1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар



жүктеу 2.59 Mb.
бет5/13
Дата09.06.2016
өлшемі2.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3. Үздіксіз технологиялық көлік пен

циклді-ағымдық технология объектілері
350. Ұйым әкімшілігі конвейерлер мен үздіксіз технологиялық көліктің басқа да түрлерінің жай-күйі мен қауіпсіз пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар тобын анықтайды.

351. Конвейер галереялары мен жанбайтын материалдарды салқын күйінде тасымалдауға арналған жер бетінде орналасқан эстакадаларда отқа төзімді емес таспасы бар таспалы конвейерлерді орнатуға болады.

Таспалардың жануын болдырмас үшін конвейерлердің жетек станциялары жылу құлыптарымен жабдықталады.

352. Үздіксіз технологиялық көлік қондырғыларының:

1) авариялық тоқтауына әкелетін жабдықты тоқтататын бұғаттағыш құрылғылары;

2) конвейерді оның ұзындығы бойымен кез келген жерінде авариялық тоқтату құрылғысы;

3) жабдықты іске қосудың басталуы туралы дабылы;

4) конвейерді қорғағыш іске қосылғаннан кейін қашықтықтан іске қосу мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттағыш құрылғысы;

5) жетек қосылып тұрған кезде таспа тоқтаған жағдайда (бір орында тұрып қалған жағдайда) конвейерді ажырататын құрылғысы;

6) таспаның бүйірінен жылжуын болдырмайтын құрылғылары мен таспалар барабан мен тірек шығырының шегінен тыс шыққан кезде конвейер жетегін ажырататын таспаның бүйірінен шығуынан датчиктері;

7) жабдықтың орталықтандырылған басқару пультінен қосылуын болдырмайтын жергілікті бұғаттағышы;

8) қозғалтқыш ажыратылған кезде қосылатын және конвейерлер бұрышы 6° артық орналасқан кезде кері бағытта таспаның тиелген бөлігінің алмасуын болдырмайтын автоматты іске қосылатын тежегіш құрылғысы;

9) таспаны керу құрылғысы;

10) конвейер жүгі көлбеуінің бұрышы 10° артық болған кезде жүк бөлігі үзілген жағдайда оны ұстап қалатын құрылғысы;

11) таспа мен барабанды жабысқақ материалдардан механикалық тазарту құрылғысы;

12) жүк түсіру шүмектері мен науалар бітеліп қалған кезде жетекті ажырату құрылғысы болады.

353. Жылжымалы (кішкене қайық тәрізді) конвейерлердегі жүк түсіру арбалары үшін соңынан ажыратқыштар, ал рельс жолдарында тіректер орнатылады.

Қоректі автоматты түсіретін арбалар мен жылжымалы (кішкене қайық тәрізді) конвейерлердің электр қозғалтқыштарына қосу аспалы шлангтік кабельдерден жасалады. Автоматты түсіретін арбалар мен жылжымалы (кішкене қайық тәрізді) конвейерлердің электр қозғалтқыштарын еденнен немесе қызмет көрсету алаңынан кемінде 3,5 м биіктікте орналасқан байланыс жетегімен қоректендіруге болады. Троллей сымы аспасының биіктігі кішкентай болған кезде (3,5 2,2 дейін) қоршау орнатылады.

Жүк түсіру арбалары олардың өздігінен қозғалуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.

354. Жүкті өзі түсіретін арбалар мен өздігінен қозғалатын конвейерлердің дөңгелектері қоршалады. Қоршау мен рельстің бастиегі арасындағы саңылау 10 мм аспайды.

355. Таспа конвейерлері астынан төселген материалдарды жинау механикаландырылады (гидравликалық жинау және басқасы). Материалды басындағы, соңғы және ауытқу барабанынан конвейер тоқтаған, жетектің электр сызбасы бөлшектенген, ал іске қосу құрылғыларында «Іске қоспаңыз! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттар болған кезде қолмен жинауға болады.

Таспа конвейерлерінің жетек, керме, ауытқу және соңғы станцияларының конвейерлер жұмыс істеп тұрған кезде барабандардың айналасына төселген материалдарды қолмен жинау мүмкіндігін болдырмайтын қоршауы болады. Қоршаулар конвейердің жетек қозғалтқышымен қоршаулар түсіріліп тұрған кезде оның жұмыс істеу немесе іске қосылу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп бұғатталады.

Конвейер таспасының жұмыс және бос тармақтары шығырларының негізгі өту жолы жағынан конвейер жетегімен бұғатталмайтын қоршаулары болады. Негізгі емес (монтаждалатын) өту жолы жағынан жұмыс және бос тармағының шығырларын осы аймаққа кіру жолдарын конвейер жұмыс істеп тұрған кезде осы аймаққа кіруге жол бермейтін конвейер қозғалтқышымен бұғатталған кішкене қақпалармен жабдықталған жағдайда қоршамауға болады.

356. Конвейерлерде таспаны тазалауға арналған құрылғы орнатылады.

Үйінді салынған конвейерлерде жұмыс істеуге болмайды.

357. Конвейер жұмыс істеп тұрған кезде таспаның қозғалысын қолмен бағыттауға, ернеу тығыздағышын түзетуге болмайды.

358. Конвейер таспасының тіркемесін барабандар мен таспаны тазалағаннан және таспаны керме құрылғыларымен тиісті түрде керіп тартқаннан кейін қалпына келтіріледі. Қозғалатын және айналатын бөліктері (таспа, барабан, шығыр) тасымалданатын материалдармен төселген конвейерлерді іске қосуға және пайдалануға болмайды.

359. Конвейерлердің жетек, керме және ауытқу барабандарының, жетек станцияларының шүлдігі жетектерге қызмет көрсету үшін еден деңгейінен 1,5 м астам биіктікте орналасқан жағдайда сатылармен және төсем деңгейінен кемінде 0,15 м мен конвейермен тасымалданатын материалға дейінгі алаңның едәуір шығыңқы бөлігінен кемінде 0,3 м тұтас қаптамасы бар биіктігі кемінде 1,0 м қанаттармен жабдықталған қызмет көрсету алаңдары орнатылады.

Алаңның еденінен бастап құрылыс құрылымдарының (коммуникация жүйелерінің) төменгі едәуір шығыңқы бөлігіне дейінгі қашықтық кемінде 1,8 м болады.

Алаңдардың торлы немесе тұтас, сырғанамайтын төсемі болады.

360. Еден деңгейінен бастап құрылымның түбіне дейінгі галереялар мен эстакадалардың биіктігі кемінде 2 м болады. Галереялар мен эстакадалардың ені төмендегідей өту жолын қамтамасыз ету шарттарына сәйкес болады:

1) конвейердің бір жағынан адамдардың өтуі үшін кемінде 800 мм, келесі жағынан – таспаның ені 1400 мм дейін болған кезде кемінде 700 мм және конвейердің екі жағынан - таспаның ені 1400 мм астам болған кезде кемінде 800 мм;

2) екі және одан да көп параллель конвейерлер арасында – кемінде 1000 мм, ал галерея мен конвейер станинасы арасында – таспа ені 1400 мм дейін болған кезде кемінде 700 мм және таспаның ені 1400 мм артық болған кезде кемінде 800 мм.

361. Галереялар мен эстакадаларда рельс бойымен жүретін жылжымалы таспа конвейерлерін орнату кезінде дайындаушы зауыттың талаптары сақталады:

1) конвейерлер (шығыңқы габариттер) мен ғимарат қабырғасы немесе басқа жабдық арасындағы өту жолдары кемінде 1 м;

2) конвейерлерді орнату орындарының (олардың әсер ету аймағының) барлық периметрі бойымен биіктігі еден деңгейінен кемінде 1 м қоршаулары болады;

3) қоршалған учаскеге өту жолдары таспа жетегімен бұғатталған кішкене қақпалармен және әр кезде кішкене қақпалар ашылғанда жетектердің сөнуін қамтамасыз ететін конвейерлерді жүргізу тетіктерімен жабдықталады;

4) конвейер трассасының бойымен қоршаулар алдынан авариялық арқандар немесе әрбір 30 м сайын «Тоқта!» деген түймелер орнатылады.

362. Пластиналық конвейерлер мен қоректендіргіштерді орнату оларға екі жағынан қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырады. Конвейерлер арасындағы еркін өту жолының ені кемінде 1,2 м, ал ғимарат қабырғасы мен конвейерлер арасындағы ені кемінде 1 м қабылданады.

363. Жерасты камераларындағы, тиеу бекеттері мен ашық тау-кен жұмыстары объектісі ғимараттарындағы аралас жабдық габариттері арасындағы және қабырғадан бастап жабдыққа дейінгі ең кішкентай қашықтық машиналар мен тораптарды тасымалдауды қамтамасыз ету есебінен, оларды жөндеу және ауыстыру кезінде анықталады, бірақ төмендегі мәннен кем болмауы тиіс:

1,5 м – негізгі өту жолдарында;

1 м – машиналар арасындағы жұмыс алаңдарында;

0,7 м – қабырға мен машина арасындағы жұмыс істеу кезінде жүретін өту жолдарында.

364. Конвейер желілері ашық күйінде орналасқан кезде конвейер желілерінің негізгі тораптары мен аралас жабдыққа өтетін жол қамтамасыз етіледі.

365. Көлбеу күйінде орнатылған пластиналық және қырғыш конвейерлер төсем үзілген жағдайда оның жылжуын болдырмайтын көлік буындарының ұстағыштарымен жабдықталады.

366. Шнектер мен қырғыш конвейерлерді орнату кезінде ені кемінде 0,8 м еркін өту жолы бар бір жақты қызмет көрсетуге болады.

Шнектер мен қырғыш конвейерлер қабатының қақпақтары (арнайы қарау терезелері мен люктардан басқа) шнектер мен қырғыш конвейерлер жұмыс істеп тұрған кезде олардың айналып тұрған және қозғалып тұрған бөліктеріне қол жеткізбейтін бұғаттағышпен жабдықталады.

367. Таспа конвейерінде барабанмен аударатын арбаны немесе жылжымалы қоректі орнату кезінде осы Талаптың 351 тармағына сәйкес конвейердің екі жағынан өту жолдары қарастырылады.

368. Жерасты-жер үсті конвейерлік галереяларының бетіне шыққа кезде, оларда сыртынан кіретін жолдар қарастырылады және конвейер арқылы өту жолдары қарастырылады.

369. Галереялар мен эстакадалардан шығу жолдары мен конвейер үстіндегі өтетін көпіршелер 100 м сайын орналастырылады.

370. Көлбеуі 7° астам конвейер галереяларындағы өту жолдарында баспалдақтар немесе ағаш басқыштар мен тұтқа орналасады.

371. Жынысты қолмен іріктеген кезде конвейер таспасының қозғалыс жылдамдығы 0,5 м/с аспайды. Жыныстарды іріктеу орындарындағы таспа қоршалады.

372. Конвейерлер өту жолдары мен жабдықтың үстінен орналасқан кезде төменгі тармағын төселетін материалдың түсуін болдырмайтын тұтас қаптамамен қоршалады.

373. Құрғақ және тозаңданатын материалдарды, жоғары температуралы және бу шығаратын материалдарды таспа конвейерімен тасымалдау кезінде тиеу және түсіру орындарын жабу, осындай бөліністермен күресетін іс-шаралар: аспирация құрылғысы, суландырғыштар мен ШРҚ шегіндегі ауада зиянды қоспалардың құрамын қамтамасыз ететін басқалары қарастырылады.

Құрғақ ұнтақ тәріздес тозаңдайтын материалдарды тасымалдау кезінде оларды орналастыру аймағы герметизацияланады.

Конвейер галереяларында олардың ғимараттарға жанасу орындарында өздігінен жабылатын есіктері бар қалқалар орнатылады.

374. Құрғақ және тозаңдайтын материалдарды тасымалдайтын элеваторлар, қырғыш конвейерлер мен шнектер тұтас ұзындығы бойымен тығыз жабынмен жабылады. Жабындардағы тетіктердің жұмыс органдарын мерзімді бақылау үшін есіктері тығыз жабылатын байқайтын терезелер (люктер) орнатылады.

375. Бірнеше кезекті материалдарды тасымалдайтын конвейерлер технологиялық секцияның (шынжырдың) басқа жабдығымен бір мезгілде жұмыс істеген кезде кейбір аппараттар мен машиналардың электр жетектері бұғатталады. Бұл ретте:

1) агрегаттардың шынжыры мен технологиясының кестесіне сәйкес ретімен іске қосу және тоқтату;

2) конвейерлер мен қондырғылардың кестесі бойынша жүретін қандай да бір жабдық пен конвейер кенет тоқтаған жағдайда автоматты ажырату;

3) конвейердің қашықтықтан немесе машинаның басқару пультінен қосылуын болдырмайтын жергілікті бұғаттағыш орнату қарастырылады.

376. Барлық элеваторлар дөңгелек шынжырдың кері жүруін болдырмайтын тежегіш құрылғыларымен және ол жарылған кезде аулағыштармен жабдықталады.

377. Конвейерлерде, материалдың жұмыс орнынан домалауы мүмкін орындарда (ернеуді) сақтандыру тығыздағыштары орнатылады.

378. Өздігінен жүк түсіретін арбалар мен өздігінен жүретін конвейерлердің дөңгелектері қоршалады. Қоршау мен рельстің бастиегі арасындағы саңылау 10 мм аспайды.

379. Конвейерлер мен арқан жолдардың керме құрылғыларының жүктері, керме барабандар қоршалады және таспа немесе арқан үзілген жағдайда жүктің немесе барабанның адамдарға немесе жабдыққа құлау мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналасады.

Жүк орындары кемінде 2 м биіктікте қоршалады, ал жүктердің құдықтары төсемдермен жабылады.

Жүк керу станциялары жүк үзілген жағдай үшін конвейер жетегімен бұғатталады.

380. Конвейерлер ұзақ мерзімге тоқтаған кезде (әсіресе қыста) таспалар толығымен тасымалданатын материалдардан босатылады және олардың кермесі бос қойылады. Конвейерді іске қосу кезінде таспаға 2-3 минут материал тиелмейді.

381. Адамдардың бункерге тиеу және түсіру конвейерлері мен қоректендіргіштер тоқтағаннан кейін сатымен түсуіне болады. Бункерге түсу және оның ішінде жұмыс істеу тиеу және түсіру конвейерлері мен қоректендіргіштерінің электр жетектерінің кестесін бөлшектегеннен кейін бақылау тұлғасының бақылауымен рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

Тиеу конвейерлерінің ажыратылған іске қосу аппаратурасының тұтқаларында «Қоспаңыз! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді.

Бункерге түсетін адамдар нұсқаулықтан өтеді және бункердің жоғарғы бөлігіне бекітілген сақтандыру белбеулерімен және арқандармен жарақталады.

Бункерлерде материалдардың тығылып тұрып қалуын болдырмас үшін соңғысы арнайы құрылғылармен жабдықталады.

Бункерге жарық беру үшін жарылыс қаупі жоқ шамдар пайдаланылады.

382. Бункерлер толтыру деңгейін бақылаудың автоматты жүйесімен жарақталады.

383. Бункерлердің ойықтары жұмыс істемейтін жағынан 0,15 м биіктіктегі жолақ табанымен тұтас қаптамасы бар биіктігі кемінде 1 м қанаттармен қоршалады.

Теміржол көлігі мен автосамосвалдарға арналған жүк түсіру алаңдары адамдардың өтуі мүмкін орындарда кемінде 1 м биіктікте қанаттармен қоршалады.

384. Қабылдау және жүк түсіру құрылғылары мен бункерлерінің жұмыс алаңдары міндетті түрде қызмет көрсетуші тұлғаға теміржол құрамының келуі туралы хабарлауға арналған дыбыс дабылымен жабдықталады. Сигнал көлік құралының келуіне 1,5-2 минут қалғанда беріледі.

Қабылдау бункерлерінде жүк түсіру үшін бункер алаңына теміржол құрамының немесе автомобилінің өтуіне рұқсат беретін немесе тыйым салатын бағдаршам орнатылады.

385. Адамдар мен қызмет көрсетуші персоналдың конвейер арқылы өтуіне арналған көпіршелер бір-бірінен мынадай қашықтықта орналасады:

50 м аспайтын – ғимараттар мен жерасты камераларында;

100 м аспайтын – қалған жағдайларда.

Көпіршелер:

1) төсемнен бастап біршама шығыңқы құрылыс құрылымдарының табанына (коммуникация жүйелеріне) дейінгі қашықтық тігінен кемінде 1,8 м етіп орнатылады. Біршама шығыңқы құрылыс құрылымдарының табанынан бастап конвейермен тасымалданатын материалға дейінгі қашықтық – кемінде 0,3 м;

2) биіктігі кемінде 1,0 м тұтқалармен қоршалады және биіктігі төсем деңгейінен кемінде 0,15 м тұтас қаптамасы болады. Төсем тұтас және сырғанамайтын немесе торлы, ені кемінде 0,8 м болады.

386. Жерасты жағдайларында орналасқан немесе жерасты тау-кен жұмыстары объектілерімен (оқпандармен, туннельдермен және басқаларымен) жанасатын үздіксіз көлік объектілерін орнату және пайдалану Жұмыстарды жерасты тәсілімен жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

8-тарау. Ашық тау-кен жұмыстарындағы электр жабдығы мен электр желілерін пайдалану

1. Электр шаруашылығын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырудың жалпы талаптары
387. Ашық тау-кен жұмыстарындағы электр жабдығы мен электр желілерін пайдалану Электр қондырғыларын орнату ережесінің (бұдан әрі - ЭҚОЕ), Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережесінің (бұдан әрі - ТПЕ) мен Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесінің (бұдан әрі - ҚТП) және осы Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Карьердің электр жабдығы мен электр желілерін қауіпсіз пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету бұйрықпен карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғаға жүктеледі.

388. Карьердің жаңа объектілерінің электрмен қамтамасыз етудің және үйіндінің сызбасын жобалау кезінде мыналар:

1) карьер ішіндегі тұтынушылардың электрмен қамтамасыз етудің жобаланатын сызбасының беріктілігі;

2) карьер мен үйіндінің барлық аумағындағы карьердің бөлу желілерінің жай-күйін көзбен бақылау қажеттілігі;

3) карьерлік бөлу желілерін салу және жөндеу бойынша жұмыстарды механикаландыру мүмкіндігі;

4) карьерлік бөлу желілері жабдығының бір түрлілігі;

5) тау-кен жұмыстарын оларды электр желілері аймағында салу және пайдалануды ескере отырып жүргізу қажеттілігі ескеріледі.

389. Карьерлерді электрмен қамтамасыз ету үшін электр беру желілерін жобалау кезінде терең іске қосқыштар қолданылады. Терең іске қосқыштың шағын станциясына, әдетте, карьерлердің жүктемелері қосылады.

Тұтынушылардың – дренаж шахталарының, теміржол көлігін электрлік орталықтандыру бекеттерінің, ірі көлемді жүк автокөлігін басқару бекеттері мен карьердің диспетчерлік бекеттерінің Электр қондырғыларын орнату ережесінің талаптарына сәйкес 2 іске қосқышы мен резервті автоматты қосқышы болады.

Кернеуі 1000 В астам электр беретін бір әуе желісіне:

1) 5 аспайтын жиынтық жылжымалы трансформаторлық шағын станцияларды (бұдан әрі - ЖЖТШС) және өнімділігі 300 м3/сағ бір су құю қондырғысын қоса алғанда;

2) шөміш сыйымдылығы 5 м3 дейінгі төртеуден аспайтын бір шөмішті экскаваторларды қоса алғанда, екі жиынтық трансформаторлық шағын станциялар (бұдан әрі - ЖТШС) мен өнімділігі 300 м3/сағ дейінгі бір су құю қондырғысын қоса алғанда;

3) шөміш сыйымдылығы 13 м3 дейінгі екеуден аспайтын бір шөмішті экскаваторларды, екі ЖТШС және өнімділігі 300 м3/сағ дейінгі бір су құю қондырғысын қоса алғанда;

4) шөміш сыйымдылығы 13 м3 астам біреуден аспайтын бір шөмішті экскаваторларды, екі ЖТШС және өнімділігі 300 м3/сағ дейінгі бір су құю қондырғысын қоса алғанда;

5) теориялық өнімділігі 1300 м3 дейінгі екеуден аспайтын көп шөмішті экскаваторларды, екі ЖТШС және өнімділігі 300 м3/сағ дейінгі бір су құю қондырғысын қоса алғанда;

6) теориялық өнімділігі 1300 м3 астам біреуден аспайтын көп шөмішті экскаваторларды, екі ЖТШС және өнімділігі 300 м3/сағ дейінгі бір су құю қондырғысын қоса алғанда қосуға болады.

390. Электр қондырғыларында жұмыс рұқсат наряды, өкім бойынша немесе ағымдық пайдалану тәртібімен жүргізіледі.

391. Жұмысты наряд немесе өкім бойынша жүргізу кезінде өткізу рөлін: экскаваторда – экскаватор машинисі немесе тағайындалған тұлға; ауыстырып қосқыш бекетінде (бұдан әрі - АҚБ), бөлгіш құрылғыда, жылжымалы ЖТШС – жедел және жедел-жөндеу персоналы тұлғасы немесе біліктілік тобы IV төмен емес осыған уәкілетті тұлға орындайды. Жедел ауыстырып қосуды жүргізуге жіберілген тұлғалардың тізімдерін электр шаруашылығына жауапты тұлға бекітеді.

392. Рұқсат наряды бойынша мынадай жұмыстар:

1) кернеуі 1000 В астам, тірекке, АҚБ, ЖТШС олардың орнатылған бетінен 3 м жоғары көтерумен байланысты қолданыстағы жоғары вольтты желілерде;

2) кернеуі 1000 В астам электр қондырғыларында орындалатын жөндеу жұмыстары;

3) сауыт қапталған кабельдерден жасалған қолданыстағы кабель желілерінде (жөндеу, қайта төсеу);

4) иілгіш жоғары вольтты кабельдерден жасалған желілерді оларды төсеу орындарында жөндеу жүргізіледі.

393. Кернеуі 1000 В астам электр қондырғыларында электр техникалық персоналдың өкімі бойынша жедел журналда жазып, жерге қосу арқылы кернеуді ал атын жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстарға мыналар жатады:

1) жеке тұрған немесе (майды ауыстыру және құю, майды ажыратқыш жетегін жөндеу, ажыратқаннан кейін дөңгелектердегі актілердің ілмектерін тарту және тазалау) электр беру желілерін ажыратумен байланысты емес тау-кен көлік машиналарында орнатылған АҚБ ұсақ жөндеу;

2) АҚБ кабельдерді іске қосу және ажырату, ЖТШС жұмыстар (сақтандырғыштарды жоғары және төмен кернеу жағына ауыстыру, ажыратқыштан кейін дөңгелек салу орнындағы және трансформатор оқшаулағышындағы түйістіргіштерді керу және тазалау, шығып қалған кабельді қосу және ажырату).

Бұл тізбені ұйымның электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға кеңейтуі мүмкін.

Көрсетілген жұмыстарды кемінде адам жүргізеді, біреуінің біліктілік тобы IV төмен емес, ал екіншісі ІІІ төмен емес. Рұқсат беру кезінде осы жұмыстар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін барлық қажетті техникалық іс-шаралар орындалады.

394. Жылжымалы жерге қосқыштарды төсеу арқылы орындалатын кернеуді алу жұмыстары. Мұндай жұмыстарға экскаваторлардағы жұмыстар жатады:

1) қоректендіргіш кабелдер мен кабель бөгеттерін ауыстыру және бітеу, қосу және ажырату;

2) қосу қораптары мен шығыршық ток қабылдағыштардағы оқшаулағыштарды ауыстыру;

3) ток қабылдағыштардың ақауларын жою;

4) майды ажыратқыштарды ауыстыру, құю және ағып кетуін болдырмау;

5) сөндіргіштер мен ажыратқыштарды жөндеу;

6) сақтандырғыштарды, ток трансформаторлары мен кернеуді ауыстыру.

Бұл жұмыстарды кабельді АҚБ ажыратқаннан кейін кемінде екі жұмысшы жүргізеді, олардың біреуінің IV төмен емес, ал екіншісінің ІІІ төмен емес біліктілік тобы болады.

395. Жерге қосқыштарды қажет етпейтін, жақын маңайда және ток өткізу бөліктерінде кернеуді алмай істейтін жұмыстар. Мұндай тұрақты және жартылай тұрақты, жеке тұрған және тау-кен көлік машиналарында орнатылған электр қондырғыларындағы, бөлгіш құрылғылардағы жұмыстарға мыналар жатады:

1) жабдықтың қаптамасын тексеру;

2) қаптама арматурасын, қысыммен жұмыс істемейтін ажыратқыштардың бактарындағы май көрсету шыныларын, ұлғайтқыш трансформаторларды және басқаларын тазарту және ұсақ жөндеу;

3) майды кептіру және тазалау үшін қаптама арматурасын қосу;

4) ток өлшегіш тістеуіктермен өлшеу;

5) түйістіргіштерді штангамен қыздыруды тексеру;

6) штангамен дөңгелектердің дірілін анықтау;

7) сақтандырғыштарды фазалау, ауыстыру, оқшаулағыштар мен қосқыш қысқыштарды штангамен бақылаудың бірыңғай операциясы;

8) кернеуі 1000 В әуе желілерінде жабдықталған жоғары жиілікті арналарды қосу сүзгілерін тексеру кезінде өлшеу, май құю және сынамасын алу және басқалары.

Бұл жұмыстарды кемінде екі жұмысшы жүргізеді, олардың біреуінің IV төмен емес біліктілік тобы болады. Көрсетілген жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті іс-шаралар орындалады.

396. Трассаны шойтастан тазалау, плакаттар, нөмірлер ілу және тіректердің шіруіне тексеріс жүргізу, мұқият тексеріп салыстыру, тіректерді орнату және тиеу, желілерді тірекке көтермей тексеру бойынша электр беру желілеріндегі жұмыстарды біліктілік тобы ІІІ төмен емес бір адамның жүргізуіне болады.

397. Ток өткізу бөліктерінің жанында кернеуді алмай-ақ кернеуі 1000 В электр қондырғыларында ағымдық пайдалану түрінде мынадай жұмыстар орындалады:

1) АҚБ - қоршаудан өтпей-ақ құрылымдар мен жабдықты сыртынан байқау, жерге қосатын желілерді қарау, есіктер мен құлыптардың механикалық бұғаттау құрылғыларын тексеру және техникалық қызмет көрсету көлеміндегі басқа да жұмыстар;

2) ЖТШС - қоршаудан өтпей-ақ құрылымдар мен жабдықты сыртынан байқау, жерге қосатын желілерді қарау, құлыптардың механикалық бұғаттау құрылғыларының ақаусыздығын тексеру және ауысым сайын тексеру көлеміндегі басқа да жұмыстар;

3) экскаваторларда (кешендерде) және басқа да электрлендірілген қондырғыларда – радио құрылғыларын (бұдан әрі - РҚ) қоса алғанда, қоректендіргіш кабелді, электр машиналарын, түзгіш агрегаттар мен күш беретін трансформаторды сыртынан байқау, трансформатордағы майдың деңгейін тексеру (май көрсеткіштері бойынша көзбен қарап), панелдерді, блоктарды және басқару станцияларын тексеру;

4) тұрақты және жартылай тұрақты РҚ – аумақтар мен бөлмелерді жинау, жарықтандыру аппаратураларын жөндеу және ұяшық камераларынан тыс орналасқан шамдарды ауыстыру, телефон байланысының аппаратурасын жөндеу және тағы басқалары.

Көрсетілген жұмысты кемінде екі адам жүргізеді, олардың біреуінің IV төмен емес, қалғандарында ІІІ төмен емес біліктілік тобы болады.

398. Кернеуі 1000 В электр қондырғыларында жедел, жедел-жөндеу және жөндеу персоналына рұқсат наряды бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде болады:

1) ЖШ, жарықтандыру желілерінде және діңгектерде және тірекке (діңгекке) қарай көтеріп;

2) РҚ, қалқандарда, жинақтарда;

3) кабель желілерінде.

399. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында персоналдың өкімі бойынша мынадай жұмыстарды жүргізуіне болады:

кернеу алынған кезде:

1) магниттік қосқыштарды, іске қосу түймелерін, автоматты сөндіргіштерді, ажыратқыштарды, реостаттарды, түйістіргіштерді және ұқсас іске қосатын коммутациялық аппаратура қалқандар мен жинақтардан тыс орналасқан кезде оны жөндеу;

Жекелеген электр қабылдағыштарды (электр қозғалтқыштарын, тежегіш орамдарын және сол сияқтыларды), бөлек орналасқан магнит станциялары мен басқару блоктарын жөндеу, балқыма ендірмелерді ауыстыру, магнит станцияларын сығылған ауамен үрлеу, шамдар лампаларды ауыстырып, жарықтандыру сымдарын жөндеу.

Бұл ретте жылжымалы жерге қосқыштарды орнату міндетті.

Бұл тізбені ұйымның электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға кеңейтуі мүмкін;

2) кернеуді алмай:

реленің жұмысын тексеру;

қоректендіргіш кабелді, кабель муфтасын сыртынан тексеру;

бөлмені жинау, қаптама мен корпусты тазарту және сүрту. Тармақта көрсетілген жұмыстарды ағымдық пайдалану тәртібінде тау-кен және көлік машиналарының (кешендерінің) және басқа да электрлендірілген қондырғылардың машинистері мен машинист көмекшілері, бірақ кемінде екі адам орындайды.

400. Кернеуі 1000 В электр қондырғыларында ағымдық пайдалану барысында тұлға:

1) кернеу алынған кезде:

байланыстырғыштарды тарту және тазалау;

оқшаулағыштарды тазарту;

төмен вольтты шығыршық ток қабылдағыштағы және тұрақты ток электр машиналарындағы щеткалар мен щетка ұстағыштарды ауыстыру;

электр машиналары мен олардың мойынтіректерін қыздыруды бақылау;

электр машиналарының мойынтіректеріне май жағу (салу);

магнит станциясында орнатылған аппаратураның және басқару блогының жай-күйін тексеру;

байланыстырғыштарды тарту, тазалау және ауыстыру;

оларды басуды реттеу, байланыстырғыштардың магнит жүйесін және іске қосқыштарды реттеу;

аппаратураны тозаңнан тазарту;

жарықтандыруды тексеру және лампаларды ауыстыру;

жарықтандыру электр желілерін жөндеу;

қосатын муфталардың ауысымдық элементтерін (саусақтар, төрткілшелер және басқалары) ауыстыру;

басты және қосалқы жетектерді, басқару шынжырларын оқшаулаудың жай-күйін тексеру;

түзеткіштердің бактарындағы, кедергі этажеркасындағы, жарық беру трансформаторындағы, магнит өрістерін трансформаторлық қоректендіргіштердегі байланыстырғыштарды тарту және тазалау;

жылу беру электр аспаптарын жөндеу;

2) кернеуді алмай:

бөлмелерді қоршағанға дейін тазалау;

кернеумен жұмыс істейтін электр жабдығының қаптамасы мен корпустарын тозаң мен қоқыстан тазалау;

мойыртіректерге май құю (салу);

сынама алу сақтандырғыштарын ауыстыру жұмыстарын жүргізуіне болады.

Электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға бекіткен жұмыстар тізбесі карьерде персоналдың қызмет көрсету аймағы бойынша тиісті құжатпен нақтыланады.

401. Кернеуі 1000 В дейін және одан астам электр жабдығында, әуе, кабель желілерінде аварияға әкелетін және адамдардың өмірі үшін қауіп төндіретін ақаулықтар анықталған жағдайда оны анықтаған тұлға:

1) авариялар мен адамдардың өмірі үшін қауіптің алдын алу шараларын қолдануы;

2) болған оқиға жөнінде учаскенің кез келген лауазымды тұлғасына немесе электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғаға хабарлауы тиіс.

Авариялар немесе авариялық жағдайлар карьердің электр шаруашылығы персоналының басшылығымен қысқа мерзімде жойылады.

Ақаулықтардың, олардың салдарының алдын алу және жою жұмыстарын жедел немесе жедел-жөндеу персоналы рұқсат наряды немесе өкім бойынша орындайды.

402. Байланыс желісінде жұмыс істеу кезінде ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар Электрлендірілген теміржолдарды және авто бұғаттағыштың электрмен қамтамасыз ету құрылғыларының байланыс желілерін пайдалану кезіндегі ережеге сәйкес орындалады.

Сорғыдағы әуе қоректендіру желілерінде жұмыс істеу кезіндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар ЖЛ қауіпсіз пайдалану бойынша қолданыстағы талаптарға сәйкес орындалады.

403. Қорек және сору желілерінің байланыс желілеріне қызмет көрсетуді және жөндеуді жедел, жедел-жөндеу және жөндеу тұлғасы жүргізеді.

404. Қорек және сору желілерінің байланыс желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өткізу рөлін кезекші электр монтер, байланыс желісінің бақылау тұлғасы (шебер - учаскенің бастығы) орындайды.

405. Қорек және сору желілерінің байланыс желілерінде наряд бойынша мынадай жұмыстар орындалады:

1) жаңа байланыс желілерінің учаскелерін салумен байланысты, электр беру және байланыс желілерінен күзету аймағынан кем емес қашықтықтағы жұмыстардан басқа, жөндеу персоналы жүргізетін жұмыстар;

2) қолданыстағы желі учаскелеріндегі, кернеуді алып, қорек және сору желілеріндегі және 2 м астам биіктікке көтерумен байланысты жедел-жөндеу тұлғасы жүргізетін жұмыстар;

3) ұзақтығы 1 сағаттан аспайтын авариялардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша жұмыстар.

406. Байланыс желілерінде, қорек және сору желілерінде ауызша өкім бойынша мынадай:

1) жедел-жөндеу тұлғасы байланыс желісінің желі құрылғыларында кернеуді алып және биіктікке көтермей;

2) жөндеу тұлғасы ұзақтығы 1 сағаттан аспайтын авариялардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізеді.

407. Байланыс желілерінде, қорек және сору желілерінде наряд, ауызша өкім және ағымдық пайдалану тәртібінде орындалатын жұмыстар тізбесін ұйымның электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға бекітеді.

408. Тау-кен жабдығын (экскаваторларды, кешендерді, бұрғылау станоктарын) жеткізу, оны көлік құралдарында тасымалдау жұмыстарын карьер жетекшісінің жазбаша өкімі бойынша жүргізуге болады. Егер жеткізу трассасында қандай да бір кедергі болатын болса, онда өкімде бұл кедергілерді өткеру жоспары көрсетіледі.

Қашықтықтан тәуелсіз тау-кен жабдығын жеткізу деп:

1) ауыстырып қосу арқылы жүру;

2) электр беру желілерінің (бұдан әрі - ЭБЖ) кез келген қиылысымен жүру, теміржол және технологиялық жол арқылы өту;

3) деңгей жиектен деңгей жиекке өту айтылады.

409. Жеткізу трассасындағы электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жеткізу үшін жауапты тұлғаның наряды немесе өкімі бойынша жүргізіледі.

410. Экскаваторларды және тірекке көтерумен байланысты өзге де тау-кен машиналарын түнгі уақытта жедел ауыстырып қосуға болмайды. Ерекшелік ретінде мұндай жұмыстар карьердің техникалық басшысының нұсқауы бойынша жұмыс орнында жеткілікті жарықтандыру болған жағдайда энерго қызмет және тау-кен бақылау тұлғасының бақылауымен жүргізіледі.

411. Экскаваторлардың, бұрғылау станоктарының (кешендерінің) орнын ауыстырумен байланысты операциялар, олардың механикалық бөлігін жөндеу кезінде жұмыстың жетекшісі тарапынан жұмысты жүргізетін тұлғаның, экскаваторды басқарушы машинистің іс-қимылын көзбен бақылау болған жағдайда жүргізіледі.

Жүріс техникасын тегістеу, орталық цапфаны, бұрылу шеңберінің катогын ауыстыру бойынша операцияларды жүргізу кезінде және экскаватордың бұрылу платформасын кез келген тәсілмен көтеру кезінде кабель ажыратылады және оның ұшына ауыстырып қосқыш бекетінде жылжымалы жерге қосқыш төселеді немесе уақытша сызба бойынша қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, электрмен жабдықтау орындалады.

Қорек кабелін кеніш бойынша жазбаша өкім шыққаннан және экскаватор экипажының тартылыс күші сызбасының өзгерістерімен қол қойып танысқаннан кейін кірме ұяшықтың желілік бөлгішінің жылжымайтын байланысына тікелей қосу жолымен тартылыс күшінің сызбасын өзгертуге болады.

Экскаватордың бұрылыс шеңберінің катоктарын ЭКГ-8, ЭКГ-8И және сол сияқтыларды кернеуді алмай ауыстыруға болады.

Көрсетілген жұмыстарды орында басқаруды механикалық қызметтің бақылау тұлғасы жүзеге асырады.

412. Реле қорғағышын іске қосу және шағын станцияның (бұдан әрі – ШС), РҚ, АҚБ, ЖТПС жоғары кернеумен сынау наряд бойынша жүргізіледі.

413. Электрлендірілген машиналардың (кешендердің) электр жетегін іске қосу, тартылыс күші шынжырларындағы және басқару шынжырларындағы ақаулықтарды анықтау және қалпына келтіру өкім бойынша немесе жедел журналда жазып, пайдалану тәртібінде жүргізіледі. Бұл ретте мынадай шарттар сақталады:

1) жұмысты кемінде екі адам жүргізеді, олардың біреуінің IV төмен емес, қалғандарында ІІІ төмен емес біліктілік тобы болады;

2) тау-кен машиналарының тартылыс күші шұғыл шынжырларында жұмыс тартылыс күші қондырғыларын ажыратқаннан кейін жүргізіледі;

3) желі қозғалтқышы мен басқа да электрлік агрегаттарын, команданы бақылаушыларды іске қосу кезінде жұмыс жүргізу өтінімі бойынша экскаватор машинисі қосады және ажыратады.

414. Жөндеу жұмыстарына кірісу тәртібі мен бригада құрамын наряд беретін тұлға анықтайды.

415. Нөсер кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстарды жүргізуге болмайды:

1) электр берілісінің әуе және кабель желілерінде;

2) байланыс және телемеханика желілерінде;

3) электрлендірілген және электрлендірілмеген теміржол көлігінің байланыс желілері мен рельс шынжырларында;

4) әуе желілеріне тікелей жалғанған жабық РҚ кірмелері мен коммуникациялық аппаратурасында;

5) жерге қосу құрылғыларында және оларға 100 м жақын қашықтықта.

416. Электрлендірілген машиналардың (кешендердің) экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмысты кемінде екі адам жүргізеді. Екі агрегатқа (экскаваторларға және бұрғылау станоктарына) бір көмекшінің қызмет көрсетуіне жол берілмейді.

Экскаваторлар мен бұрғылау станоктарына бір машинистің қызмет көрсетуіне жол беріледі. Бұл ретте құрамында слесарлар мен электр слесарлары, қамтамасыз етілген арнайы машина және диспетчермен байланыс үшін радио қондырғылары бар бригада ұйымдастырылады.

417. Тау-кен көлік машиналары (кешендері) мен басқа да электр қондырғыларының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын осы Талаптың 2-қосымшасында келтірілген жабдық бірлігіне қорғағыш құралдардың ең аз қажетті санын қамтамасыз етеді.

418. Қорғағыш құралдарды мерзімді сынауға дер кезінде тапсыруды тағайындалған лауазымды тұлға жүзеге асырады. Тау-кен машиналарындағы (тетіктеріндегі) қорғағыш құралдар мен басқа да электрлендірілген қондырғылардың сақталуын осы машиналар мен қондырғылардың аға машинистері (бригадирлері) қамтамасыз етеді. Машинистер қорғағыш құралдардың жарамсыздығы туралы ауысымдағы жұмысты техникалық басқаруды жүзеге асыратын бақылау тұлғасына хабарлайды.

419. Электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға қорғағыш құралдардың дер кезінде сыналуын және оларды ауыстыруды қамтамасыз етеді.

420. Әрбір карьер мен әрбір тау-кен учаскесінде қорғағыш құралдардың таусылмайтын қоры болады:

1) учаскеде – әрбір 10 машинаға кемінде екі толық жинақ (нормативтер бойынша);

2) карьерде – тау-кен учаскесінде және карьердің электр шаруашылығындағы нормаланған тізбенің кемінде 20 %.

421. Электр техникалық объектілерді пайдаланумен байланысты персоналға арналған қорғағыш құралдар өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жинақталады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет