1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар


Электр беретін карьерлік әуе желілері



бет7/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#124622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

4. Электр беретін карьерлік әуе желілері
457. Осы тараудың талаптары карьерде немесе үйінділерде салынатын әуе ЭБЖ (бұдан әрі осы желілер карьерішілік деп аталады) қолданылады.

458. Орнын ауыстыруға ұзартуға немесе қысқартуға жататын, тіректерде темір бетон, ағаш немесе металл негіздермен салынатын карьерішілік әуе ЭБЖ жылжымалы деп аталады.

Жылжымалы әуе ЭБЖ салу (қайта жаңарту) осы Талаптың, кен орындарын ашық қазу кезіндегі қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына және карьердегі жұмыстың техникалық басшысы бекіткен жоба бойынша жүргізіледі.

459. Орнын ауыстыруға, ұзартуға немесе қысқартуға жатпайтын, тұрақты тіректерде салынатын карьерішілік әуе ЭБЖ тұрақты карьерішілік деп аталады.

Тұрақты карьерішілік ЭБЖ жобалау, салу, қабылдау және пайдалану осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

460. Жобамен негізделген жағдайда карьерішілік ЭБЖ секцияға бөлу қарастырылады. Секцияға бөлу құрылғыларын орнату орындарын карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға таңдайды.

461. Кемердегі әуе ЭБЖ төменгі фазалық өткізгішінен бастап жер бетіне дейінгі қашықтық өткізгіштерді ең үлкен жебемен салған кезде мынадай шамалардан кем болмауы тиіс:



ЭБЖ өту аймағы

35 кВ дейін кернеудегі қашықтық.м.

Карьерлер мен жыныс үйінділерінің аумағы

6

Адамдардың өтуі үшін күрделі және жер бетінде көліктің жүруі мүмкін емес орындар

5

Кемерлердің еңістері

3

462. Автожолдармен, теміржолдармен ЖЖ өткен және жақындаған кездегі және ғимараттардың жақын орналасқан бөліктеріне дейінгі қашықтық осы Талаптың 4-қосымшасында келтірілгеннен кем есем қамтамасыз етіледі.

463. Электр беретін жылжымалы карьерішілік ЖЖ үшін алюминий өткізгіштері қолданылады.

Қабырға қалыңдығы 10 мм және одан астам тайғанақ кезінде желдің жылдамдығы 20 м/с астам аймақтарда орналасқан карьерлер үшін болат-алюминий өткізгіштер қолданылады.

Кернеуі 1000 В дейін және одан астам жылжымалы желілерге арналған өткізгіштердің қимасы есеп бойынша қабылданады, бірақ алюминий өткізгіші үшін – 120 мм2 астам және болат-алюминий өткізгіші үшін – 95 мм2.

Карьерлік ЭБЖ желілерінің ең кішкентай қимасы:



Өткізгіш

Кернеу кезіндегі (мм) өткізгіштердің ең кішкентай қимасы




1000 В дейін

1000 В астам

Алюминий

16

25

Болат-алюминий

10

16

464. Жылжымалы тіректер арасындағы қашықтық есеппен анықталады, бірақ 50 м аспауы тиіс. Көлденең желілерді орнату кезінде (кемерден кемерге түсіру) тіректер арасындағы қашықтық 40 м аспайтын көлденең жазықтықтағы желі проекциясы бойынша анықталады.

465. Электр беретін карьерішілік ЖЖ салу кезінде үлгі құрылымдардың тіректері қолданылады.

466. Жылжымалы тіректердің бағандарын дайындау үшін сапасы бойынша ІІІ сұрыптан төмен емес ағаш пайдаланылады. Тірек негізі элементтеріне арналған жоғарғы ағаш бөлігіндегі бөрененің диаметрі кемінде 16 м қабылданады. Жылжымалы тірек «шамдарын» бір бөренеден артық дайындауға болмайды. Жылжымалы тіректердің төзімділігін арттыру қажет болған жағдайда оларды металдан дайындауға болады.

467. Бұрыштық (соңғы) тіректер мен кемерден кемерге түсіру жолын шектейтін тіректер, карьерлік әуе ЭБЖ кергіштер жобаға сәйкес орындалады.

Бұрыштық (соңғы) тіректер мен кемерден кемерге түсіру жолын шектейтін тіректердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оларды жоспарлы алаңға орнату кезінде массасы 1000 кг кем емес инвентарлы теміржол жүгі қарастырылады; аралық тіректер үшін инвентарлы жүктің жиынтық массасы 550 кг кем емес болады.

Жылжымалы тіректердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін инвентарлы жүктерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда анкерлік, бұрыштық, аралық және соңғы тіректердің тұрақтылығы арқанды кермелері орнатумен немесе жыныс негізін тиегішпен қамтамасыз етілуі мүмкін.

468. ЖЖ тұрақты желілерінде:

ЖЖ-6 (35) және магистралды жерге қосу өткізгіштерін;

ЖЖ-6 (10) өткізгіштерін, жарықтандыру желілері мен магистралды жерге қосу өткізгіштерін бірге ілуге болады.

Бұл ретте мынадай талаптар орындалады:

біршама жоғары кернеулі ЖЖ өткізгіші төменгі кернеулі ЖЖ желілерінен жоғары орналастырылады;

кернеулері әр түрлі ЖЖ өткізгіштері арасындағы қашықтық біршама жоғары кернеулі ЖЖ арналған талаптарға сәйкес белгіленеді;

қадалық оқшаулағыштардағы жоғары кернеулі ЖЖ өткізгіштері екі рет бекітіледі.

Жылжымалы тіректерде кернеуі 1000 В дейінгі электр желілерін бірге ілуге болмайды.

469. Қадалық оқшаулығы бар ЖЖ желілері арасындағы ең қысқа қашықтық ЖЖ қауіпсіз пайдаланудың қолданыстағы талаптарына сәйкес алынады.

470. Фазалық және жерге қосу жетектерінің арасындағы қашықтық фазалық өткізгіштерге арналған талаптарға сәйкес белгіленеді.

Жерге қосу өткізгішін монтаждау кемінде 0,8 м қашықтықта ЭБЖ өткізгіштерінен төмен тіректе жүргізіледі.

471. Жаңадан салынып жатқан (қайта жаңартылатын) жылжымалы ЭБЖ трассасын жобаға сәйкес маркшейдер бөледі, ал жұмысты орындаушы трассаның жоспары беріледі. Егер трассаның биіктіктердің құлдырауы болса, онда маркшейдерлік жұмыстың осы орындарына трассаның кескіні беріледі.

472. Жылжымалы тіректерді монтаждау, бөлшектеу, тасымалдау бульдозерлердің, жүк көтеру крандарының немесе автосамосвалдардың негізінде жабдықталған тетіктердің (тірек тасығыштардың) көмегімен жүзеге асырылады.

ЭБЖ соңғы өткізгіштерінен бастап, олар ажыратылмаған күйде жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға (күзету аймағы) дейінгі көлденеңінен қашықтық 20 кВ дейінгі ЭБЖ үшін кемінде 10 м; 35 кВ ЭБЖ үшін 15 м; 110 кВ ЭБЖ үшін 20 м белгіленеді.

473. Жылжымалы ЭБЖ тіректерін монтаждау (бөлшектеу) жұмысы механизациясының құралдары объектілердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғаға бекітіледі.

Тіректерді қолмен тиеуге (түсіруге) болмайды.

474. Тіректерді бекіткеннен кейін, оларды тірек тасымалдағыштың көмегімен көлікте тасымалдау ерір жүретін тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылады. Жүк түсіру орын аймағындағы тірек тасымалдағыш еріп жүретін тұлғадан кемінде 10 м қашықтықта болады. Тірек тасығыш жүргізушісінің еріп жүруші тұлғамен көзбен көру арқылы байланысы болады.

475. Тіректі орнына орнат еріп жүретін тұлғаның командасы бойынша жүзеге асырылады. Жылжымалы ЭБЖ тіректері жоспарланған алаңдарға орнатылады, бұл ретте тіректің негізі толығымен топыраққа жанасуы тиіс.

476. Тірек тасығыштың күзетілетін теміржол арқылы қозғалысы өтетін жердің кезекшісінің рұқсатымен жүргізіледі, ал күзетілмейтін жолмен өту – локомотив машинисіне сигнал беру тәсілін үйренген еріп жүретін тұлғаның рұқсат беру сигналы бойынша жүргізіледі.

477. Күндізгі уақытта тіректерді тік қалпында сақтандыру құрылғысымен жабдықталған трактормен (бульдозермен) жоспарлы кеңейтілген жазық қабат арқылы тасымалдауға болады. Тіректерді тік қалпында төсем қабы арқылы ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоспар бойынша тасымалдауға болады.

Тіректерді бульдозермен тік қалпында тасымалдау кезінде тіркеме арқанның ұзындығын тірек табаны мен тіркеме құрылғы арасында 3 м аспайтын етіп алуға болады.

Тіректерді тік қалпында мынадай жағдайларда:

1) тірек табанында және тірекке 15 м жақын жерде адамдар жүрген кезде;

2) тіректе салбыраңқы өткізгіштер болған кезде;

3) желілердің астында және жұмыс істеп тұрған ЭБЖ 10 м жақын жерде;

4) тіректің табандарының ақауы, бекіткіш элементтерінің ақауы және ағаштар шіріген кезде тасымалдауға болмайды.

478. Тіректі орнына орнатқаннан кейін және оның тұрақтылығын қамтамасыз еткеннен кейін өткізгіштерді монтаждауға және тірекке көтеруге болады.

479. Өткізгішті тарту қолмен жүзеге асырылады. Тетіктердің көмегімен жылжымалы тіректерде өткізгіштерді тартуға болмайды.

480. Аралықтардағы өткізгіштерді қосқыштар беріктілік пен барынша төзімділікті қамтамасыз ететін бекітілген паспорт, тәсіл бойынша орындалады. Өту аралықтарында фазалық өткізгіштер мен жерге қосатын өткізгіштердің қосқыштары болмайды және қос бекіткіш өткізгіштерімен орындалады.

481. Карьерде жаппай жару жүргізуге дайындық кезінде жарылыстың карьер ішіндегі жылжымалы ЭБЖ құрылысы мен электр қондырғыларына әсер ету аймағы анықталады. Көрсетілген аймақ карьер учаскесінің тау-кен жұмыстарының бірлескен жоспарына енгізіледі және оны жаруға дейін үш күн бұрын карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты лауазымды тұлғаға және жару жұмыстары жүргізілетін тау-кен учаскелерінің бастығына береді.

482. Осы құжаттың негізінде учаскелердегі тау-кен жұмыстарының басшылары карьердің электрмен жабдықтау жұмысшыларымен бірге жаруға дайындық пен олардың салдарын жоюдың жоспар-кестесін құрастырады. Жоспар-кестені карьердегі жұмыстың техникалық басшысы бекітеді және жару басталғанға дейін бір тәулік бұрын жұмысқа қатысушы барлық лауазымды тұлғаларға хабарлайды.

483. Жоспар-кестеде:

1) желілерді бөлшектеу бойынша жұмыс көлемі;

2) желі бригадасы мен желілік-монтаждау машиналарын орналастыру;

3) жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін жауапты тұлғалар мен желілік-монтаждау машиналарының ақаусыздығы;

4) дайындық жұмыстарын бастау және аяқтау уақыты;

5) жару кезінде желілік-монтаждау машиналарын жабу орындары;

6) персоналды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жіберу тәртібі;

7) қалпына келтіру жұмыстарының ең аз қажетті көлемі мен оларды аяқтау уақыты қарастырылады.

484. Карьердегі жұмыстың техникалық жұмыс басшысының өкімі бойынша жару алдында ток пен кернеудің түріне қарамастан, жару аймағындағы барлық карьерішілік желілер ажыратылады. Жару жұмыстары жарық тәулік мезгілінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі.

485. Желілік-монтаждау машиналарының (жүк көтеру крандарының) көмегімен жылжымалы карьерішілік ЖЖ тіректерін монтаждау (бөлшектеу), тасымалдау және бекіту жедел журналда жазып, өкім бойынша жүргізіледі.

Өкім бригаданың құрамы үшін қауіпсіздік техникасы шараларының тізбесін анықтайды.

486. Тіректерді монтаждаумен (бөлшектеумен) және тасымалдаумен айналысатын желілік-монтаждау машиналарының (жүк көтеру крандарының) жүргізушілеріне, оларды басқаратын лауазымды тұлға нұсқаулық береді.

487. Теміржол немесе байланыс желісі арқылы өткізгіштерді монтаждау (бөлшектеу) кезінде пойыздардың қозғалысы тоқтатылады, тартылыс күші, жатық беру, байланыс желісі ажыратылады. Бөгетер жабылып, теміржол станциясының немесе бекет кезекшісінде бөгетердің жабылғаны туралы тиісті жазба жазылады, ал теміржолдарда сигнал берушілер тұрады.

Жұмыс байланыс желісіне қызмет көрсететін лауазымды тұлғамен келісілген наряд бойынша жүргізіледі. Жұмыс жүргізу орнында жерге қосу штангісінің көмегімен нарядқа жазып, жерге қосады.

488. Автомобиль жолдары арқылы өткізгіштерді монтаждау кезінде жұмыс жүргізу нарядында автомобильдер үшін жолды жабу туралы дабыл бойынша іс-шаралар қолданылады. Карьер басшылығы авто тасымалды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды жұмыс жүргізу орнындағы өту жолын жабу туралы оны бастағанға дейін хабарлайды.

489. Электр беретін желілердің трассасында пайдалы қазбалардың қатарын, жыныс үйінділерін, бөренелер мен рельстерді орналастыруға, басқа материалдарды жинауға болмайды.

490. Жылжымалы карьерішілік ЭБЖ жай-күйін тексеруді:

1) учаскелердегі тау-кен жұмыстарын ауысымда басқаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар – ауысым сайын;

2) учаскенің энергиямен қамтамасыз ететін және осы учаскелер шегінде тау-кен жұмыстарын басқаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар – апта сайын;

3) карьердің электр шаруашылығы үшін тағайындалған лауазымды тұлғалар және карьердегі жұмыстың техникалық басшысы мен тау-кен жұмыстары жөніндегі орынбасары – ай сайын (таңдаулы түрде) жүргізеді.

491. Электр беру желілерін ауысым сайын тексеру нәтижелері жұмыс жүргізуге нарядтар беру журналына (технологиялық персоналға) жазылады, ал авариялық жағдайда карьердің ауысымдағы электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғаға телефонограмма түрінде хабарлаушының тегін, лауазымын көрсетіп хабарланады.

Электр беру желілерін апта сайын тексеру нәтижелері нарядтар журналына жазылады.

Егер тексеріс кезінде желінің жай-күйі персоналға қауіп төндірсе немесе электрмен жабдықтаудың үздіксіздігі бұзылуына әкелетін болса, мұны анықтаған жұмысшы оны ажыратып, ақаулықтарды жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды және лауазымды тұлғаға ол жөнінде хабарлайды.

492. Электр беретін жылжымалы карьерішілік желілерді тексеру көлеміне мынадай тексерістер жатады:

1) желілердің қауіпсіз габариттік өлшемдері (көзбен көру арқылы);

2) оқшаулағыштарда сынықтың, күйіктің, сызаттардың болмауы, оқшаулағыштардағы өткізгіштердің бекітілу жай-күйі (көзбен көру арқылы);

3) сымдардың үзілуінің, өткізгіштерде балқыма іздерінің, фазалық және жерге қосатын өткізгіштерде артық заттардың болмауы (көзбен көру арқылы);

4) тіректердің жай-күйі, жүк негіздерінің бекіту элементтерінің және тірекке көтермей керудің тұтастығы;

5) жел кезінде өткізгіштердің салбырауының болмауы;

6) тіректерде сақтандыру плакаттары мен басқа да белгілердің болуы және жай-күйі.

493. Кезектен тыс тексерулер көк тайғақ, қатты жел (15 м/с астам) болған жағдайда карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғаның нұсқауі бойынша желілерді қорғағыш әсерінен ажыратқаннан кейін, жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін және нөсерден соң жүргізіледі.

494. ЭБЖ қорғағыш әсерінен ажыратқаннан кейін жел мен көк тайған болған кезде, оларды тексеру тәртібін карьердегі электр шаруашылығы үшін жауапты белгілейді.

495. Карьерде жылжымалы желілерді ұзындығы бойынша 10% авариялық ауыстыру есебінен жалаңаш өткізгіштің, оқшаулағыштар мен тіректердің авариялық таусылмайтын қоры болады.

496. Әрбір карьер бекітілген нормативтерге сәйкес желі жұмыстарын жүргізу үшін материалдармен қамтамасыз етіледі.

497. Жылжымалы желілерді жөндеуді (қайта орнатуды) жүргізетін бригадалар төмендегідей аспаптармен, қорғау құралдарымен және механикаландыру құралдары:

1) авто мұнарадан жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған жағдайда монтер ілмектермен немесе бригадаға кемінде екі жұп өту жолымен;

2) бригадаға кемінде екі карабині бар сақтандыру белбеулерімен;

3) диэлектрлік қолғаппен – бригаданың әрбір мүшесі үшін 1 жұптан (әрбір 10 жұп үшін 2 жұптан ауыстыру киюге);

4) кернеу көрсеткіштерімен – бригадаға кемінде біреуден (әрбір кернеу үшін);

5) жедел штангалармен - бригадаға кемінде біреуден (әрбір кернеу үшін);

6) жерге қосқышы бар жинағындағы жылжымалы жерге қосқыштарын салуға арналған штангалармен - бригадаға кемінде 2 жұп немесе жұмыс қауіпсіздігі үшін қажетті саны бойынша;

7) 2500 В кернеулі мегомметрмен – бригадаға кемінде біреуден (біреуі авариялық резерв ретінде міндетті түрде болуы қажет);

8) 5-еселік дүрбімен – бригадаға кемінде біреуден, дүрбілермен желілерді тексеретін жұмысшылар қамтамасыз етіледі;

9) монтерлік аспаптары бар сөмкелермен – бригаданы әр мүшесіне біреуден;

10) теміржол, металл және екі шынжырлы ЭБЖ 635 кВ жұмыс істеген кезде бір авто мұнарамен және жылжымалы тіректерді электр беру желілерінің 30 км тасымалдау үшін үш тірек тасығышпен қамтамасыз етіледі.

498. Жөндеу бригадасы мен оның керек-жарақ аспабы осы мақсатта жабдықталған желілік-монтаждау машиналарының көмегімен тасымалданады.

499. ЭБЖ дер кезінде тексерілуін және кемшіліктердің қалпына келтірілуін бақылауды учаскелердегі тау-кен жұмыстарына басшылықты, учаскені энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын жұмысшылар, карьердегі жұмыстың техникалық басшысы жүргізеді. Карьерді энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын жұмысшылар жылжымалы карьерішілік желілеріндегі жөндеу, монтаждау (бөлшектеу) жұмыстарының сапасын бақылайды.

5. Иілгіш резина кабелдер
500. Карьерлердің жылжымалы электр қабылдағыштарын (экскаваторларын, тау-кен кешендерін, бұрғылау станоктары мен өзге де тау-кен машиналарын) қоректендіру үшін иілгіш резина кабелдерді қолдануға болады.

Белгіленген тәртіпте келісілген техникалық шарттар бойынша дайындалған иілгіш кабелдерді қолдануға болады. Бұл ретте техникалық шарттарда жоғарыда аталған тау-кен машиналарын қоректендіру үшін осы кабелдердің жарамдылығы көрсетіледі.

501. Тұрақты қондырғыларды қоректендіру үшін кабелдер мен оқшауланған өткізгіштер қолданылады.

502. Кабелдерді тасымалдау және сақтау дайындаушылардың нұсқаулары бойынша жүргізіледі.

503. Жылжымалы карьерлік электр қондырғыларын қоректендіретін иілгіш кабель оның қатуын, соғылуын және тау-кен қазындысы кесектерінің астында қалуын, онымен көлік құралдарының жүруін болдырмайтындай етіп төселеді.

504. Теміржолдармен және авто жолдармен қиылысу орындарында кабель оны құбырларда, қораптарда, науаларда және өзге де қорғау құрылғыларында төсеп зақымданудан қорғалады. Қорғағыш құрылғылардың өлшемдері теміржолдардың немесе жолдардың енінен әр жағынан кемінде 2 м артық болады.

505. Жару жұмыстары аймағындағы кабелдер жару кезінде қауіпсіз орынға алынады немесе тау-кен қазындысын жару кезінде зақымданудан қорғалады.

506. Су басқа учаскелерде кабелді «айырмен» көтереді, олардың арасындағы қашықтық 10 м аспайды және судың бетінен кемінде 0,3 м биіктікте орналасады.

507. Кабель қабылдау барабанымен немесе кабель жылжытқышымен жабдықталмаған тетіктерде артық кабель тетіктің жұмыс аймағынан тыс тегістелген алаңда көршілес бұтақтар арасындағы ілмек диаметрінен кем емес қашықтықта ілмектермен орналастырылады.

508. Электр тұтынушылардың ендірме құрылғысынан жылжытуын болдырмас үшін кабелдің бес-алты диаметрінен кем емес шығу жолындағы иілу радиусын қамтамасыз ететін бұйыммен бекітіледі.

509. Соңғы бітеулер бойынша жұмысты, карьерде кабелді жөндеуді және қосуды АҚБ ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындағаннан және оны АҚБ және тұтынушыдан ажыратқаннан, қалдық зарядтар мен синхронды электр қозғалтқыштарымен генерацияланатын электрлік жылжу күштерін (бұдан әрі - ЭЖК) тасымал жерге қосқышты төсеу жолымен разрядтағаннан кейін жүргізуге болады.

510. Қысыммен жұмыс істейтін кабелдің орнын тетіктердің көмегімен ауыстыруға болмайды.

Қысыммен жұмыс істейтін кабелдің орнын диэлектрлік қолғаптарды немесе оқшауландырылған тұтқалары бар құрылғыларды пайдалана отырып қолмен ауыстыруға болады.

511. Тау-кен қазындысын «кабель арқылы» экскаватормен тиеуге болмайды. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда карьер басшылығы экскаватордың жұмыс аймағындағы кабель қорғалған жағдайда бір тәуліктен аспайтын мерзімде «кабель арқылы» тиеуге болады.

512. Карьерлердің жылжымалы электр тұтынушыларын қоректендіретін кабелдерді тексеруді:

1) экскаваторлардың (тау-кен көлік кешендерінің), бұрғылау станоктары мен басқа да машиналардың машинистері (машинист көмекшілері) – ауысым сайын;

2) тағайындалған лауазымды тұлғаның басшылығымен электр техникалық объектілерін пайдаланушы жұмысшылар жүргізеді.

513. Кабелдерді ауысым сайын тексеру кезінде оның трасса бойымен дұрыс төселуі, тереңдік бойында бұзылудың, сызаттардың, маневрлік учаскелерде тесіктер мен тіліктердің (ендірме құрылғысынан 20 м), көлік құралдарының жүруінен майысудың немесе жыныстар мен сыртқы шланг қаптамасының басқа да механикалық зақымдануының болмауы тексеріледі.

Ауысым сайынғы тексеру нәтижелері агрегат журналына (жедел журналға) жазылады. Кабелдің ақаулары туралы карьердегі ауысымда электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғаға хабарланады.

514. Ай сайынғы жұмыс көлеміне ауысым сайынғы тексеріспен қарастырылған жұмыстар мен кабелдің ұшындағы бітеулерің тексеру жұмыстары жатады, бұл кезде ток өткізу сымдарын оқшаулау қабатында озон сызаттарының болуы, шығыр бітеулердің оқшауланған аралықтарының ластану дәрежесі тексеріледі.

Ай сайынғы тексеріс нәтижелері карьерді электрмен жабдықтауды жүзеге асыратын персоналдың жедел журналында жазылады.

515. Соңғы кабелдерді пайдалану алдында шлангіні бітеуді, негізгі сымдардың оқшаулағышын бітеуді, соңғы ұштарды тығыздауды (дәнекерлеуді) немесе сымдардың ұштарын арнайы қысқышпен дайындауды қамтитын соңында орындалатын жұмыстар жүргізіледі.

516. Кабелдің соңғы бітеулерін оқшау резинаның, электрлік оқшаулау қауыздарының немесе кремний-органикалық резинаның көмегімен орындауға болады.

517. Негізгі сымдарды бітеу:

1) кемінде номинал желілік кернеу кезіндегі, ықтимал ішкі шамадан тыс кернеу кезінде жабындарды;

2) әрбір сымдағы және кемінде номинал желілік кернеу кезінде сымдар арасындағы басты разрядтарды;

3) оқшаулағыш деңгейінің едәуір төмендеуінен;

4) кабель ішіне ылғал мен тозғаның өту мүмкіндігін болдырмайды.

518. Соңғы бітеу жолындағы сымдардың ұзындығы электр жабдығының құрылымдарымен және кірме құрылғыларымен және оларға қосатын кемінде 350 м шпильдерді орналастырумен анықталады.

Кірме құрылғыларындағы оқшауланған сымдардың иілгіш радиусы мүмкіндігінше әсіресе, оқшаулағышы бар электр өткізу экранының шегінде ең үлкен болады.

Кабелді кірме құрылғысына бекіту ток өткізу сымдарының оқшауланған бөліктерінің бір-біріне, ток өткізу және жерге қосу бөліктеріне жанасуын болдырмайды.

519. Соңғы бітеулерді орындау және кабелді жөндеу оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

520. Пайдалануға беру алдында жаңа және жөнделген соңғы ұштары бітелген кабель диэлектрлік төзімділікке жоғары кернеумен сыналады. Тікелей токты сынау кернеуінің шамасының 2Uн. Сынау ұзақтығы 5 минут. Сынау нәтижелерін осы Талаптың 6-қосымшасына сәйкес, 0,4 кВ және 6 кВ кабелдерді оқшаулағыштың жай-күйін тексеру журналына жазылады.

521. Ұштары бітелген 1 кВ артық кернеуге жаңа кабелді, пайдаланудағы, жөнделген кабелді оқшаулау 5 минут ішінде тікелей токтың 2Uн. Төмен емес кернеуімен сыналады.

522. Кабелдерді мерзімді сынау жылына бір реттен кешіктірілмей жүргізіледі. Кабелді мерзімді тексеру кезінде сымдар мен экрандаушы жабыстырмалардың тұтастығы тексеріледі. Үзілген жері болған кезде кабелді пайдалануға болмайды.

523. Ұшы бітелген жаңа жөнделген кабелді 1000 В дейінгі кернеуге оқшаулау 1 минут ішінде 2500 В төмен емес кернеумен тексеріледі.

524. Оқшаулағышты сынау нәтижелері мен кабелдің құрылымдық элементтерінің жай-күйі журналға жазылады. Пайдаланылатын әрбір кабелдің бөлетін ұштардың бірінде нөмірі бар бекітілген биркасы болады. Журналға жаңа кабелдің жай-күйі туралы деректер мен оның кезекті жөндеу және сынау нәтижелері жазылады. Осы журналда кабелді пайдаланудан шығару туралы белгі жазылады.

Кабельді есепке алу, жөндеу журналының нысаны осы Талаптың 5-қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

525. Экскаватор кабелін сынауға дайындау кезінде:

1) кабель желіден ажыратылады, кабель ауыстырып қосу бекеті мен экскаватордан алынады да, осы Талапқа сәйкес разрядталады;

2) «Тоқта!», «Кернеу!», «Сынақ өмірге қауіпті!» деген ескерту плакаттары ілінеді және кабель трассасының бойымен бақылау бекеттері қойылады;

3) сыртқы ақаулар мен кезекті жөндеу жүргізу үшін шланг қабықшасы тексеріледі;

4) тартылыс күші сымдарының таза болуын тексеру үшін ақырғы бітеулер мұқият тексеріледі, сызаттар анықталған жағдайда қайта бөлінеді;

5) тартылыс күші және жерге қосылатын сымдардың, экрандаушы ораулардың тұтастығы тексеріледі, одан кейін жерге қосатын желі кабелдің екі ұшынан экрандаушы ораулармен қосылады;

6) тартылыс күші желілерінің оқшаулағыш кедергісі 2500 В кернеуіне мегомметрмен өлшенеді, әрбір өлшеу жұмысынан кейін желілер «жерге» разрядталады.

526. Сынау кедергісі кабелдің әр желісіне ретімен салынады. Басқа екі желі, экрандар мен жерге қосу желісі сынау кезінде бір-бірімен қосылып жерлендіріледі. Тікелей кернеуді арттыру 0,5 кВ/с аспайтын жылдамдықпен қалыпты жүргізіледі. Сынақ кернеуіне жеткен кезде токтың ағыс шамасы тұрақты бақыланады. Ток ағысы көбейген немесе импульстік белгілер пайда болған кезде оқшаулағыштың ақау учаскесін өткізу мақсатында сынақ кернеуін 0,5-2,0 кВ/с арттыруға болады.

527. Егер кабелді оқшаулағышты өткізуден емес сынаған кезде сынақ кабелі пайдалануға жарамды деп саналады. Микро амперметрдің көрсеткіштерін есептеу соңғы сынақ минутында жүргізіледі.

528. Сынақ кернеуін алу жоспарлы түрде жүргізіледі. Сынақ аппаратын желіден ажыратқаннан кейін жерге қосқыш штангінің көмегімен сынақ желісін разрядтау жүргізіледі.

529. Иілгіш жоғары вольты кабелдерді жоғары кернеумен 6, 10, 35 кВ номинал кернеуге сынауды кемінде екі арнайы оқытылған жұмысшы наряд бойынша жүргізеді. Жұмыс өндірушінің IV, ал қалғандарында ІІІ төмен емес біліктілік тобы болады. Сынақты ток өткізу бөліктері тұтас немесе торлы қоршаулармен жабылған, ал есіктері бұғаттағышпен жабдықталған стенділерді пайдалана отырып жүргізуге болады. 2500 В мегомметрмен өлшеуді жедел журналда жазып, IV және III біліктілік тобы бар 2 адам өкім бойынша жүргізеді, ал 1000 В мегомметрмен ІІІ және ІІ біліктілік тобы бар екі адам жүргізеді.

530. Карьердегі кабель ақауын әдістердің (индукциялық, акустикалық, сыйымдылықтағы немесе ілмек әдісімен) бірімен анықтауды қорек желісінен кабельді ажыратқаннан және қалдық электр зарядтарын жерге разрядтағаннан кейін өткізуге болады.

531. 1000 м астам немесе 2000 м астам иілгіш резина кабелдерін 1000 В дейін және одан артық кернеуге тұрақты пайдаланатын әрбір ұйымда кабелдерді жөндейтін шеберханалар ұйымдастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет