1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар



жүктеу 2.59 Mb.
бет2/13
Дата09.06.2016
өлшемі2.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3-тарау. Тау-кен жұмыстарын механикаландыру

1. Жалпы талаптар
76. Пайдаланудағы тау-кен, көлік және құрылыс-жол машиналары сигнал құрылғыларымен, тежеуіштермен, тетіктер (жалғастырғыштар, берілістер, шкифтер мен басқалары) мен жұмыс алаңдарының қол жетімді қозғалмалы бөлшегінің қоршауларымен, өртке қарсы құралдармен жабдықталады, жарықтандырғышы, ақаусыз аспаптар жинағы, құрал-саймандары, электр тогымен зақымданудан қорғау құралдары және бақылау-өлшеу аппаратурасы, шамадан тыс жүктеме мен асыра көтеруден ақаусыз қорғағышы болады.

77. Монтаждау мен күрделі жөндеуден кейін тау-кен, көлік, құрылыс-жол машиналарын пайдалануға қабылдауды комиссия акт құрып жүргізеді.

Экскаваторлардың, бұрғылау станоктары мен басқа да пайдаланылатын тетіктердің кабиналары жылытылады және қауіпсіз жылу беру аспаптарымен жабдықталады.

78. Тау-кен жабдығының әрбір бірлігіне ауысымды қабылдау-тапсыру журналы жүргізіледі. Журналдың толтырылуын бақылау тұлғасы тексереді.

79. Технологиялық жабдықты, техникалық құрылғыларды пайдалану, қызмет көрсету, оларды монтаждау және бөлшектеу дайындаушы зауыттың нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

Дайындаушы зауыттың нормалаған техникалық сипаттамасы жабдықты пайдаланған бүкіл мерзім бойы сақталады.

80. Жұмыс басталар немесе машина (тетік) қозғалар алдында машинист бригада мүшелері мен жақын маңдағы тұлғалардың қауіпсіз екеніне көз жеткізеді.

Тетіктерді іске қосу және машиналар, теміржол құрамдары, автомобилдер, тиеу техникасы қозғалар алдында технологиялық регламентпен белгіленген, оның мақсатымен барлық жұмысшылар таныстырылған дыбыс немесе жарық белгілері беріледі. Бұл ретте сигналдар машиналар (тетіктер) жұмыс істеп тұрған аймақтағы барлық жұмысшыларға естіліп (көрініп) тұрады.

Сигналдар кестесі жұмыс істеп тұрған тетікке немесе оның жанында ілінеді. Әрбір дұрыс берілмеген немесе түсініксіз сигнал «Тоқта» деген белгі ретінде қабылданады.

81. Электр қондырғыларын жедел қосумен және ажыратумен байланысты басқарылатын тау-кен және көлік машиналары машинистері мен машинист көмекшілерін оқыту, аттестаттау және жұмыс істеуге рұқсат беру электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік топтарын беру арқылы жүзеге асырылады. Біліктілік топтарының болуы машинистер мен машинистердің көмекшілеріне наряд (өкім) бойынша жедел журналда жазба жазу арқылы оларға бекітілген тау-кен жабдығы мен қосу бекетінің шегінде кабель желілерін жедел алмастыруға құқық береді.

Машинистер мен машинистердің көмекшілерін уақытша басқа тау-кен жабдығына ауыстырған кезде алмастыруды орындау пайдаланылатын жабдықтың электрмен қамтамасыз ету жүйесімен таныстырғаннан кейін жүргізіледі.

82. Жұмыстан тыс уақытта тау-кен, көлік және жол-құрылыс машиналары кенжардан қауіпсіз жерге шығарылып, жұмыс органы (шөміш және басқалары) жерге түсіріледі, кабина жабылады, қоректендіруші кабелден кернеу алынады.

83. Көп орынды автомобиль кабиналарында, теміржол құралдары мен локомотив кабиналарында құрамдарға ілесіп жүретін тұлғаларға, ұйымның техникалық басшысының жазбаша рұқсаты болған жағдайда басқа да түлғаларға жүруге болады. Жүріп-тұратын адамдардың санын ұйымның техникалық басшысы белгілейді.

84. Ашық тау-кен жұмыстары объектісіндегі теміржол арқылы бульдозермен, автомашинамен және басқа да дөңгелекті, шынжыр табанды немесе адымдаушы машиналармен жабдықталған және көрсеткіштер орнатылған орындардан өтуге болады.

85. Тау-кен, көлік және құрылыс-жол машиналарының өткізу және оларды көлік құралдарымен тасымалдау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Өздігінен жүретін тау-кен машиналары мен қосалқы жабдықты ашық тау-кен жұмысы аумағында тасымалдау (буксирлеу) қатты тіркемені пайдалана отырып және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру кезінде технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Машиналар мен жабдықты басқа тіркеме түрлерін қолдана отырып, екі және одан астам сүйреме арбаларды пайдаланып тасымалдау рұқсат нарядын ресімдеу арқылы ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоба бойынша жүзеге асырылады.

86. Электр энергиясын беру кенет тоқтаған жағдайда тетіктерге қызмет көрсетуші тұлға электр қозғалтқыштарының іске қосу құрылғылары мен басқару рычагын «Тоқта» деген (нөлдік) қалыпқа ауыстырылады.

87. Экскаватор мен бұрғылау станогының кабинасы мен сыртқы алаңдарында, олар жұмыс істеп тұрған кезде өзінің тікелей міндеттерін атқаратын мамандардан, іске қосу персоналынан, ауысымның техникалық басшысынан және ұйымның техникалық басшысының рұқсаты бар тұлғалардан басқа, бөгде тұлғалардың болуына жол берілмейді.

88. Машиналар мен жабдықты майлау дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.

Майлау жүйесінің майдың шашырауын және ағып кетуін болдырмайтын құрылғысы болады.

Майлау жүйесіне кіретін барлық құрылғылар ақаусыз, таза және қызмет көрсетуде қауіпсіз күйде болады.

Жапсарлас майлау жүйесі жоқ жабдық пен тетіктердің жетектерін жұмыс уақытында майлауға болмайды.

Май мен суды жылыту үшін ашық от пен дәнекерлеу лампасын пайдалануға болмайды.

89. Майлау және сүрту материалдары жабық металл жәшікте сақталады. Тау-кен және көлік машиналарында бензин мен басқа да тез тұтанғыш заттарды сақтауға болмайды.

90. Көлік-үйінді көпірлерінің, үйінді түзгіштер мен экскаваторлардың құрылымдық элементтері, олардың басқыштары, тұтқалары мен алаңдары тау-кен қазындысы мен қоқыстан ауысым сайын тазартылады.

91. Автоматика, телемеханика және машиналар мен тетіктерді басқару жүйелерін осы жүйелердің ақауы болған жағдайда энергия беруді болдырмайтын бұғаттағыш болған жағдайда қолдануға болады.


2. Бір шөмішті экскаваторлар
92. Шынжыр табан экскаватор көлденең жолмен немесе жоғары қарай қозғалған кезде оның жетекші шүлдігі артында, еңістен төмен қарай түскен кезде алдында болады. Шөміш сүйеніп, жерден 1 м биік емес орналастырылады, ал жебе экскаватордың қозғалыс бағыты бойынша орнатылады.

Адымдаушы экскаватордың қозғалысы кезінде жебе экскаватор қозғалысының келесі жағына орнатылады.

Экскаватор жоғары қарай қозғалған немесе төмен қарай түскен кезде өздігінен сырғанауын болдырмайтын шаралар қарастырылады.

93. Экскаваторды өткізу құлама призмадан тыс орналасқан, еңісі экскаватордың техникалық паспортында рұқсат берілген шамадан аспайтын, маневрге жеткілікті ені бар трассада жүзеге асырылады. Экскаваторды өткізу машинист көмекшісінің немесе тағайындалған тұлғаның сигналымен жүргізіледі, бұл ретте олармен экскаватор машинисі арасында тұрақты көріну қамтамасыз етіледі. Адымдаушы экскаваторлар үшін сигналдарды машинист көмекшісінен машинистке бригаданың үшінші тұлғасы арқылы беруге болады.

94. Экскаватор оның техникалық паспортында рұқсат берілгеннен аспайтын еңісі бар тегістелген негіздегі кемерде немесе үйіндіде орналасады. Кемер еңісі, үйінді немесе көлік құралы мен экскаватордың контржүгі арасындағы қашықтық тау-кен геологиялық жағдайлар мен жабдықтың түріне байланысты, бірақ қандай да жағдайда кемінде 1 м кенжар паспортында анықталады.

Сыйымдылығы 5 м3 кем шөмішті экскаватор жұмыс істеген кезде оның кабинасы кемер еңісіне қарама-қарсы жақта болады.

95. Тау-кен қазындысын теміржол вагондарына экскаваторлармен тиеу және оларды экскаватор үйінділерінен түсіру кезінде пойыз бригадасы белгіленген теміржол көлігін пайдалану кезіндегі сигналдарға сәйкес берілетін экскаватор машинисінің сигналына бағынады.

Автокөлікке тиеу кезінде автокөлік құралдарының жүргізушілері экскаватор машинисінің сигналдарына бағынады, оның мәнін ұйымның техникалық басшысы белгілейді.

Сигналдар кестесі экскаватордың шанағында көрнекті жерде ілінеді, онымен экскаватор машинистері мен көлік құралдарының жүргізушілері таныстырылады.

96. Экскаватор жұмыс істеп тұрған кезде шөміштің жұмыс аймағына адамдардың (қызмет көрсетуші персоналды қоса алғанда) болуына жол берілмейді.

97. Экскаваторларда пайдаланылатын арқандар паспортқа сәйкес болады және дайындаушы зауыттың сертификаты болады. Жебе аспасының арқандары аптасына бір реттен кешіктірілмей тексеріледі. Есу қадамының ұзындығында арқандағы жалпы санынан 15 % аспайтын үзілген сымдардың болуына жол беріледі. Үзілген сымдардың салбыраңқы ұштары кесіп алынады.

Көтергіш, тартқыш және тегеурін арқандар ұйымның техникалық басшысы бекіткен мерзімде тексеріледі.

Арқандарды тексеру нәтижелері Ауысымды қабылдау-тапсыру журналына жазылады, оларды ауыстыру туралы жазбалар орнатылған күні мен жаңадан орнатылған арқанның түрін көрсете отырып, экскаваторда сақталатын агрегат журналына жазылады.

98. Экскаватор жұмыс істеп тұрған уақытта кемердің бұзылу немесе шөгу қаупі болған жағдайда немесе жарылғыш материалдардың (бұдан әрі - ЖМ) зарядтарының ақауы анықталған кезде экскаватор машинисі жұмысты тоқтатып, экскаваторды қауіпсіз жерге шығарады да бақылау тұлғасына хабарлайды.

Экскаваторды кенжардан шығару үшін еркін өтетін жол қамтамасыз етіледі.

99. Экскаватор шынжыр табандардың қысымына шыдамайтын топырақта жұмыс істеген кезде кенжар паспортында жазылған, оның тұрақты қалпын қамтамасыз ететін шаралар жүзеге асырылады.

100. Электрлендірілген көліктің байланыс желілері бар кенжарда тау-кен қазындысын шөмішпен байланыс жетегіне жанасудан қорғануды қоса алғанда, жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша іс-шараларды жүзеге асырған жағдайда экскаватормен тиеуге болады. Іс-шараларды ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

101. Егер аршу жұмыстары көліксіз жүйеде жүргізілсе, драглайн басқа экскаваторлармен қатар немесе басқа түрдегі жер қазатын машиналардың кешенінде жұмыс істейді, олардың арасындағы ең қысқа қашықтық драглайн шөмішін салу шамасын ескере отырып, олардың ең үлкен жұмыс радиусының сомасынан кем болмауы тиіс.



3. Көп шөмішті экскаваторлар
102. Рельс жолдары мен рельстік, адымдаушы-рельстік және шынжыр табанды көп шөмішті экскаваторлар жолдарының еңістері мен радиустары экскаватордың техникалық паспортында рұқсат берілген шектерде белгіленеді.

Рельс жолдары мен олардың еңістері енінің өзгеруін бақылау құрылғылары айынан бір реттен кешіктірілмей нәтижелерін журналға жазып тексеріледі.

Көрсетілген құрылғылар болмаған немесе ақауы болған жағдайда экскаватордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Экскаватор өтетін жолдардың ақауы болған жағдайда рельс жолында экскаваторларды пайдалануға болмайды.

Су бөлу құрылғылары болмаған жағдайда су басқан кемерлерде экскаватор өтетін жолдарды пайдалануға болмайды.

103. Жебелері жылжымайтын роторлы экскаваторлардың тиісті қозғалыс жылдамдығы мен роторлы жебенің айналыс бұрышын қамтамасыз ететін автоматты құрылғылары болады.

104. Көп шөмішті экскаваторлардың қарпығыш рамасын сақтандыратын құралы, роторлы жебесі мен көтеру, түсіру немесе экскаватордың құрылымында қарастырылғаннан артық бұрышына айналыс конвейері болады.

Экскаватор машинисінің кабинасында авариялық дабылдағыш қалқаны және мынадай:

1) роторлы жебенің айналысы жылдамдығы мен бұрышын;

2) экскаватордың қозғалыс жылдамдығын;

3) экскаваторды пайдаланудағы кернеу мен жүктемені бақылау аспаптары болады.

105. Көп шөмішті экскаваторлар жұмыс істеп тұрған уақытта тиеліп жатқан вагондардың жанында және олардың арасында, тиелетін және түсірілетін люктердің, конвейерлердің, шамадан тыс тиелген құрылғылар мен экскаватордың жүріс құрылғысы рамасының астында адамдардың жүруіне жол берілмейді.

106. Жаңа жүрісті көп шөмішті экскаваторлармен қазуды бастамас бұрын бақылау тұлғасы кенжарды тексереді және құлау призмасын ескере отырып, экскаватордың жұмыс фронтымен жүріс енінен бөгде заттардан (ірі тамырлар, ағаштар, металл заттар және басқалары) тазарту шараларын қабылдайды.

107. Төменгі жағынан көсіп алатын көп шөмішті экскаваторлардың, егер қазылатын қабатта шөгуге бейім жыныс болмаған жағдайда жұмыс істеуіне жол беріледі және еңіс пен экскаватордың жұмыс алаңының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

108. Роторлы экскаваторлар конвейерлер мен үйінді түзу кешенінде жұмыс істеген кезде, конвейерге тиейтін көп шөмішті экскаваторлар жұмыс істеген кезде басқару бұғатталады.

Жөндеу және дайындау жұмыстары кезінде әрбір тетікті жеке-жеке қолмен басқару қарастырылады.

109. Көп шөмішті экскаваторлардың немесе олардың кешендерінің, көлік-үйінді көпірлері мен үйінді түзгіштердің барлық конвейерлік желілері осы Талаптың үздіксіз технологиялық көлік бөлімінің талаптарына сәйкес жабдықталады.

110. Экскаватордың кабинасы машинистке экскаваторға жанасқан кенжар учаскесін шолуды қамтамасыз етеді.


4. Көлік-үйінді көпірлері мен үйінді түзгіштер
111. Көлік-үйінді көпірлері мен консольді үйінді түзгіштер желдің жылдамдығы мен бағытын үздіксіз автоматты өлшеу аспаптарымен жабдықталады, авариялық сигналмен және жүріс тетіктерімен басқару жүйесімен, бақылау-өлшеу аспаптарымен, соңғы ажыратқыштармен, сигналдық және сөйлесу құрылғыларымен бұғатталады. Автоматты әсер ететін тежеуіш құрылғыларынан басқа көпірдің жүріс арбаларының ақауы жоқ қолмен басқарылатын тежегіші болады.

112. Көлік-үйінді көпірін жөндеу кезінде қолмен басқарылатын және автоматты тежегіш құрылғыларын бір мезгілде бөлшектеуге болмайды.

113. Жолдар мен өткелдерге жақын орналасқан барлық контржүктер адамдарға әсер ететін аймаққа өтуін болдырмас үшін қоршалады.

114. Көлік-үйінді көпірлері мен үйінді түзгіштердің барлық конвейерлік желілерінің конвейерлерге қызмет көрсету үшін екі жағынан қоршалған алаңдары болады.

Конвейерлер бойымен өту жолының ені кемінде 700 мм болады.

115. Найзағай, тұман және қарлы боран кезінде 25 м көрінетін болғанда, нөсер жауын болғанда, дымқыл және қою қар жауған кезде көлік-үйінді көпірінде жұмыс істеуге жол берілмейді.

116. Көлік-үйінді көпірінің құрылысқа немесе тау-кен көлік жабдығына, оның ішінде минасыздандыру кезінде 1 м кем қашықтықта жақын орналасуына жол берілмейді.

Көлік-үйінді көпірінің жұмыс істеп тұрған тау-кен көлік жабдығынан жоғары жұмыс істеуіне жол берілмейді.

117. Карьердің су басқан кемерлеріндегі көпір жолдарын пайдалануға жол берілмейді.

118. Үйінді түзгіштер адымдаушы және адымдаушы-рельстік жүріспен қозғалу кезінде көліктің, машина мен тетіктердің өтуіне, консоль астынан адамдардың өтуіне жол берілмейді.

119. Көлік-үйінді көпірінің үйінді консолінің соңы мен үйінді жотасының арасындағы қашықтық кемінде 3 м, ал консолді таспалық үйінді түзгіштерде мерзімді ауыстыру арқылы бұл шама кемінде 1,5 м болады.

120. Үйіндінің жылжу белгілері байқалған кезде көлік-үйінді көпірі қауіпті аймақтан шығарылады.

121. Көлік-үйінді көпірінің үйінді тірегінің дренаждық штрек арқылы өткізу паспортқа сәйкес жүргізіледі.

5. Сырмалар, бульдозерлер, жүк тиегіштер
122. Арқанды ысырма қондырғыларды пайдалану кезінде кемер еңісінің бұрышы 35° аспайды.

123. Ысырма арқан қондырғысын ескерту сигналысыз қосуға, ол жұмыс істеп тұрған уақытта қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге, арқанның жұмыс аумағында болуға және арқанды қолмен бағыттауға болмайды.

Ысырма шығыршық аймағы ескерту белгілерімен қоршалады және түнгі тәулік уақытында жарықтандырылады.

124. Барлық өздігінен жүретін техниканың (грейдерлер, ысырмалар, бульдозерлер, жүк тиегіштер және басқалары), олардың негізгі техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтитын техникалық паспорты болады, өрт сөндіру құралдарымен, авариялық тоқтату белгілерімен, медициналық сөмкелермен, дөңгелектің астына төсеу үшін (дөңгелек техника үшін) тіреуіштермен (башмактармен), артқа қарай қозғалған кезде үзік дыбыс сигналымен, кабинаның үстіне орналасқан сары түсті жалтылдайтын шамдармен, артқы жақты көрсетіп тұратын екі айнамен, дайындаушы зауыт қарастырған жөндеу аспабымен жинақталады.

Көлік құралдары, егер олардың қозғалыс қауіпсіздігін, қолдану технологиясында қарастырылған басқа жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық агрегаттары мен тораптары техникалық жарамды күйде болған жағдайда желіге шығарылады.

Көлік құралының артқа қарай қозғалысы кезінде барлық жағдайда дыбыс сигналы беріледі.

125. Өздігінен жүретін техниканың (ысырмалардың, бульдозерлердің, жүк тиегіштердің және басқаларының) кемердің құлауы мүмкін призмасымен қозғалуына жол берілмейді.

126. Трактормен тартып, дөңгелекті ысырмаларды пайдалану кезінде жүк бағытындағы құламалардың еңісі 15° аспайды, бос вагон өткен кезде 25° аспайды.

127. Өздігінен жүретін техниканы қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған және табаны немесе шөміші көтеріліп тұрған кезде қалдырып кетуге, ал жұмыс істеген кезде арқан салуға, аспалы рамаға, табанына немесе шөміште тұруға, дайындаушының техникалық құжаттамада қарастырмаған бұрыштарында техниканың жұмысы тік көлбеулерге кесе-көлденең болғанда жол берілмейді.

Бульдозерді (тракторды) қозғалтқышты кабинадан іске қосу үшін беріліс немесе құрылғысының қорабы іске қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың жұмыс істеуін болдырмайтын бұғаттағыш болмаған немесе ақау алған жағдайда пайдалануға болмайды.

128. Бульдозерді, ысырманы немесе жүк тиегішті жөндеу, майлау және реттеу үшін оларды жазық алаңда орнатылады, қозғалтқыш ажыратылады да, табан немесе шөміш жерге немесе тіреуішке түсіріледі.

Өздігінен жүретін техникалық көлбеу жазықтықта авариялық тоқтаған жағдайда оның өздігінен көлбей қозғалуын болдырмау шаралары қолданылады.

129. Өздігінен жүретін техниканың көтеріліп тұрған табанының немесе шөмішінің астында жүруге болмайды.

Табанды немесе шөмішті тексеру үшін оның астынан төсем төселеді, ал қозғалтқыш ажыратылады.

130. Бульдозер жұмыс істеп тұрған кезде кенжар еңісінің ең үлкен бұрышы дайындаушының техникалық құжаттамасында белгілеген шегінен аспайды.

131. Бульдозердің шынжыр табанынан немесе жүк тиегіштің (дөңгелек бульдозерінің) алдынғы шүлдігінен бастап еңіс сағасына дейінгі қашықтық тау-кен геологиялық жағдайларды ескере отырып анықталады және кенжарда (үйіндіде) немесе жүк тиеу бекетінде жұмыс істеу паспортына жазылады.



6. Гидромеханикаландыру
132. Гидротехникалық құрылыстарды (бөгеттерді, плотиналарды), су жинау құрылыстарын тау-кен геологиялық ізденістер мен жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттерінің анықтамалары негізінде дайындалған жоба бойынша салуға болады.

133. Сорғыларды, гидромониторлар мен гидравликалық желілерді қауіпсіз пайдалану және қызмет көрсету тәртібі технологиялық жобамен анықталады.

134. Гидромониторлық жуу кезінде кемер биіктігін жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттеріне, гидромониторлардың құрылымы мен ұйымның қабылдаған жууына байланысты, бірақ 30 м аспайтындай қабылдау қажет. Борлы қыртыстары бар кемерлерді қазу кезінде, олардың биіктігін 50 м дейін ұлғайтуға болады.

135. Гидромониторлардың оқпанның кездейсоқ бұрылыстарынан шектегіші болады. Гидромониторлар, құмды өнеркәсіптік аспаптарда жуудан басқа жағдайда, қашықтықтан басқарылады.

136. Ашық тау-кен жұмыстарын гидромеханикаландырылған тәсілмен жүргізу кезінде гидромеханикаландырылған қондырғыдан бастап кенжарға дейінгі қашықтық кемер биіктігінен кемінде 0,8 құрайды.

Бүйір кенжармен су жыру кезінде монитордың кенжарға дейінгі қашықтығы кемер биіктігінен кемінде 0,4 болуы тиіс.

Қашықтықтан басқарылатын гидромониторды қолдану және бүйір кенжармен су жыру кезінде монитор орналасқан аймақтан тыс бұзылу байқалған жағдайда осы қашықтықтарды азайтуға болады.

137. Гидромеханикаландыру қондырғысын пайдалануды бастамас бұрын жұмыс қысымынан артық қысымға тексеріледі: сорғылар мен топырақ сорғыштар үшін – 50 %, құбырлар үшін – 30 %.

138. Гидромонитордың жұмысы алдында оның ағысы әсері аймағынан барлық адамдар, гидромонитордың жұмыс орнынан оның жұмысына қатысы жоқ тұлғалар шығарылады.

Учаскенің аумағы гидромонитор ағысының әсері аймағынан кемінде бір жарым еселік ұзақтық қашықтығында осы аумаққа адамдардың келуінің қауіптілігі туралы ескертетін белгілермен қоршалады.

Жұмыс істеп тұрған гидромониторды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

139. Іске қосу кезінде гидромонитордың шығатын тесігі қоршаған орта үшін әрқашан қауіпсіз орынға бағытталады.

Гидромонитор түнгі тәулік мезгілінде жұмыс істеп тұрған кезде ағыс әсері аймағындағы кенжар, жұмыс алаңдары, жауып тұратын ысырмаға барар жол, ысырма жарықтандырылады.

140. Әрбір гидромонитордың қоректендірілетін құбырды ажыратуға арналған ысырмасы болады. Қашықтықтан басқарылатын гидромонитор мен электр жетегі бар ысырмаларды қолданған жағдайда гидромонитор мен ысырмаларды басқару бір басқару пультінен жүзеге асырылады.

141. Кенжарды тексергеннен, қалқаншалар мен салбыраңқыларды жойғаннан кейін кенжарда қосалқы жұмыстарды (жабдықтардың орнын алмастыру және басқалары) жүргізуге болады.

Найзағай кезінде гидромонитордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

142. Топырақ сорғыштар мен гидроэлеваторлардың зумпфтары зумпфқа адамдардың құлап қалу мүмкіндігін болдырмас үшін үстіңгі жағынан торлармен жабылады.

Зумпфты үш жағынан биіктігі кемінде 1 м омыратын қалқандармен қоршауға болады. Бұл жағдайда зумпф жабылады.

143. Зумпфтан тамырларды, бөгде заттарды жинау гидромонитор мен топырақ сорғыш станцияның жұмысы тоқтатылғаннан кейін құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.

144. Қазылған кемерлер еңісінің бұрыштары жыныстардың табиғи еңісінің бұрыштарынан аспайды.

145. Гидромониторлар жұмыс істеп тұрған кезде едәуір қуатты гидромонитордың ең үлкен ағысынан 1,5 есе ұзақтық қашықтығында жақындаған кезде бір-біріне қарама-қарсы, олардың біреуі жұмысын тоқтатады.

Бір мезгілде жұмыс істеп тұрған екі гидромонитор арасындағы қашықтық, олардың кез келген ағысының ең үлкен ұзақтығынан артық болады.

146. Гидромонитор электр берілісінің жоғары вольтты желісінен кемінде ағыс жолының екі еселік ұзақтығы қашықтығында орналасады. Кейбір жағдайларда жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асырған кезде жоғарғы вольтты желіден жақын қашықтықтан аспайтын қашықтықта жұмыс істеуге болады.

147. Ұлпа өткізгіштер мен су тартқыштарды электр берілісінің әуе желілері мен байланыс желісінен 25 м жақын төсеуге болмайды. Осы қашықтықты коммуникациялар мен олардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың иелерінің келісімі бойынша азайтуға болады.

148. Құбырлар мен эстакадаларда төселген су өткізгіш астауларына қызмет көрсету үшін соңғысының бойымен ені 0,5 м, биіктігі 1,2 м қанаттармен қоршалған және астынан жоғары қарай кемінде 200 мм тақтайлармен қапталған көпіршелер орналастырылады.

149. Құбырлар төсемдердегі тегістелген негіздерге салынады. Кемер еңісі немесе карьердің ернеуі бойымен төсеу кезінде құбыр биіктігі бойынша 20-30 м сайын сирек болмайтындай етіп анкерлермен бекітіледі. Ұлпа өткізгіштерді эстакадаларға орналастыру кезінде анкерлер 500 м сайын қойылады. Құбырдың әрбір тік сызықты учаскесінде 500 м сайын сирек болмайтындай етіп компенсатор орнатылады. Құбырларды орлар мен жыраларға салып төсеген жағдайда соңғысының қабырғалары бекітіледі.

150. Сорғы және топырақ сорғыш құрылғылары бөлмелерінің телефон немесе гидромониторларды орнату орнымен радио байланысы болады және апаттық дабылмен жабдықталады.

151. Бөлмелерде сорғылар мен топырақ сорғыш агрегаттар арасында, олар мен бөлме қабырғалары арасында ені кемінде 1 м өту жолдары қарастырылады. Сорғы және топырақ сорғыш станциялары бөлмелерінде ысырмалар мен вентильдердің орнатылған орны көрсетілген құбырлардың сызбалары ілінеді, ал құбырлар арқылы өту үшін көпіршелер жабдықталады.

152. Қанаты бар басқыштармен жабдықталмаған құбырлардың бойымен жүруге болмайды.

153. Топырақ сорғыш қондырғыларда ұлпа өткізгіштер мен су тартқыштар кері клапанмен жабдықталады.

154. Гидроүйінділердің барлық су жіберу және жинау құрылыстары ең үлкен ықтимал ағысқа есептеледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін Гидромеханикаландыру құралдарын пайдалана отырып, барлық су жинау құрылыстары тексеріліп, олардың жай-күйі туралы акт құрылады.

155. Су жинау және су алу құдықтарына бару үшін қанат бар көпіршелер төселеді. Гидроүйіндінің су жинау құдығы сағасының құдыққа адамның құлап кетуін болдырмайтын қоршауы болады.

156. Жаңадан жуылған қыртыстардың үйінділері үйіндімен жүруге тыйым салатын белгілермен белгіленеді.

157. Гидроүйінділерде ұлпа жарылған жағдайда пайдаланылатын авариялық материалдар мен аспаптар қоры болады, олардың орналасу орнын, атауы мен санын ұйымның техникалық басшысы белгілейді.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет