1. ТЕХНИКО ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
Кез келген ғимаратты соғу алдында соғу аймағының географикалық рельефін, электр қуатымен қамтамасыз ету, қажетті сұйық және қатты отынның тасмалдануын , тасмалдағыш құралдардың, телекомуникацияның, су ресурстарының жер асты суларының, соғу жұмыстарын жүргізу үшін еңбек ресурстарының және жобаланып жатқан ғимараттың эксплуатациясын ескеру қажет.
1.1. Соғу жұмыстарының аумағын негіздеу
Соғу жұмыстарын жүргізу үшін 42000 тұрғыны бар Алматы қаласы ұсынылуда.
Алматы қаласының климаттық жағдайы континентальді, қысы – суық, бірақ, қары аз, ал жаз айлары – ыстық. Қаңтар айының орта температурасы - 8ºС, шілдеде + 40ºС.
Оңтүстік Қазақстан облысында май өндіру зауыттары көп, соның ішінде Алматы маргарин зауыты жобаланған цех зауыт жанында салынбақ. Алматы қаласы үлкен қала болғандықтан барлық еңбек ресурстары қаланың өзінен жиналмақ. Қалада автокөлік және басқа да тасмалдау көліктерімен қамтамасыздандырылған.
Осы технико экономикалық негіздеу модифицирленген майлар цехын соғу техникалық мүмкін және экономикалық тиімді екенін дәлелдейді.
1.2. Шикізатпен және материалдармен қамтамасыз ету
Рафинирленген сұйық май Оңтүстік Қазақстан аумағында көптеп өндіріледі. Қатты майлар басқа шетел мемлекеттерінен тасмалданады.
1.3. Электр қуатымен қамтамасыз ету
Цехтың жарықтануы трансформаторлық подстанция арқылы қалалық электр жүйесінен тартады.
1.4. Сумен қамтамасыз ету
Цехтың жұмысы үшін қажетті су мөлшері жер асты суларынан және су қоймаларынан қалалық су жүйелерінен алынады.
1.6 Кадрлармен, транспортпен және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету
Жобаны іске асыру үшін Алматы қаласының тұрғындары және облыста тұратын адамдарды жұмысқа алуға болады.
Инженер – технологтарды Оңтүстік Қазақстан облысының М.Әуезов атындағы Университетті бітіруші студенттерді шақыруға болады.
Цехқа қажетті шикізаттар қалалық автокөліктермен, жүк машиналарымен немесе темір жол желісімен тасмалдануына болады.
Цехты соғу үшін қалалық соғу организациялары немесе студенттік соғу отрядтарын жұмылдыруға болады.
Дайын өнім зауыттың өзіне тасмалданады. Қайта этерифицирленген майлар маргарин өндірісінде компонент ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |