6. Электр машиналары мен аппараттары
532. Электр машиналары мен аппараттары дайындаушылардың нұсқауларына сәйкес пайдаланылады.
533. Электр машиналарын (ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрғаннан кейін) іске қосу алдында: сыртқы тексеру, іске қосу бұйымдарын тексеру, мойынтіректердің жай-күйі мен олардың майлануын тексеру, қозғалтқыш орамдары оқшаулағышының кедергісін өлшеу жүргізіледі.
534. Қозғалтқыш орамдары оқшаулағышы мен іске қосуды реттеу құрылғыларының кедергісін өлшеу вольтметрмен және амперметрмен немесе қозғалтқыш тоқтап тұрған кезде өлшеу көпіршелерінің көмегімен жүзеге асырылады. Өлшеу кезінде пайдаланылатын аспаптардың 0,5 төмен емес дәлдік класы болады.
Тұрақты ток машиналарының оқшаулағыш және кернеуі 660 В дейінгі синхронды қозғалтқыштарының кернеуін өлшеу 1000 В кернеуіне мегомметрмен, ал 660 В астам болса, 2500 В кернеуге мегомметрмен жүргізіледі.
10+30°С температура кезінде машиналардың оқшаулағыш кернеуі шамасының ең аз мәні төмендегідей (МОм):
Тұрақты ток қозғалтқыштары 0,5
Тұрақты ток генераторлары 0,5
Кернеуі 1000 В астам ауыспалы
токтың электр қозғалтқыштарының статорлары 6
Кернеуі 1000 В астам ауыспалы
токтың электр қозғалтқыштарының роторлары 0,5
Кернеуі 1000 В дейін синхронды қозғалтқыштар 0,5
535. Машинаны жөндегеннен кейін оның оқшаулағышы МСМ 30458 «Электрлік айналатын машиналар. Сынау нормалары мен әдістері» сәйкес жоғары кернеумен сыналады.
536. Электр машиналары оқшаулағышының ылғалдылығын бағалау қолданыстағы электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес анықталады.
Оқшаулағыш кернеуі 0,1 МОм төмен болған жағдайда ішкі қыздыру немесе құрғақ ыстық ауа (+70÷80° С) үрлеу арқылы кептіруге болады. Қыздырғыштар ретінде қыздыру лампалары, электрлік қыздыру элементтері, калориферлік қондырғылар қолданылуы мүмкін.
Оқшаулағыш кернеуі 0,1 МОм болған жағдайда якорь орамын қосымша плюс катушкаларымен номиналдың 3-5 % құрайтын кернеуді төмендетуге қосып, электр тогымен кептіруге болады. Машинаны көтеретін кезекті орамы міндетті түрде ажыратылады.
537. Электр машиналарының мойынтіректерінің жай-күйі мерзімді тексеру және жөндеу кезінде пайдалану барысында тексеріледі. Мойынтіректер дайындаушының нұсқауларымен анықталған температурадан артық қыздырылмайды.
538. Электр машиналарының мойынтіректерін майлау үшін дайындаушы зауыт ұсынған майлау құралдары қолданылады.
539. Тұрақты токтың электр машиналарын тексеру тәулік сайын жүргізіледі. Тексеру кезінде коллектор қабатының тазалығы, онда ұшқындаудың, балқымалардың, күйіктердің, пластиналардың әлсіреуінің жоқ екені, щетка ұстағыштардың, щеткалар мен оларды қоректендіргіштердің жай-күйі тексеріледі.
540. Әрбір экскаватордың (кешеннің) тозған щеткаларды мерзімді ауыстыру үшін қосымша щеткалардың резерв қоры болады.
541. Щеткаларды коллекторға салу шамасы олардың паспортына сәйкес болады.
542. Щетка мен щетка ұстағыштың сауыты арасындағы саңылау, якорь шүлдігі бойындағы саңылау – 0,1÷0,4 мм.
543. Коллектор мен щетка ұстағыш сауытының төменгі жиегі арасындағы саңылау 2÷4 мм шегінде.
544. Басқару станциясын, экскаваторлар мен бұрғылау станоктарының пульттері мен шкафтарын кернеуді алмастан сыртынан тексеруді машинист немесе электрик ауысымда бір реттен кешіктірмей жүргізеді. Осы тексеріс кезінде байланыстар мен реленің жай-күйіне, өткізгіштердің жай-күйіне, жиынтық байланыс дөңгелектері мен автоматтарына көңіл аударылады.
545. АТЖ жүргізу кезінде өткізгіштердің бекітілуі тексеріледі, бұрандалар, магнит станциялары мен басқару қалғандарындағы контр гайкалар жақсылап бекітіледі.
546. Басты байланыстырғыштардың түйістіргіштері ені бойынша жанастырылады және ауытқушылығы болмайды, жылжымалы байланыстырғыш ұшқын басу камерасы қозғалған кезде жанаспайды.
547. Байланыстырғыштың жұмыс қабатын олардың бетінде пайда болған тотықтардан, балқыма металл түйіршіктерінен және ластанудан тазарту шығарушының техникалық құжатына сәйкес жүргізіледі.
548. Тұрақты ток байланыстырғыштары жұмыс істеген кезде магнит жүйесінің аздап шуылдауына болады. Қатты шуыл оны жөндеуді қажет ететін ақаудың бар екенін білдіреді. Іске қосу аппаратурасы (жәшіктер, реостаттар, магниттік іске қосқыштар және басқалары) бекітіледі. Басқару шкафтарының есіктері ашық болған кезде электрлендірілген машиналарды қосуға болмайды.
549. Электр машиналары мен аппараттардың таусылмайтын қоры жұмыста барынан 25 % кем емес қарастырылады.
550. Тау-кен машиналары мен басқа да қондырғыларда орнатылған электр машиналары мен аппаратуралары қоршаған орта мен жұмыс режимінің талаптарына сай етіп орындалады. Электр жабдығының жұмыс қабілетін ұстау АТЖ жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
551. АТЖ жүйесінің жұмысын, осы жүйемен байланысты барлық техникалық құжаттама мен есептліктің жүргізілуін бақылау төмендегідей:
1) электр жабдығын жөндеудің айлық және жылдық кестелерін орындауды жүзеге асыратын;
2) электр жабдығының, қосалқы бөлшектердің және материалдардың таусылмайтын қорының жай-күйін бақылайтын карьердің тиісті лауазымды тұлғаларына жүктеледі.
552. Сақтандырғыштардың балқыма ендірмелері оның номинал тогының белгісінде көрсетіліп калибрленеді. Белгі дайындаушының немесе аттестатталған электр техникалық зертхананың нұсқауларымен қойылады. Калибрлендірілмеген ендірмелерді қоюға болмайды.
553. Коммутациялық аппараттар қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындарда электр қозғалтқышына жақын орналасады.
554. Резервтегі электр қозғалтқыштары мерзім сайын тексеріледі және цехтің, учаскенің, карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға бекіткен кесте бойынша сыналады.
555. Технологиялық үдерісті реттеу токтың мәні бойынша жүргізілетін тетіктердің электр қозғалтқыштарының іске қосылуын және жұмысын бақылау үшін іске қосу қалқанында немесе панелде электрқозғалтқышының статорының шынжырындағы токты өлшейтін амперметр орналастырылады. Амперметр синхронды электр қозғалтқыштарын өткізу шынжырларына орнатылады. Амперметр шкаласында қызыл сызықпен шекті токтың мәні (электр қозғалтқышының номинал тогынан 5 % артық) белгіленеді.
556. Электрқозғалтқыштарының топтық қалқандары мен жинақтарындағы кернеудің болуын бақылау үшін вольтметрлер немесе сигнал лампалары орналастырылады.
557. Электр қозғалтқыштарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін дөңгелектердегі кернеу номинал 100÷105 % шегінде болады. Қажет болған жағдайда кернеу номинал –5-тен +10 дейін ауытқыған жағдайда электр қозғалтқышының жұмыс істеуіне болады.
558. Әрбір мойынтіректе өлшенген электрқозғалтқыштарының дірілі, ротордың шүлдігінің екпіні, әуе саңылауының өлшемі қолданыстағы электр қондырғылары мен электр желілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының шамасынан аспайды.
559. Электрқозғалтқышының жүктемесін, мойынтіректердің температурасын, тұйық желдету жүйесі бар электрқозғалтқышындағы кіретін және шығарылатын ауаны тұрақты бақылауды, мойынтіректерді баптауды, іске қосу, реттеу және орнату операцияларын электр техникалық немесе электр технологиялық персонал жүргізеді.
560. Электр жетегі (авариялық) желіден мынадай:
1) электрқозғалтқышта немесе оның іске қосуды реттеу аппаратурасында түтін немесе жалын;
2) электрқозғалтқышын тоқтатуды қажет ететін жазатайым оқиға;
3) электрқозғалтқышының тұтастығына қауіп төндіретін шекті нормадан тыс діріл пайда болған;
4) жетек тетігі сынған;
5) электрқозғалтқыштың жылдам қызуына әсер ететін айналым саны күрт төмендеген жағдайларда ажыратылады.
Техникалық басшы электрқозғалтқыштың авариялық сөнетін кезіндегі басқа да жағдайларды анықтайды, авариялық жай-күйді жою және электр қозғалтқышын іске қосу тәртібі көрсетіледі.
561. Статор орамының сыртқа шығарылған өткізгіштері мен электр машиналарының кабель құйғыштары бекітіліп, қоршаулармен қорғалады, оларды машиналар жұмыс істеп тұрған кезде алуға болмайды. Біліктердің айналмалы бөлігі қоршалады.
Электр машиналарының сыртқа шығарылатын өткізгіштері мен іске қосуды реттеу қорапшалары тығыздалады және бұйымсыз ашылмайтын қақпақпен жабылады.
562. Статор орамының, якорь мен полюстердің сыртқа шығатын өткізгіштері таңбаланады. Іске қосуды реттеу құрылғыларында «іске қосу» және «тоқтату» қалпы белгіленеді.
Топтық қалқандарда жөнделген сөндіргіштерде, байланыстырғыштарда, магниттік іске қосқыштарда, ажыратқыштарда, сақтандырғыштарда олардың қандай қозғалтқышта тиесілі екенін көрсететін жазбалар жазылады.
563. Электр қозғалтқышы қалқандағы қорек кабелінен жөндеуге немесе жинақтауға тоқтаған кезде кернеу алынады, ал ажыратқыштың жетегінде «Іске қоспаңыз! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді.
«Іске қоспаңыз! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакатты алу және машинаны қосу жұмыс істеген тұлға жұмыстың аяқталғаны жөнінде журналға жазып, ал жұмысты қабылдаған тұлға электр қозғалтқышын қосуға рұқсат бергені туралы белгі қойылғаннан кейін жүргізіледі.
564. Қолмен басқарғышы бар электрқозғалтқыштарындағы іске қосу құрылғыларымен операциялар диэлектрлік қолғаптармен жүргізіледі. Ылғал орындарда орналасқан бұл құрылғылардың алдында оқшаулағыш тіреуіштер орнатылады.
565. Егер жұмыс кезінде персонал электрқозғалтқышының немесе тетіктердің айналатын бөліктерімен жанасатын болса, онда сөндіргіштен басқа ажыратқыш та өшіріледі, оның жетегінде «Іске қоспаңыз! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді.
566. Электр қозғалтқышта жұмыс бастау кезінде өшірілген сөндіргіштер мен ажыратқыштардың (жетегі бар тұтқаларды алу, оларды құлыппен жабу және басқалары) жаңылысып қосылуына жол бермейтін шаралар қолданылады.
7. Реле қорғағыш және атмосфералық шамадан тыс кернеуден қорғау
567. Кернеуі 6÷35 кВ ашық тау-кен жұмыстары желілерінде жерге тұйықталудан, сөндіруге әсер ететін реле қорғағыш құрылғысы болады.
568. Бір фазалық тұйықталудан қорғау селективті қорғағыш (ақауы бар қосқыш пен бағытты белгілейтін) және селективті емес резервтік қорғағыш түрінде орындалады.
Селективті қорғағыш кернеуі 6÷35 кВ желілерінің барлық қорек элементтерінде қарастырылады.
Селективті қорғағыш ретінде нөлдік тізбектің ток бағын қорғағышы қолданылады.
Селективті емес резервтік қорғағыш ретінде нөлдік тізбектің кернеулерін қорғағыш қолданылады.
569. Селективті қорғағыш сатыларының саны электрлік байланысқан желілердің жобалық кестесімен анықталады және оны кәсіпорынның электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға бекітеді. Селективті қорғағыш екі немесе үш сатылы болып орындалады. Бірінші қорғағыш сатысы зақымданған учаскені уақытқа ұстамай ажыратады, екінші саты 0,5 с аспайтын уақытқа ұстап, үшіншісінде 0,7 с аспайтын уақытқа ұсталады. Резервтік ретінде барлық электрлік байланысқан желілерді ажыратуға әсер ететін 1 с аспайтын уақытқа ұсталатын қорғағыш – дөңгелектердің немесе қорек трансформаторының секциялары қарастырылады.
570. Егер ашық тау-кен жұмыстары тұтынушылары (бұдан әрі - АТЖ) қоректендіретін ШС бір фазалық тұйықталу кезінде қауіпсіздік талаптары бойынша ажыратылуы қажет етілмейтін тұтынушылары болса, онда резервтік қорғағыш екі сатылы болып орындалады және мынадай:
1) 0,5 с уақытқа ұстап – барлық карьер тұтынушыларын;
2) 1 с уақытқа ұстап – барлық электрлік байланысқан желілерге немесе қорек трансформаторын ажыратуға әсер етеді.
571. Сигналға әсер етіп, жерде бір фазалық тұйықталудан қорғауды конвейерлік көтергіштер мен тұрақты ұсатқыштарды қоректендіретін желілерде мынадай талаптарды сақтаған жағдайда:
1) егер осы тұтынушылардың электр қондырғыларына арналған қорғағыш жерге қосқыштың жеке контуры болса;
2) егер осы тұтынушыларды қоректендіретін жүйеден (ББ, ШС трансформаторы) жылжымалы карьер қондырғыларын қоректендіру жүзеге асырылмаса;
3) егер көрсетілген жүйенің желі тек кабелден болса, орындауға болады.
572. Көрсетілген желілердің реле қорғағышының әсерінен ажыратылатын электр қондырғыларын қоректендіруді автоматты қайта қосу (бұдан әрі - АҚҚ) құрылғысының көмегімен:
1) желілерді оқшаулағышты бақылаудан бұрын болатын құрылғылармен жабдықтаған жағдайда жерге бір фазалық тұйықталудан қорғау іске қосылған кезде;
2) АҚҚ бір рет орындаған жағдайда ең жоғарғы ток қорғағышы іске қосылған кезде қалпына келтіруге болады.
573. Жерге тұйықталудан селективті қорғау әсерінің сенімділігін артыру және желі оқшаулағышындағы шамадан тыс кернеу жиілігін төмендету үшін 2 А дейін жерге тұйықтау тогының белсенді құрамын арттыруға болады.
574. Кернеуі 60 В 1 кВ дейін оқшауланған бейтарап карьер желілерін, оның ішінде тау-кен жабдығын өткізуге арналған қондырғылар ең жоғарғы ток қорғағыш құрылғыларымен және ажыратуға әсер ететін жерге (токтың жерге ағуы) тұйықталудан қорғағыштармен жабдықталады. Токтың ағуынан қорғағыш, іске қосылған кезде жалпы ажырату уақыты 0,2 саспайды, ал ток адамның денесі арқылы өткенде – 100 мА.
Жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы дайындаушы зауыттың КРУ 6-10 кВ шкафтарынан жинақталатын жылжымалы ШС мен ББ трансформаторларының 220 В жағындағы токтың ағуынан қорғағыш, егер көрсетілген трансформаторлардан басқару, қорғағыш және дабыл шынжырлары қоректендірілетін болса, орнатылмауы мүмкін.
575. Қолданыстағы, сондай-ақ жаңадан салынған ЖЖ 35 кВ қосылатын ШС, ЖШС 35-6-10 кВ атмосфералық шамадан тыс кернеуден қорғағышы электр қондырғыларын қауіпсіз орнату талаптарымен ұсынылатын ықшамдалған кестелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ЖЖ 35 кВ арқанды найзағай бөлгіштерді шағын станцияға орнатуға болмайды.
576. ЖШС 6-10/0,23-0,4 кВ атмосфералық шамадан тыс кернеуден қорғағышы шағын станцияның жоғарғы жағынан орнатылатын бәсеңдеткішпен орындалады. Егер 0,23-0,4 кВ шығарылған ЖЖ ұзындығы 500 м артық болса, бәсеңдеткіштерді шағын станцияның төменгі жағынан орнатуға болады.
577. 5-10кВ ЖЖ күндізгі қабатта орналасқан трансформатор оқшаулағышының төменгі импульс төзімділікті шағын станцияларына жақындаған кезде түтікті бәсеңдеткіштер жинағы орнатылады.
578. Кернеуі 35 кВ дейінгі карьерлік жылжымалы ЖЖ тікелей найзағайдың түсуінен қорғау қажет емес.
579. Жылжымалы карьерлік желілерде қорғағыш бөгеттерді орнатуға болмайды.
580. АТЖ тұрақты ЖЖ атмосфералық шамадан тыс кернеуден қорғау әлсіз оқшауланған мынадай орындарда қарастырылады:
1) найзағай белсенділігі (найзағай уақытының саны жылына 60 болғанда) әлсіз және орташа аймақтарда – ЖЖ ауысуы - кабель; өзге ЖЖ немесе байланыс және дабыл желілерімен қиылысу;
2) әлсіз оқшаулағышы бар жоғарыда аталған орындардан басқа, найзағай белсенділігі (найзағай уақытының саны жылына 60 болғанда) жоғары аймақтарда – желілік ажыратқыштар; бір түрдегі тіректен (ағаш) келесі тірек түріне (металл, темір бетон) ауысу.
581. Кернеуі 10 кВ дейін жылжымалы ЖЖ өзара қиылысқан кезде қиылысу жолдарын шектейтін ағаш тіректерге түтікшелі бәсеңдеткіштерді ЖЖ арасында кемінде 2 м тік қашықтықта орнату қажет емес.
582. Найзағай кезінде тоқтатылатын және желіден ажыратылатын электрлендірілген машиналарды (экскаваторларды, бұрғылау станоктарын, үйінді түзгіштерді, тиегіштерді, конвейерлерді, сорғы құрылғыларын және басқаларын) атмосфералық шамадан тыс кернеуден қорғау қажет емес.
Найзағай кезінде ажыратылмайтын электрлендірілген машиналарды:
1) шөміш сыйымдылығы 10 м3 және одан астам бір шөмішті экскаваторларды, ротор кешендерін, көп шөмішті экскаваторларды, үйінді түзгіштер мен көліктік үйінді көпіршелерін вентильді бәсеңдеткіштердің екі жинағымен;
2) шөміш сыйымдылығы 10 м3 төмен бір шөмішті экскаваторларды ауыстырып қосу бекетінде орнатылған вентильді бәсеңдеткіштер кешенімен қорғау орындалады.
583. Қуаты 3000 кВт дейін тұрақты қондырғылардың (сорғылардың, топырақ сорғыштардың, гидро механизация қондырғылары және басқалары) электр қозғалтқыштарының атмосфералық шамадан тыс кернеуден қорғау, ЖЖ 6-10кВ тікелей немесе қысқы кабель ендірмелері (50 м дейін) арқылы қосылған бөлу құрылғылары жүзеге асырылады.
Бұл ретте найзағай белсенділігі әлсіз және орташа аймақтарда қорғағыш қорғау ыдыстарын орнатпай-ақ орындалады.
584. Шағын станциялардың 6-10 кВ БҚ мен вакуумды ажыратқыштары бар КБҚ коммутациялық шамадан тыс кернеуден шектегіштерді орнату қарастырылады.
8. Жерге қосу
585. Оқшаулағыштардың арматураларын, кермелерді, кронштейндер мен жарықтандыру арматураларын, оларды ЖЖ ағаш тіректеріне орнату кезінде оларға оқшауланбаған жерге қосатын өткізгіш төселген болса, жерге қосу қажет етілмейді.
Электр қауіпсіздігі бойынша мынадай қорғау: қорғап бөлу, қорғап оқшаулау, қолданыстағы нормативтер бойынша қауіпсіз кернеу шаралары қолданылатын жабдықтың ток өткізбейтін бөліктерін жерге қосуға болмайды.
586. Кернеуі 35 кВ дейін электр қондырғыларының жерге қосу құрылғысы:
1) жалпы барлық деңгейдегі кернеуі бар электр қондырғылары үшін жасанды жерге қосқыштарды пайдаланып;
2) жалпы немесе жеке қолданыстағы электр қондырғыларын қауіпсіз орнату және пайдалану талаптарына сәйкес орындалған жоба бойынша табиғи жерге қосқыштарды пайдалана отырып орындалады.
587. Ашық тау-кен жұмыстарындағы жалпы жерге қосу құрылғысының кедергісі желінің кез келген нүктесінде 4 Ом аспайды, жерге қосу магистралы мен оның тармақтары арқылы орталық жерге қосу желісіне біріктірілген бір немесе бірнеше басты (орталық) және жергілікті жерге қосқыштардан тұрады.
Пайдаланудағы әрбір жерге қосу құрылғысына жерге қосу кестесін, негізгі техникалық деректерді, жерге қосу құрылғысының жай-күйін тексеру нәтижелері туралы, осы құрылғыға енгізілген өзгерістер мен жөндеу сипаты туралы деректерді қамтитын паспорт болады.
Жергілікті жерге қосу құрылғылары карьердің жылжымалы электр қондырғыларында (АҚБ, ЖТШС, ЖББ және басқа да қондырғылар) құрылатын жергілікті жерге қосқыштар және жылжымалы электр қондырғыларын жергілікті жерге қосқыштармен қосатын жерге қосу өткізгіштері түрінде орындалады. Жергілікті жерге қосу құрылғысының кедергісі нормаланбайды. Басты жерге қосқыштар ретінде 35/5-10 кВ шағын станцияларының немесе 6-10 кВ ББ жерге қосқыштарын пайдалануға болады.
588. Кернеуі 110 кВ және одан астам шағын станциялардың жерге қосқыштарын, біріктірілген және тартылыс ШС (олардың кернеуіне қарамастан) оқшауланған бейтарап жүйеден қоректендірілетін АТЖ электр қондырғыларының басты жерге қосқышы ретінде пайдалануға болмайды. Басты жерге қосқыш бұл жағдайда көтерілген және оқшау (басты бәсеңдеткіш шағын станцияның контурымен байланыспайтын) етіп орындалады.
Жұмыстың сенімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін әр түрлі жерге қосу желілерінің токтарына қосылған бірнеше көтерілетін жерге қосқыштарды орнатуға болады.
589. Оқшауланған бейтарап және тұйық жерге қосатын бейтарап электр қондырғылары үшін циклдік-ағыс технологиясының жерге қосу құрылғылары, корпустар, металл құрылымдары, инженерлік желілері және кабель қабықшалары бойынша электрлік байланысы бар электр жабдығы қолданыстағы Электр қондырғыларын қауіпсіз орнату және пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес бөлек-бөлек орындалады.
590. Топырақтың үлестік кедергісі көп аймақтарда және қолданыстағы электр қондырғыларын қауіпсіз орнату және пайдалану талаптарында келтірілген іс-шараларға қосымша басқа кедергілерде жерге қосу құрылғыларын орнату үшін жерге қосқыштарды белгіленген тәртіпте келісілген паспорт бойынша орындауға болады.
591. Ашық тау-кен жұмыстарында жергілікті жерге қосу құрылғысынсыз төмендегі талаптардың бірін орындаған жағдайда жылжымалы электр қондырғыларының жұмыс істеуіне болады:
1) басты жерге қосқышты тармаққа немесе жерге қосу магистралына басты жерге қосқыштың қандай да бір элементі немесе кез келген электр қондырғысының жерге қосу магистралы қатардан шыққан жағдайда 4 Ом аспайтындай етіп резевтеу, бұл ретте басты (орталық) жерге қосқышты алуды нормалауға болмайды;
2) электр қондырғыларын орналастыру орындарында жердің үлестік электр кедергісі 200 Ом∙м артық болса;
3) электр қондырғыларын ажыратуға әсер ете отырып, жылжымалы жұмы машинасынан жылжымалы электр қондырғысына (АҚБ, ЖТШС, ЖББ) дейінгі жерге қосатын шынжырдың тұтастығын автоматты бақылау жүйесі болады;
4) экскаватордың немесе бұрғылау станогының өздігінен жерге қосқышы жерге тұйықталудан қорғаудың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Осы шарттардың сақталуы ұйымның электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғасы бекіткен реле қорғағышын тексеру хаттамасымен рәсімделеді;
5) тұтынушылардың жерге қосу кедергісінің шарттарын қамтамасыз еткен жағдайда 4 Ом аспайды.
592. Жылжымалы электр қондырғыларында (ТБ, ББ және АҚБ) жергілікті жерге қосқыштарды орнатқан кезде көрсетілген қондырғылардан қоректендірілетін жылжымалы машиналардың, аппараттардың қосымша жергілікті жерге қосқыштарын салуға болмайды.
593. ЖЖ тіректері бойынша төселетін магистралды жерге қосу өткізгіштері ретінде болат арқандар, қимасы кемінде 35 мм2 алюминий және болат-алюминий өткізгіштері қолданылады.
594. Иілгіш кабелдерден жасалған 35 кВ дейінгі бөлу желілерінде магистралды жерге қосу өткізгіші ретінде кабелдің жерге қосу желісін пайдалануға болады. Бұл ретте кабелдің жерге қосу желісінің тұтастығын автоматты бақылау қарастырылады.
595. Теміржол және автомобиль жолдармен қиылысатын жерлерде қозғалатын көліктің оны үзуін болдырмайтындай етіп жерге қосу өткізгіші ілінеді. Егер оны орындау мүмкін болмаса, жер асты өту жолын жүзеге асыруға болады.
Магистралды жерге қосу өткізгіші (дөңгелек, жолақты болат, болат қанат) қорғағыш құбырында (электрлендірілген теміржол көлігінде – металл емес), қорапта және басқаларында төселеді.
1,8 м дейін биіктіктегі тірек бойынша өткізгішті түсіру механикалық зақымданудан қорғалады. Жолдың қиылысу жерінде қиылысатын жолдың әр жағынан құбыр кемінде 3 м шығып тұрады. Жылжымалы электр қондырғыларын атмосфералық шамадан тыс кернеуден қорғау құралдары карьердің жерге қосу құрылғыларына қосылады.
596. Шамадан тыс кернеуден қорғау үшін жылжымалы ЖЖ тұрақтыға ауыстыру орындарында төменде регламенттелген кедергісі бар жере қосқыштар орнатылады:
Топырақтың үлестік электрлік кедергісі, Ом∙м
|
Жерге қосу құрылғысының кедергісі, Ом∙м
|
|
Түтікшелі бәсеңдеткіштер үшін
|
Вентильді бәсеңдеткіштер үшін
|
10
10-100
100-150
500-1000 кем
1000 астам
|
5
10
15
20
30
|
4
10
10
15
15
|
9. Карьерлер мен үйінділерді жарықтандыру
597. Карьерлер мен үйінділердегі электрлік жарықтандыру осы Талапқа сәйкес жұмыс орындарын жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Жарылғыш материалдар қоймалары қолданыстағы жару жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес жарықтандырылады.
Сорғылар, компрессорлар, шығыршықтар мен басқа да машиналар мен тетіктер орнатылған жүк тиеу кешендерінің машина, қызмет, қойма үй-жайлары қолданыстағы электр қондырғыларын қауіпсіз орнату және пайдалану талаптарына сәйкес электрлік жарықтандырғышпен жабдықталады.
598. Карьердің жарықтандыру желілері үшін, жылжымалы машиналарды жарықтандыру жүйелері үшін желі кернеуі 220 В аспаған жағдайда оқшауланған бейтарап электрлік жүйе қолданылады. Жарықтандыру түрлерін пайдалану кезінде 220 В жоғары кернеуді пайдалануға болады.
Жылжымалы қол шамдарын қоректендіру үшін ауыспалы токтың 42 В аспайтын және тұрақты токтың 48 В аспайтын желі кернеуі қолданылады. Тепловоз тіркемесін пайдалану кезінде кернеуі 75 В дейінгі тұрақты токтың жылжымалы қол шамдарын қоректендіру үшін қолдануға болады.
599. Үйінділерді, автомобиль жолдарын карьер ішінде және одан тыс жарықтандыру үшін, карьердің жұмыс алаңдарын жарықтандыру үшін ДКСТ түріндегі және тұрақты тіректерде орнатылатын соған ұқсас жарық беру қондырғылары үшін жерге қосатын бейтарап жеке трансформаторлық шағын станциядан қоректендірілетін 220 Вольт фазалық кернеуді қолдануға болады.
Іске қосу құрылғылары бар жарық беру қондырғыларына қызмет көрсету наряд бойынша кемінде екі адам жүргізеді, олардың біреуінің IV төмен, ал қалғандарында ІІІ төмен емес біліктілік тобы болады.
Жарық беру қондырғыларын сынау және жұмысқа қосу кезінде қызмет көрсету персоналына монтаждау мұнарасында болуға болмайды. Іске қосу барысы жерде бақыланады.
Жарық беру қондырғыларының іске қосу жүйелерінің есіктері ашық тұрған кезде, олардың қосылуын болдырмайтын бұғаттағыш құрылғылары болады. Есіктің алдыңғы жағында жоғары кернеу белгісі, ал есіктің ішкі жағында іске қосу құрылғысының негізгі сызбасы көрсетіледі.
Іске қосу құрылғылары бар жарықтандыру қондырғылары жерге қосылады.
600. Карьерлер мен оның үстіндегі объектілердің аумағы машиналардың құрылымына жапсарлас салынған немесе жылжымалы немесе тұрақты тіректерге (діңгекке) орнатылған шамдармен және прожекторлармен жарықтандырылады.
601. Байланыс желісінің тұрақты (металл, темірбетон, ағаш) тіректерінде электрлік жарық беру өткізгіштері мен шамдарды ілуге болады. Бұл ретте:
1) жарық беру желілерінің сымдары тіректің келесі жағынан түйістіргіш сымнан жоғары ілінеді;
2) түйістіргіш сымынан бастап жарық беру сымдарына дейінгі қашықтық кемінде 1,5 м болады;
3) жарық беру желілерінің оқшаулағыштары түйістіру желісінің кернеуі бойынша алынады.
Электрлік жарық беру өткізгіштері мен шамдарды түйістіру желісінің аспалы тіректерінде ілуге болмайды.
602. Үйінділердегі жарық беру желісі үйінді түзгішке қарама-қарсы жақтағы теміржол бойымен төселеді.
603. Карьерлер мен үйінділерді жарықтандыру үшін ксенон және сынаптық-кварц лампаларын қолдану ұсынылады.
604. Кернеуі 42 В дейін қоса алғандағы шамдардан басқа, жарық беру арматурасынсыз жарық көздерін пайдалануға болмайды.
605. Люксметрдің көмегімен карьердегі жұмыс орындарына жарық беруді бақылау алты айда бір реттен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |