазбалардағы тасу жолдары рельстері басының деңгейінен 0,5 м жоғары орналасады. Су төкпе жұмысының үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қондырғыларды әзірлеп, іс-шараларды жүзеге асырған жағдайда терең орнату түріндегі (оқпан жанындағы алаңның деңгейінен төмен) басты су төкпе камерасын орнатуға болады.

717. Басты су төкпе қондырғысына су жинағыш орнатылады. Дренаждық шахталарда су жинағыштың екі бөлімшесі болады. Су төкпе ашық тұрған кездегі су жинағыштың сыйымдылығы кемінде үш сағаттық ағысқа, ал дренаждық шахталардың су төкпе қондырғыларының су жинағыштары екі сағаттық қалыпты ағысқа есептеледі.

718. Басты су төгу қондырғысының жиынтық жұмыс сорғыларын беру 20 сағаттан аспайтын уақыт ішінде ең көбірек күтілетін тәуліктік су ағысын ағызуды қамтамасыз етеді. Қондырғының жұмыс сорғысының 20-25 % жиынтық су беретін резервті сорғылары болады. Басты су төгу сорғыларының қысымы бірдей болады.

719. Басты су төкпе сорғы камерасы оқпанға сорғы станциясының еден деңгейінен кемінде 7 м шығарылатын көлбеу жүрісті шахта оқпанымен, герметикалық жабылатын кемінде бір жүрісті оқпан жанындағы алаңмен қосылады.

720. Ауа температурасы қолайсыз аудандардағы су төгу қондырғылары мен құбырлар қысқы маусым алдында жылытылады және жару жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал зақымданудан жабылады.

721. Карьерден шығарған су оның қайтадан сызаттар, опырылулар немесе қолданыстағы қазбаға су өткізбейтін жыныстар арқылы өту мүмкіндігін және жанасатын аумақтарда батпақтануды болдырмайтын орынға ағызылады.

Кен орындарын құрғату нәтижесінде алынған суды төгу, оларды зиянды қоспалардан тазартқаннан кейін жүргізіледі. Осы суларды төгу орындары жобада белгіленеді.

722. Жер бетінде төселген құбырлардың, оларды судан толығымен босатуды қамтамасыз ететін бұйымдары болады.

723. Дренаждық шахталардың ұңғыма сағасына жақын алау жағуға, сағаны ашық отпен ерітуге, іштен жану қозғалтқышы істеп тұрған автомашиналардың тұруына болмайды.

724. Дренаждық-желдету ұңғымаларының сағаларына 1 м биіктікке кемер табанынан шығарылған, ашық түспен боялып, оларда ұңғыма нөмірлері көрсетілген перфорлы құбырлар орнатылады. Құбыр сағалары дәнекерленген металл тормен жабылады.

10-тарау. Жалпы санитарлық талаптар

1. Персоналды тозаң мен улы газдардың әсерінен қорғау, радиациялық қауіпсіздік
725. Ашық тау-кен жұмыстары объектілері атмосферасының құрамы ауа мен улы қоспалардың (тозаң, газдар) құрамдас бөліктерін ұстау жөніндегі белгіленген нормативтерге сәйкес болады.

726. Улы газдарды бөлу көздері бар барлық ашық тау-кен жұмыстары объектілерінде жұмыс орындарында тоқсан сайын бір реттен кешіктірілмей және әр жұмыс технологиясы өзгергеннен кейін улы газдардың болуына ауаны талдау үшін сынама алынады.

Жаппай жару жұмыстарынан кейін жұмысшылар мен техникалық персоналды карьерге жіберу бақылау тұлғасы жарудан, тозаң қабаты басылғаннан және көзге көріну толық қалпына келтірілгеннен, жару орнын (орындарын) тексергеннен кейін 30 минуттан кешіктірмей тексергеннен және атмосферадағы улы газдардың құрамын санитарлық нормаға дейін төмендеткеннен кейін (жаппай жару тәртібіне сәйкес) жүргізіледі.

727. Ашық тау-кен жұмыстарында ауада улы газдардың болуы немесе ауаның тозаңдануы белгіленген нормадан артық болса, барлық жағдайларда қауіпсіз және таза еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қолданылады.

728. Карьердің нашар желдетілетін және тұнба аймақтарындағы табиғи ауа алмасуды қарқындату үшін ұйымның техникалық басшысы бекіткен іс-шараларға сәйкес желдету қондырғыларының немесе басқа да құралдардың көмегімен жасанды желдету ұйымдастырылады.

729. Тозаңды газ режимі өте ауыр карьерлерде тозаң желдету қызметі ұйымдастырылады. Объектілерге әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің құрамалары қызмет көрсетеді.

730. Газ бен тозаң бөліну орындарында тозаңмен және газбен күресу іс-шаралары қарастырылады. Қолданылатын құралдар улы қоспалар қосылымын азайтуды қамтамасыз етпеген жағдайда экскаваторлардың, бұрғылау станоктарының, автомобилдер мен басқа да жабдықтың кабиналарын оларға таза ауа беріп және артық қысым қалыптастырып герметизациялау жүзеге асырылады. Тозаң қосылымы белгіленген шекті рұқсат қосылымынан артық жұмыс орындарында қызмет көрсетуші персонал тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

731. Жылдың жылы маусымында тау-кен қазындысын экскавациялау кезінде тозаңның түзілуін азайту үшін алынған тау-кен қазындысын суландыру жүргізіледі.

Ауа температурасы ойдағыдай болған кезде автомобиль жолдарындағы тозаңның түзілуін азайту үшін байланыстырушы қоспаларды пайдалана отырып, жолға су себелеу жүргізіледі.

Ашық тау-кен жұмыстары аумағынан тозаңды қарқынды үрлеу кезінде тозаңның түзілуін болдырмайтын шаралар (байланыстырушы еріткіштер, көгалдандыру және басқалары) жүзеге асырылады.

732. Ұнтақтау-сұрыптау қондырғыларында, тау-кен қазындысын конвейерден конвейерге тиеу учаскелерінде тозаң түзілу орындары қабықшалардың және олардың бетіндегі тозаңданған ауаны сорып, оны тазартатын сорғысы бар жабынның көмегімен қоршаған ортадан оқшауланады.

733. Тас кесу машиналарының, бұрғылау станоктарының, перфораторлардың және электрлік бұрғылардың ыңғайлы тозаң аулау немесе тозаң басу құралдарынсыз жұмыс істеулеріне болмайды.

734. Тозаң түзілетін немесе бөлінетін ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу объектілеріндегі барлық өндірістік процестер кезінде алдын ала сақтандыру қызметтері немесе зертханалар атмосфераның тозаңдануын бақылауды ұйымдастырды.

Ауа сынамасын алу орны мен мерзімділігі ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеде анықталады, бірақ тоқсан сайын бір реттен кешіктірілмей және әрбір жұмыс технологиясы өзгерісінен кейін жүргізіледі.

735. Жұмыс аймағында пайдаланған газдан шыққан улы қоспа қосылымдары түзілген, шекті қосылымнан артық болатын іштен жану қозғалтқыштары бар автомобилдер, бульдозерлер, тракторлар мен басқа да машиналар пайдаланылған газдарды каталитті бейтараптағыштармен жабдықталады.

Ұйым пайдаланылған газдардағы улы қоспалардың құрамын бақылайды.

736. Көмір, күкірт және құрамында күкірті бар сильвинит, кариолит және өзге де кендерді өндіретін ұйымдарда кен орындарының ерекшеліктері мен жыныстардағы газдардың молдығына байланысты бөлінген сутегімен, күкіртпен және өзге де газдармен күресу бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жұмыс аймағындағы ауада улы газдардың құрамын бақылау жүргізіледі, қышқыл және сілті сулардың жұмысшыларға әсер ету деңгейін төмендету бойынша техникалық іс-шаралар жүзеге асырылады.

737. Үйіндіде жиналған жанғыш пайдалы қазбалар мен тау-кен қазындысы жанған кезде атмосфераның газдармен ластану жағдайының алдын алу үшін ұйымның техникалық басшысы бекіткен өртке қарсы алдын алу іс-шаралары өткізіледі, ал өрт болған кезде оларды жою бойынша шаралар қолданылады.

Өрт болған жағдайда өртті жоюмен байланысты жұмыстардан басқа, атмосферасы жану өнімдерімен ластанған тау-кен жұмыстары объектісі учаскелеріндегі барлық жұмыстар тоқтатылады.

738. Құрғатылатын сулардан ашық тау-кен жұмыстары объектісі аумағына улы газдарды бөлу кезінде объект кемерінің еңістері арқылы суды азайтатын немесе сүзгіні толығымен қалпына келтіретін іс-шаралар жүзеге асырылады.

739. Өндірістік ағынды суларды ағызу бойынша байқау құдықтары мен сорғы станцияларының ұңғымалары жабылады.

740. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құдыққа адамдарды түсіруді бақылау тұлғасының қатысуымен суды шығарғаннан, желдеткеннен және улы газдар құрамын алдын ала өлшегеннен кейін жүргізуге болады.

Құдықтар мен ұңғымаларда улы газдар анықталған жағдайда немесе оттегі жеткіліксіз болған жағдайда осы құдықтар мен ұңғымалардың ішіндегі барлық жұмыстар шлангілі газқағарлармен орындалады.

741. Жұмыс орындарында қосылымдары рұқсат етілген шамадан астам улы газдар анықталған жағдайда жұмыс тоқтатылып, адамдар қауіпті аймақтан шығарылады.

742. Ашық тау-кен жұмыстарында радиоактивті қауіптілік дәрежесін анықтау үшін радиациялық жағдайды тексеру жүргізіледі.

743. Радиациялық фоны артық пайдалы қазбаларды қазатын ұйымдар жұмыс орындары мен тау-кен жұмысы аймақтарында радиациялық бақылауды жүзеге асырады.

744. Радиациялық бақылау:

1) жұмыс істейтін жұмыс және аралас аймақтардағы радиациялық қауіпті факторлардың деңгейін;

2) радиациялық жағдайдың шекті нормаларға сәйкестігін;

3) радиациялық қауіптіліктің негізгі көздерін анықтауды және бағалауды;

4) радиациялық қауіпті факторлар кешенінің жұмысшыларға әсер ету дәрежесін;

5) сыртқы ортаның радиоактивті заттармен ластану деңгейін және радиациялық факторлардың персоналға және ашық тау-кен жұмыстары орналасқан аумақта тұратын халыққа әсер етуін бағалауды белгілейді.

745. Ұйымның радиациялық бақылау қызметі жұмысшылардың сәулелену мөлшері жылына 2 мЗ артық болған жағдайда анықтап, радиациялық жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді және оларды төмендету бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Егер ұйымда тексеріс нәтижесінде жұмысшылардың сәулелену мөлшерінің жылына 1 мЗ артуы анықталмаған жағдайда тұрақты бақылау міндетті болып табылмайды. Мөлшер шамасы жылына 1 мЗ - 2 мЗ дейін болған кезде жұмысшылардың сәулелену деңгейі ең көбірек жұмыс орындарын таңдаулы радиациялық бақылау жүргізіледі.

Радиациялық фонды тексеру радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қолданыстағы ережелерге сәйкес жұмыс орындарында және басқа да аймақтарда ұйымның техникалық басшысы бекіткен тізбе бойынша бақылау нәтижелерін журналға тіркеп жүргізіледі. Жеке сәулелену мөлшері жұмысшының жеке карточкасына енгізіледі.

746. Персонал мен халықтың сәулелену мөлшерін тіркеу сәулелену мөлшерін бірыңғай мемлекеттік бақылау және есепке алу жүйесіне сәйкес жүргізіледі.

747. Радиациялық қауіпсіздікті өндірістік бақылау тәртібі жобада белгіленеді.

748. Технологиялық тау-кен жабдығы радиоактивті ластанған жағдайда оны зарарсыздандыру жүргізіледі.

749. Тау-кен жыныстары мен радиациялық фоны жоғары қатты пайдалы қазбаларды тасымалдау басқа мақсатта қолданылмайтын көлікпен жүзеге асырылады.

Ашық тау-кен жұмыстары аумағындағы барлық осындай қазынды операциялары тозаң басу құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.

750. Жоғары радиоактивті ластанған кендер сұрыпталатын және жиналатын өндірістік аймақтар барлық периметрі бойынша қоршалады. Оларға кіретін жолдар мен өту жолдары тыйым салу белгілерін (радиациялық қауіптілік белгісі мен «Кіруге (өтуге) болмайды!» деген жазулар) орнату арқылы күзетіледі.

751. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерінің өнеркәсіп алаңдарының маңында өлшемдері жобамен анықталатын санитарлық-қорғау аймағы орнатылады.

Ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлер үшін санитарлық-қорғау аймағындағы жерді мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша пайдалануға болады.

752. Тозаңның ықтимал түзілуін және жуылған еңіс бетінен радиоактивті аэрозолдардың таралуын болдырмас үшін гидроүйіндіні пайдалану кезінде жуу мөлшері бойынша жобалық белгіге дейін қабат қалыңдығы кемінде 0,5 м таза топырақ себеді.

753. Радиоактивті топырақ суының деңгейін бақылау үшін гидроүйіндінің периметрі мен топырақ суы ағысының бағыты бойынша сынама алу (бақылау) ұңғымалары қарастырылады. Ұңғымалардың орны мен саны ұңғымалардың арасындағы қашықтық 300 м аспайтындай есеппен гидрогеологиялық жағдайларға байланысты анықталады. Бұл ретте бір-екі ұңғыма санитарлық-қорғау аймағына тыс болады.

754. Радиоактивті фоны жоғары кен орындарын қазу аяқталғаннан кейін ашық тау-кен жұмыстары нәтижесінде бүлінген жерлер қалпына келтіріледі. Қалпына келтіру жобаға сәйкес жүзеге асырылады.

755. Тау-кен жыныстарының үйінділері мен құрамындағы қалдық уран 0,005 % құрайтын әлсіз радиоактивті қатты қалдықтарды пайдалану тәртібі орнатылған тәртіппен анықталады.

756. Ашық тау-кен жұмыстарындағы атмосфера құрамын бойынша белгіленген нормаларды, радиациялық қауіпсіздікті сақтай отырып, тозаңмен күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау ұйымның техникалық басшысына жүктеледі.

757. Кен атмосферасында радиоактивті қауіптілік жай-күйін тексеру және радиациялық жағдайды бағалау нәтижелері негізінде радиациялық факторлар нормативтік көрсеткіштерден жоғары екендігі анықталған ашық тау-кен жұмыстары радиациялық қауіпті өндіріске жатады. Осы объектілерге уран кенін өндіруге қойылатын талаптар қолданылады.

2. Медициналық көмек
758. Ашық тау-кен жұмыстарында алғашқы медициналық көмек бекеті ұйымдастырылады. Бекетті ұйымдастыру және оның жабдығы жобада анықталады.

Жұмысшылар саны 300 кем ұйымдарда жұмысшыларға медициналық көмекті жақын орналасқан емдеу мекемелерінде жүргізуге болады. Әрбір учаскеде, драгада, цехтарда, шеберханаларда, негізгі тау-кен және көлік агрегаттарында және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда алғашқы көмек көрсету сөмкесі болады.

759. Барлық учаскелерде, драгаларда және цехтарда зардап шеккендерді медициналық бекетке жеткізуге арналған зембілдер болады.

760. Зардап шеккендерді немесе жұмыста кенет ауырғандарды медициналық көмек көрсету бекетінен емдеу мекемесіне жеткізу үшін басқа мақсатта қолданылмайтын санитарлық машиналар болады.

Санитарлық машинада адамдарды қысқы уақытта жеткізу үшін жылы киім және көрпе болады.

Кәсіпорында жұмысшылар саны 1000 жуық адам болған кезде бір санитарлық машина, 1000 астам адам болған кезде екі санитарлық машина қамтамасыз етіледі.

761. Алғашқы көмек көрсету бекеті телефон байланысымен жабдықталады.

3. Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар
762. Ашық тау-кен жұмыстары кезінде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар жабдықталады. Тұрмыстық үй-жайлардың ерлер мен әйелдерге арналған бөлімшелері болады және жобалық қуатты толық игеру уақытына жоспарланған жұмысшылардың санынан есептеледі.

Тұрмыстық үй-жайлардың құрамына мыналар кіреді: жұмыс және сыртқы киімдер үшін киім ілгіштер, жұмыс киімдерін кептіруге және шаңын кетіруге арналған бөлмелер, жуынатын бөлмелер, киіну бөлмелері, киім жуу бөлмелері, арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімді жөндеу шеберханалары, аяқ киімді тазалау мен жууға арналған бөлмелер, ауызсуға арналған қайнату станциясы, фляга бөлмесі, демалатын орын, әйелдердің жеке гигиеналық бөлмелері, медициналық бекет.

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар, асханалар, медициналық бекеттер жел жақтан өндірілген пайдалы қазбалардың ашық қоймаларынан, ұнтақтау-сұрыптау фабрикаларынан, эстакадалардан және өзге де тозаңды учаскелерден кемінде 50 м, бірақ негізгі өндірістік ғимараттардан 500 м алыс емес қашықтықта орналасады. Барлық осы ғимараттар ағаш отырғызылған жолмен қоршалады.

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды жұмысшылар карьерге жолаушылар көлігімен жеткізілетін жағдайда карьер ернеуінен біршама алыс орналастыруға болады.

Шағын карьерде ықшам түрдегі тұрмыстық бөлме орнатуға болады.

763. Киімдерді сақтауға арналған бөлімшелері бар жуынатын және шешінетін орындардың едендері ылғалға төзімді және беті тайғанамайтын болады, қабырғалары мен қалқалары кемінде 2,5 м биіктікте жеңіл тазартуға және ыстық сумен жууға болатын, ылғалға төзімді материалдармен қапталады. Бұл бөлмелерде еден мен қабырғаларды жууға арналған шлангісі бар крандар қарастырылады.

764. Шешінетін орындар мен жуынатын бөлмелерде жұмысшылар ауысым саны көп болған кезде жуынуға және киінуге 45 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай өткізу қабілеті болады.

765. Жуынатын бөлмелер немесе моншалар бір жуынатын торға сағатына 500 л есебінен ыстық және суық сумен қамтамасыз етіледі және реттегіш крандары бар қоспа құрылғылары болады.

Реттегіш крандардың суық және ыстық су көрсеткіштері болады. Бу мен ыстық су беретін құбырлар оқшауланады және еденнен 2 м биіктікте қоршалады.

Жуыну үшін пайдаланылатын судың сапасы тоқсан сайын бақыланады.

766. Барлық әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың осы үй-жайлардағы ауада зиянды қоспаларың құрамын қолданыстағы нормалар шегінде қамтамасыз ететін ағынды-сорғы желдеткіші болады.

767. Ашық тау-кен жұмыстарында жалпы санитарлық ережелерге сәйкес пайдалану үшін ыңғайлы орындарда жабық дәретханалар жабдықталады.

768. Ашық тау-кен жұмыстарында (үйінділерді қоса алғанда) жұмысшыларды қыста жылыту және жаңбырдан жабу үшін жұмыс орнынан 300 м алыс емес орналасқан үй-жайлар орнатылады. Көрсетілген үй-жайларда үстелдер, отыру үшін орындықтар, сабын мен қол жуғыш, ішетін атқылама су (су өткізгіш болған жағдайда) немесе қайнаған ауыз суы бар бак, сыртқы киім ілуге арналған ілгіш болады.

Жылыту үшін бөлмедегі ауа температурасы кемінде 20°С.

769. Экскаваторлардың, бұрғылау станоктарының және өзге де тетіктердің кабиналары жылытылады және сыртқы температура төмен болған кезде қауіпсіз жылу беру аспаптарымен және температура жоғары болған кезде ауа баптағыштармен жабдықталады.

770. Әкімшілік арнайы киімді жууды, аяқ киім мен арнайы киімді жөндеуді ұйымдастырады.



4. Сумен жабдықтау
771. Ұйым барлық жұмысшыларды қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.

772. Технологиялық үдерістер мен санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуде бактериологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің ауыз су сапасының талаптарына сәйкес су пайдаланылады.

Тозаңмен күресу және басқа да технологиялық мақсаттар үшін ауыз су сапасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда зиянды және күрделі қоспаларды қамтымайтын басқа көздердің суын оны алдын ала тазартқан жағдайда пайдалануға болады.

773. Жер бетіндегі су көздерінің су беру құрылыстары, ұңғымалар мен су жинау құрылғылары ластанудан қоршалады. Ауыз сумен жабдықтауға арналған көздер үшін санитарлық күзет аймағы орнатылады.

774. Ауыз су дайындау бойынша жергілікті қондырғыларға қызмет көрсететін персонал медициналық тексеруден өтеді.

775. Ауыз су ыдыстар тез тазартылатын және зарарсыздандырылған материалдардан дайындалады.

Ауыз суға арналған ыдыстар атқылама түріндегі крандармен жабдықталады, ластанудан құлыпқа жабылған қақпақтармен қорғалады және аптасына бір реттен кешіктірілмей ыстық сумен тазартылады немесе зарарсыздандырылады.

11-тарау. Ашық тау-кен жұмыстарын консервациялау және тарату
776. Ашық тәсілмен қазылатын пайдалы қазбалардың кен орындарын консервациялау және тарату жоба бойынша жүргізіледі.

777. Объектілерді консервациялау өндіру немесе дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін өндіруді қалпына келтірген жағдайда немесе басқа мақсатта пайдалану үшін жарамды аршылатын және дайындалатын тау-кен қазбаларын, техникалық бұрғылау ұңғымаларын, жер бетіндегі құрылыстарды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету шараларын сақтай отырып жүзеге асырылады.

778. Объектілерді тарату мынадай:

1) жер астындағы және жер бетіндегі сулардың, топырақтың, ағаштардың және басқа да объектілердің гидрогеологиялық режимінің бұзылуын;

2) қауіпті геомеханикалық үдерістердің (шөгінділердің, опырылулардың) белсенділігін;

3) геодезиялық және маркшейдерлік тірек желісінің бузылуы;

4) ауыз су мақсатындағы жерасты сулар қорының ластануын және таусылуын болдырмайтын шараларды қолдана отырып жүзеге асырылады.

779. Объектілерді консервациялау немесе тарату қазбаға адамдар мен малдардың құлауын болдырмау жөніндегі қабылданып, жоғарғы кемердің опырылуы мүмкін призмасынан немесе адамдар мен малдардың жазатайым оқиғаларын болдырмайтын кемер ернеуінен 5 м қашықтықта кемінде 2,5 м биіктіктегі қоршаумен немесе қорғанмен қамтамасыз етіледі. Ернеулердің тұрақтылығын бағалау қазбаларды ықтимал су басуды ескере отырып жүргізіледі. Тасындыларда кемерлердің ернеулері салынады.

780. Қолданыстағы жерасты тау-кен қазбасындағы пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазумен байланысты объектілерді консервациялау және тарату судың жаруын, жыныстардың опырылуын болдырмауды ескере отырып жүргізіледі.

781. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазумен байланысты объектілерді тарату бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізумен аяқталады.



Қабылданған қысқартулар
АҚҚ – автоматты қайта қосу;

ЖЖ – жоғары вольтты желілер;

БТС – басты телефон станциясы;

ЖЖТШС – жиынтық жылжымалы трансформаторлық шағын станция;

ЖТШС - жиынтық трансформаторлық шағын станция;

КББ – карьерлік бөлу бекеті;

ЭБЖ – электр беру желілері;

АТЖ – ашық тау-кен жұмыстары;

ҚТЕ – Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесі;

ТПЕ – Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережесі;

ЭҚОЕ – Электр қондырғыларын орнату ережесі;

АҚБ – ауыстырып қосу бекеті;

ЖТШС – жылжымалы трансформаторлық шағын станция;

ЖШС – жылжымалы шағын станциялар;

ШС – шағын станциялар;

ЖББ – жылжымалы бөлу бекеті;

ББ – бөлу бекеті;

РҚжәнеА – реле қорғағыш және автоматика;

РҚ – радио құрылғысы;

ОБЖ – орталықтандырылған бұғаттау жүйесі;

ЭҚК – электр қозғалысы күштері;

ТӨА – техникалық-өкімші акт;

НТҚ – нормативтік-техникалық құжат;

АЖЖ – аварияны жою жоспары;

ЖМ – жарылғыш материалдар;

ЖҰТ – жұмысты ұйымдастыру тәртібі.

______________________

Пайдалы қазбалардың кен

орындарын ашық тәсілмен қазу

кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

1-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет