1 технологиялық карта тәрбиеші: Қуанышева Б. Д күні



бет39/40
Дата01.03.2024
өлшемі165.03 Kb.
#493676
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Экология негіздері

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-
қозғау-шылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.




Миға шабуыл:
- Балалар, біз бүгін арпа себеміз. Арпа өскен соң онымен біз құстарды тамақтандырамыз. Міне, мынау - арпаның дәнегі. Арпаны көшет арқылы отырғыза алмаймыз. Оны тек себуге ғана болады. Біз арпаны сепкенде жай ғана сеуіп қана қоймаймыз, біріншіден зерттеу жүргіземіз, екіншіден бақылаймыз. Ол үшін сендер алдыларыңа алжапқыштарыңды киіп алыңдар.
- Сендердің алдыларыңдағы 2 ыдыста арпаның дәнегі жатыр. Екі ыдыстағы арпаның дәнегінен қандай өзгеріс байқалады.
Енді құрғақ дәнді қолдарыңа алып, оның екі жақ ұшына назар аударыңдар. Миға шабуыл:
- Қалай ойлайсыңдар, суда тұрған арпа қатты ма, жұмсақ па?
- He себепті суға салынды?
- Балалар, арпаның біреуін суға салған себебім: сендер зерттеп, бақылап көрсін дедім. Қазір сендер екі орталыққа бөлінесіңдер.
- Арпаны отырғызбас бұрын не істейміз?
- Дұрыс айтасыңдар, бәрің бері жақындап жәшіктегі топырақтан стақандарыңа кішкене ғана топырақ салыңдар.

Балалар алжапқыштарын тағады.


- Бірінші тәрелкедегі арпаның дәні құрғақ, екіншісі суға салынған.
Балалар арпаны қолдарына алып, екі ұшының үшкір, қатты екендігін айтады. Балалар өз ойларын айтады.
Балалар екі орталыққа бөлінеді.
- Стақандарға топырақ саламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет