2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар



бет10/12
Дата11.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#127887
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5 параграф. Редукторлар
778. Оттегі мен жанғыш газдары бар баллондарды редукторлары болған жағдайда пайдалануға болады.

Манометрі жоқ, манометрі жарамсыз немесе тексеру мерзімі өткен манометрі бар редукторларды пайдалануға болмайды.

Редукторлардың жұмыс камерасына орнатылған сақтандыру клапаны болады.

Сақтандыру клапаны егер жұмыс камерасы редуктор алдындағы біршама кіру қысымына тең қысымға есептелсе, орнатылмайды.

779. Редуктор баллон сияқты дәл сондай түске боялады.

780. Орнату алдында редуктор мен жең олардың қандай газға арналғанына тексеріледі. Жанғыш газдарға арналған баллондардағы бүйір штуцерлердің сол жағында кескіші, ал оттегі толтырылған баллондарда оң жағынан болады.

Оттегі баллонына жанғыш газға арналған редуктор мен жеңді орнатуға болмайды.

781. Жұмыс алдында қайырмалы сомындағы тығыздау төсемдері тексеріледі және қажет болған жағдайда ақауы барлары жаңасымен ауыстырылады.

782. Редуктор немесе вентиль қондырғысында ақаулық анықталған жағдайда жұмыс дереу тоқтатылады. Ақауы бар баллондар немесе редукторлар шеберханаларға беруі тиіс.

783. Редуктор баллонға үнемі дәнекерлеушіде болатын кілтпен қосылады.

784. Редукторлар мен жеңдерді баллон вентилі жабық болған кезде ғана орнатуға және қосуға болады.

Оттегі редукторына кіру жолында өлшемі 50 мкм астам механикалық бөліктерді аулайтын сүзгіштер орнатылады.

785. Майлы қолмен редукторларды орнатуға және оттегі баллондары вентилдерін ашуға болмайды.

786. Жарылуды болдырмау үшін оттегі баллондарын майлауға болмайды.

787. Қатып қалған редукторларды майдың ізі жоқ таза ыстық сумен жылытқан жөн; осы мақсатта ашық отты және электрлік қыздырғышты пайдалануға болмайды.

6 параграф. Газбен дәнекерлеуге және металл кесуге

арналған жеңдер
788. Газ өткізу жеңдері МСТ 9356 «газбен дәнекерлеуге және металды кесуге арналған резиналы жеңдер. Техникалық шарттарға» сәйкес болады.

789. Газбен дәнекерлеуге кесуге арналған жеңдердің жалпы ұзындығы 30 м аспайды. Жең бір-бірімен екі жақты бүрме ниппелдермен қосылған және қамыттармен бекітілген үшеуден аспайтын жеке кесектерден тұрады.

Монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде ұзындығы 40 м дейін жеңдерді қолдануға болады. Ұзындығы 40 м астам жеңдерді жұмыс басшысының рұқсатымен ғана тек ерекше жағдайларда пайдалануға болады.

790. Жеңдер күй сайын жұмыс алдында сызаттарды, тіліктерді, үйкелген жерлерді және басқаларын анықтау үшін тексеріледі.

Жеңдердің сыртқы беттерінде қабаттардың ашылуына, көпіршіктердің пайда болуына, орамдарың ашылуына, майысқан жерлердің және оларды пайдалану кедергі келтіретін басқа да ақаулардың болуына жол берілмейді.

791. Жеңдер 3 айда 1 рет 1,25 р тең қысыммен төзімділікке гидравликалық сыналады, мұндағы р – жұмыс қысымы, МПа. Жең бұл ретте 10минут қысымды ұстап тұрады. Жеңде шық немесе жергілікті көтерілу түрінде судың жарылуына, ағуына жол берілмейді.

Суға салу әдісі арқылы майдан және механикалық қоспалардан алдын ала тазартылған ауаны немесе азотты пайдалана отырып, гидравликалық сынақты пневматикалық сынақпен ауыстыруға болады.

Сынақ нәтижелері журналға (еркін түрде) жазылады.

792. Ацетилен, пропан және бутан беруге арналған жеңдердің сыртқы қабаты қызыл түсті, оттегі көк түсті болады.

793. Жанарғыға немесе кескішке қосқанға дейін жеңдер жұмыс газымен үрленеді.

794. Газ өткізу жеңдерін жанарғылардың, кескіштер мен редукторлардың қосылған ниппелдеріне бекіту сенімді болады. Осы мақсатта керме қамыттар қолданған жөн. Жеңдерді қосу орындары жұмыс басталар алдында және сол уақытта тығыздығына тексеріледі. Су тығындарының ниппеліне жеңдер мықтап киіледі, бірақ бекітілмейді.

795. Жұмыс кезінде жеңдерді майыстыруға және керуге болмайды. Жеңдер әр түрлі кездейсоқ зақымдардан, оттан және басқаларынан қорғалады; жеңдердің болат арқандармен, кабелдермен және электрлік дәнекерлеу өткізгіштерімен қиылысуына жол берілмейді.

796. Ақауы бар жеңдерді пайдалануға, оларды оқшаулағыш таспамен немесе басқа да осыған ұқсас материалмен орауға болмайды. Зақымданған учаскелер кесіледі де, ұштары екі жақты ниппелмен қосылады және керме қамыттармен бекітіледі. Жеңдерді иілгіш келте құбырлардың кесіктерімен қосуға болмайды.

797. Жеңдер үзілген кезде отты дереу сөндіріп, тиісті вентилдерді жауып, қоректі тоқтату қажет.

798. Жеңдер биіктігі -1,5 м аспайтын айлақтағы -24°С бастап +25°С дейін температура кезінде үй-жайда немесе ашылған күйде сақталады және жылу оқшаулағыш аспаптарынан кемінде 1 м қашықтықта орналастырылады. Монтаждау алдында қолайсыз температурада сақталатын жеңдер кемінде 24 сағат ішінде бөлме температурасында ұсталады.

Жеңдер тікелей күн және жылу сәулесінің түсуінен, оларға майдың, бензиннің, керосиннің түсуінен, олардың буларының әсерінен, қышқылдан, сілтіден және резина мен керме каркасты бұзатын басқа да заттардан қорғалады.



7 параграф. Ацетилен генераторлары
799. Ацетилен генераторлары МСТ 12.2.054 «Ацетилен қондырғылары. Қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

800. Барлық ацетилен генераторларының белгіленген үлгідегі паспорты, инвентарлық нөмірі болады. Әрбір ацетилен генераторы пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жарақталады.

801. Тасымал ацетилен генераторлары ашық ауада немесе аспада орнатылады. Уақытша жұмыстарды орындау үшін ацетилен генераторларын бөлмелер жақсы желдетілетін етіп, әрбір аппаратқа көлемі кемінде 300 м3 өндірістік және қызметтік бөлмелерде орнатуға болады. Егер генератор бір бөлмеде орналастырылса, ал газбен дәнекерлеу жұмыстары басқа аралас бөлмеде орналасса, онда генератор орналасатын бөлменің көлемі әр аппарат үшін кемінде 100 м3 болады.

Ацетилен генераторлары қоршалады және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу орындарынан, ашық оттан және қатты қыздырылған заттардан, компрессорлармен және желдеткіштермен ауа жинау орындарынан 10 м жақын емес қашықтықта орналастырылады.

Генераторларды адамдар жұмыс істейтін немесе тұрақты болатын бөлмелерде, өту жолдарында, саты алаңдарында, жертөлелерде, жарық берілмеген орындарда, арналар мен тоннелдерде, ацетиленді жарылу қаупі бар қоспаларды түзетін (мысалы, хлор) немесе тез тұтанғыш (күкірт, фосфор және басқа да) заттардың бөлінуі мүмкін бөлмелерде орнатуға болмайды.

Тұрақты генераторлар, тұрақты жұмыс үшін арналған тасымал генераторлар бөлмелерде орнатылады және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес пайдаланылады.

Ацетилен генераторын пайдалану кезінде ҚР СТ Р МСТ 12.4.026-2002 «Сигнал түстері және қауіпсіздік белгілеріне» сәйкес «Бөгде адамдарға кіруге болмайды – от қаупі бар», «Темекі шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» деген жазбалары бар кестелер ілінеді.

Тасымал ацетилен генераторларын өту жолдарына немесе саты торларына орнату қажет болған жағдайда олар қоршалады және үздіксіз қадағалауда болады.

Ауа температурасы жағымсыз болған кезде генераторлар жылы будкаларға орналасады.

802. Дәнекерлеу орнынан бастап тез тұтанғыш материалдар (керосин, бензин, талшық және басқалары) қоймасына дейінгі, жарылыс қаупі бар материалдар мен қондырғыларға (оның ішінде газ баллондары мен газ генераторлары) дейінгі ең аз қашықтық кемінде 10 м.

803. Газ генераторларын қыздыру үшін ашық отты немесе балқыма заттарды пайдалануға болмайды. Қатып қалған ацетилен генераторларды майдың ізі жоқ тек бумен немесе ыстық сумен қыздыруға болады; жылжымалы генераторды бөлмеде ашық оттан және желдеткіш болған жағдайда кемінде 10 м қашықтықта қыздыруға болады.

804. Газ генераторын сумен толтыру бақылау құрылғысының деңгейіне дейін нақты жүргізіледі.

805. Ацетилен үшін сақтандыру сұйықтықтарының тығындарын пайдалану нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

806. Бекет тығындары тігінен орналасқан күйдегі металл желдетілетін шкафтарда орналасады және оқшауланған өткізгіштерден кемінде 0,5 м, жалаңаш өткізгіштерден 1 м, ашық жалын көздерінен 10 м қашықтықта алыс орналасады.

807. Сақтандыру тығынындағы сұйықтықтың деңгейін жұмыс басталар алдында және онда газ қысымы болмаған жағдайда әрбір 2 сағат сайын және әрбір кері соққыдан кейін тексерілуі тиіс. Аптасына кемінде 1 рет тығын жұмыс қысымында герметикалығына сабынды эмульсиямен және жұмыс қысымы едәуір болған кезде 6 айда 1 рет тексеріледі. Тығынның төзімділігін тексеру жылына бір рет 6,0 МПа гидравликалық қысымымен жүргізіледі. Кері клапанның ершікке орналасу тығыздығы 15 күнде 1 реттен кешіктірілмей қызыс толығымен болмаған жағдайда клапанның үш еселік бөлігімен тексеріледі. Бұл ретте тығынға бақылау құрылғысының деңгейін дейін сұйықтық толтырылады.

Сақтандыру тығынының тығыздығына тексеру нәтижелері журналға (еркін түрдегі) жазылады.

808. Тығынға әрбір кіргізген сайын кері клапанның ершікке тығыз орналасуы және герметикалығы мен тығынның беріктігі осы Талаптың 807 тармағының талабына сәйкес тексеріледі.

809. Тығынды пайдалану үшін іске қосқанға дейін оны монтаждағаннан кейін кері клапанның тығыз орналасуы және тығынның герметикалығы тексеріледі.

810. Газ генераторы камерасын кальций карбидімен толтыру генератор жүйесіне сәйкес өлшемдегі кесектермен жүргізіледі. Кальций карбиді алдын ала бөлшектенеді.

Кальций карбиді бар камера генератор ұяшығына салынады және үйкелістен ұшқынның шығуын болдырмас үшін зарядтау және разрядтау үшін ол асықпай, бір қалыпты және түрткісіз шығарылады. Кальций карбидін аппарат шүмегіне темір шыбықтармен және өткізгіштермен тығындауға болмайды. Тығындау үшін ағаш таяқшалар немесе ұшқынның түзілуін болдырмайтын басқа да бұйымдар қолданылады.

811. Ацетилен генераторын пайдалану кезінде:

1) ақауы бар су тығынында немесе тығынсыз жұмыс істеуге және тығындағы су деңгейін шекті деңгейден төмендетуге;

2) сақтандыру клапандарының ақауы болған және реттелмеген кезде немесе олар болмаған жағдайда жұмыс істеуге, сақтандыру клапандары мен мембраналардың орнына тығындарды орнатуға;

3) карбид тозаңында жұмыс істеуге;

4) кальций карбидін дымқыл жәшіктерге немесе себеттерге салуға және алуға және осы операцияларды қолғапсыз орындауға;

5) кальций карбидін аппаратқа ацетилен генераторын пайдалану жөніндегі нұсқауда белгіленген нормадан жоғары салуға;

6) паспорт өнімділігі бойынша белгіленген нормадан жоғары газ түзуді форсирлеуге және генератордағы қысымды белгіленген нормадан жоғары жасанды түрде арттыруға, генератор қоңырауын сыналауға немесе оған қандай да бір жүк орнатуға;

7) автоматты реттегіштерді ажыратуға;

8) тиеу құрылғысының қақпағын, газ қысымымен жұмыс істейтін барлық жүйедегі орташа қысым генераторы ретортын ашуға;

9) біреуден артық газ жалынымен өңдеуді ацетиленмен жабдықтау кезінде бір тасымал генератордан жұмыс істеуге болмайды.

ГВР-3 түріндегі газ генераторынан ацетиленмен төрт бекетке дейін қоректендіруге болады. Бұл жағдайда сақтандыру тығынынан басқа генераторға әр бекетте су тығыны орналастырылады.

Тасымал генераторды ол жұмыс істеп тұрған кезде қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

812. Жұмыс аяқталғаннан кейін генератордағы кальций карбиді толық пайдаланылады немесе құйылып алынады, корпус пен реторт сумен жуылады, ал генератор мен пайдаланылмаған кальций карбиді жабық ыдыста қауіпсіз орынға қойылады.

Жұмыс істейтін тасымал генератор орнатылған бөлме жұмыс аяқталғаннан кейін жақсылап желдетіледі.

813. Генератордан шығарылатын әк тұнбасы осы мақсатта бейімделген ыдысқа салынады және тұнба шұңқырына немесе арнайы бункерге құйылады. Ашық тұнба шұңқырлары периметрі бойынша кемінде 1 м биіктікте қоршалады. Жабық шұңқырлар жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткішімен және тұнбаны жоюға арналған люктермен жабдықталады.

Тұнбаны сақтау орнынан 10 м дейін радиуста темекі шегуге және ашық от көздерін пайдалануға тыйым салу туралы қауіпсіздік белгілері ілінеді.

814. Ацетилен генераторларын тексеру, тазарту және жуу айына кемінде 2 рет жүргізіледі.

Ацетилен қондырғыларын тазарту алдында барлық ойықтар (үрлеу экрандары, люктер және басқалары) желдету үшін ашылады.

Сақтандыру клапандарын айына кемінде 2 рет жуған жөн.

Генератордан тұнба қалдықтарын шығарушы жұмыскерлер респираторларды, брезент қолғаптарды және қорғағыш көзілдіріктерді пайдаланады.

Тұрақты ацетилен генераторларын жылына кемінде 1 рет мемлекеттік еңбекті қорғау инспекторы тексереді. Тексеріс нәтижелері генератордың паспортына жазылады.

Пайдаланудағы ацетилен генераторлары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1994 жылғы 21 сәуірде № 13-ІІІ бекіткен Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау және тау-кен қадағалау комитетінің 1993 жылы 15 сәуірде бекіткен Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесінің талаптарына сәйкес техникалық куәландырудан өтеді.



8 параграф. Газ талдау орындары
815. Жанғыш газдың газ талдау орны шығатын жерінде сұйықтық немесе құрғақ тығынмен және тығын құрылғысымен жабдықталады.

Газдар үшін сақтандыру тығынының – ацетиленді ауыстырғыштардың (сутегінен басқа) орнына кері клапанды орнатуға болады.

816. Оттегінің газ талдау орны тығын құрылғысымен жабдықталады.

817. Газ талдау орнының құрылымын жұмыс қысымы едәуір болған кезде герметикалы қарастырған жөн.

818. Газ талдау орындары құлыпқа жабылатын металл желдетілетін шкафтарда орналастырылады.

Панелдер, кронштейнтер, шкафтар және қалқандар жанбайтын материалдан жасалады.

819. Газ талдау орындарының шкафтарында сигналдық-ескерту жазбалары жазылады:

1) оттегі орындары үшін – «Оттегі. Майға қауіпті» деген қара әріптермен жазылған көк түсті;

2) ацетилен орындары үшін – «Ацетилен. От шығу қаупі бар» деген қызыл әріптермен ақ түсті;

3) жанғыш газдардың (сутегінен басқа) орындары үшін – «Жанғыш газ. От шығу қаупі бар» ақ әріптермен жазылған қызыл түсті.

820. Барлық газ талдау орындарына өту жолдары еркін және үймеленбейді. Мерзім сайын және қажеттілігінше шкафтардың түстері ажыратылады және оларға жазбалар орнатылады.

9 параграф. Газбен дәнекерлеу және газбен кесу аппаратурасын тексеру, жөндеу және сынау
821. Газбен кесу және газбен дәнекерлеу аппаратурасын қалына келтіріп жөндеу, қосалқы бөлшектерді дайындау, оны жөндеуден кейін тексеру және сынау орталықтандырылған тәртіпте жүргізіледі.

822. Газ аппаратурасын орталықтандырып жөндеу үшін газ жарылу қаупімен байланысты аппаратурамен жұмыс істеу талаптарына сәйкес бөлмелерде жүргізіледі. Бөлмеде желдеткіш қарастырылады, майдың түсу мүмкіндігі болмайды, газдармен қоректендіру көздері сыналатын аппаратурадан және басқаларынан қауіпсіз қашықтықта орналасады. Бөлме өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

823. Цех қоймасынан ақауы бар кескіштерді, жанарғыларды, редукторларды, жеңдер мен басқа да аппаратураны беруге болмайды.

824. Барлық кескіштер мен жанарғылар айына кемінде 1 рет және ақаулығы жөнінде күмән болған жағдайда тексеріс нәтижелерін журналға тіркеп, газ төзімділігіне және жануына (бұл ретте кері соққылар болмайды). Тоқсанына кемінде 1 рет газ жалымен өңдеу үшін барлық редукторлардың герметикалығына тексеріледі және сыналады.

825. Тексеріс кезінде: редукторға орнатылған манометрлердің жарамдылығы, клапандардың зауыттық реттегіші бұзылмағаны жөнінде куәландыратын баллон редукторларының сақтандыру клапандарында пломбалар мен басқа да белгілер, кескіштің жарамдылығы, ақауы жоқ төсемнің және оттегі редукторының кірме штуцерінде сүзгінің болуы тексеріледі.

826. Редукторды сынау кезінде алмалы-салмалы қосқыштардың және көмескі клапанның (оны талдамай) герметикалығы тексеріледі.

Редукторлар МСТ 13861 «Газ жалынымен өңдеуге арналған редукторлар. Жалпы техникалық шарттар» бойынша сыналады.

827. Кәсіпорынға жаңадан келіп түскен аппаратура (кескіштер, жанарғылар, редукторлар және басқалары) журналға тіркей отырып, осы Ереженің 824 - 826 тармақтарына сәйкес тексергеннен кейін ғана пайдалануға беріледі.

828. Бақылау-өлшеу аспаптарын (манометрлер, газ шығынын есептегіштер және басқалары) жөндеу арнайы шеберханаларда жүргізіледі.

829. Оттегі редукторларын, вентилдерді, жанарғыларды, кескіштерді талдау, жөндеу және жинақтау ацетилен аппаратурасынан бөлек орган шынысымен (плексигласпен), табақты алюминиймен, жезбен немесе пластмассамен жабылған үстелде бөлек жүргізіледі. Үстелдің беті кірден жүйелі түрде тазартылады және майы кетіріледі. Жөндеу таза киімде және майсыз қолмен жүргізіледі.

830. Газ реттегіштерді жөндегеннен кейін газ редукторларының қосқыштары (алмалы-салмалы және дәнекерлеуші) мен көмескі тораптары герметикалыққа, жұмыс қысымын реттеудің бір қалыптылығына тексеріледі, газ алуды тоқтатқан кезде жұмыс қысымының арту дәрежесі және газ шығыны көп болған кезде ең көп жұмыс қысымын алу мүмкіндігі анықталады.

831. Жөндеуден кейін кескіштер мен жанарғылар газ өткізбеушілігіне, инжекциялы қабілеті мен жануға сыналады.

832. Газ аппаратурасы сыналатын бөлме аралас бөлмелерден қалқандармен бөлінеді және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. Газ аппаратурасын сынау кезінде бөлмеде бөгде адамдардың болуына болмайды.

833. Пайдалану кезінде тиісті біліктілігі бар дәнекерлеушілер мен кесетін тұлғалардың жанарғылар мен кескіштерді бөлшектеуіне және жинақтауына болады.

834. Бөлшектеу алдында жанарғылар, ацетилен редукторлары, су тығындары мен басқа да ацетилен аппаратурасы тозаңнан, ылғалдан және майдан ауамен немесе азотпен жақсылап үрленеді.

835. Кесетін қосқыштары тозған газ аппаратурасын пайдалануға болмайды. Газ аппаратурасын қарау және тексеру кезінде кесетін қосқыштардың тозу дәрежесі бақылау-өлшеу аспабымен анықталады.

836. Жинақтау алдында жөнделетін аппаратураның барлық бөлшектері жақсылап майдан тазартылады, ыстық сумен жуылып, құрғақ етіп сүртіледі немесе таза, майсыз, ауа ағынымен кептіріледі. Аппаратураның майын кетіру кезінде осы Талаптың 701 тармағының талаптары сақталады.

837. Газ аппаратурасы мен қосалқы бөлшектер жеке қоймаларда немесе цех қоймаларының жеке стеллаждарында сақталады.



10 параграф. Ацетилен- және оттегі өткізгіштеріне қызмет көрсету
838. Ацетилен тасымалдауға және бөлуге арналған ацетилен құбыр өткізгіштері МСТ 12.2.060 «Ацетилен құбыр өткізгіштері. Қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

Ацетилен өткізгіш ацетилен өткізгішті ацетилен қондырғысына немесе разрядтау рампасына қосу орындарында, цехқа, ғимаратқа немесе ацетилен пайдаланылатын ғимарат бөлігіне кір жолында, тұтынушылардың жеке учаскелеріне ацетилен өткізгіштің таралу жолдарында, жерасты ацетилен өткізгіштерге кіру және шығу жолдарында тығын құрылғысымен жабдықталады. Ацетилен өткізгіш ацетилен берілетін және қысымды өлшеу қажетті орындардағы әр тарамда қысымды өлшеу үшін бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталады.

839. Оттегі және ацетилен құбыр жолдарының, арматураның, сақтандыру құрылғылары мен бақылау-өлшеу аппаратураларының жай-күйін ұйымның бұйрығы бойынша тағайындалған жауапты тұлға қадағалайды.

840. Ацетилен және оттегі құбыр жолдары мен арматураға қызмет көрсетуді, тексеруді, сақтандыр және авариялық жөндеу, бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін бақылауды арнайы оқытылған персонал жүргізіледі.

841. Оттегі жолдары мен арматураға қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге қолы және аспабы мен киімі майлы, маймен былғанған тұлғаларды жіберуге болмайды.

842. Құбыр жолдары мен газ талдау бекеттерінен оттегі мен ацетиленнің ағуы анықталған жағдайда және ақаулықтарды дереу қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда зақымданған учаске ажыратылады, ал бөлме жақсылап желдетіледі.

843. Қатып қалған ацетилен- және оттегі өткізгіштерді жылыту кезінде Талаптың 787 тармағының талаптары басшылыққа алынады.

844. Ацетилен және оттегі құбыр жолдарын, газ талдау орындарын және арматураны тексеру кезінде тасымал шам көзі ретінде 12 Вольт кернеулі шамдар мен жарылу қаупінен қорғалған шырақтар қолданылады.

845. Газбен кескіштер мен газ дәнекерлеушілері жұмыс істеген кезде ацетилен және оттегі орындарының шкафтары ашық болады.

846. Құбыр өткізгіштегі ацетиленді тек сұйықтық тығыны арқылы пайдалануға рұқсат етіледі. Бір тығынға бір орынды ғана қосуға болады. Қолмен тығынға газ жалынды жұмыстарды жүргізу кезінде бір жанарғыны немесе кескішті қосуға болады.

847. Қысыммен жұмыс істейтін газ өткізгіштер мен арматураны жөндеуге, фланецті қосқыштардың бұрандаларын тартуға болмайды. Барлық жөндеу жұмысының түрлері қысымды атмосфералық қысымға дейін алдын ала төмендеткеннен және тұбырларды азотпен үрлегеннен кейін ғана жүргізіледі.

848. Ацетилен жолдары төзімділікке гидравликалық сынаққа 5 жылда 1 рет, оттегі өткізгіштер 3 жылда бір рет жүргізіледі.

Гидравликалық сынақты 0,15 МПа дейін төмен және орта қысымдық ацетилен өткізгіштері және 1,6 МПа дейін төмен қысымды оттегі өткізгіштері үшін пневматикалық қысыммен ауыстыруға болады.

Қысымда ұстау уақыты кемінде 10 минут.

849. Ацетилен қондырғыларында (станцияларында) қолданылатын төмен және орташа қысымды ацетилен өткізгіштер негізгі жабдық сыналатын сынақ қысымына тең қысыммен сыналады.

0,15 МПа астам жоғары қысымды ацетилен өткізгіштер олардың орналасу орнына қарамастан 1,1 есептік қысымға сәйкес, бірақ 30,0 МПа аспайтын қысыммен; ацетилен қондырғысының құрамына кірмейтін 0,02 МПа бастап 0,15 МПа дейінгі орташа ацетилен өткізгіштер 1,1 есептік қысымға сәйкес сыналады; ацетилен қондырғысының құрамына кірмейтін 0,02 МПа дейін төмен қысымды ацетилен өткізгіштер 0,3 МПа тең қысыммен сыналады.

Оттегі өткізгіштер 1,25 жұмыс қысымына тең, бірақ кемінде 0,2 МПа қысымымен сыналады.

850. Құбыр өткізгіштерде егер жарылу, ағу, тамшылау және булану, көрінетін қалдық өзгерістер анықталған жағдайда гидравликалық сынақтан өтеді.

851. Ацетилен- және оттегі өткізгіштерін тығыздыққа сынау жылына 1 реттен кешіктірілмей жүргізіледі.

Ацетилен өткізгіштерді тығыздыққа сынау азотпен немесе инертті газбен жүргізіледі. Жаңадан енгізілген ацетилен өткізгіштер үшін сығылған ауамен ауыстыруға болады. Оттегі өткізгіштерін тығыздыққа сынау азотпен немесе маймен ласталмаған сығылған ауамен жүргізіледі.

Тығыздыққа сынау жұмыс қысымымен жүргізіледі. Цех аралық ацетилен өткізгіштерді сынау кезінде қысым 0,3 МПа төмен емес.

Құбыр өткізгіштің тығыздығы барлық дәнекерлеу жіктерін, фланецтерді, кескіштерді және өзге де қосқыштарды, арматура құралдарын сабынды эмульсиямен сулау арқылы тексеріледі. Тығыздыққа сынау нәтижесі дәнекерлеу, фланецті және кесетін қосқыштар арқылы газдың өтуі анықталмаса, тегістегеннен кейін кемінде 30 минут ішінде қысым температурасы төмендетілмесе, қанағаттанарлық деп саналады.

852. Әрбір күрделі және орташа жөндеуден кейін газ өткізгіштің тиісті учаскесі міндетті түрде гидравликалық сынауға жатады. Газ өткізгіш бөліктерін ауыстырып жөндеу кезінде мұндай учаскелер азотпен үрленеді және тығыздыққа сыналады.

Қысыммен жұмыс істейтін газ өткізгіштердегі ағу өлшемдері тоқсан сайын 1 рет анықталады.

853. Ацетилен- және оттегі өткізгіштерін төзімділікке және тығыздыққа сынау нәтижелерін газ өткізгіштердің, арматураның, сақтандыру құрылғылары мен бақылау-өлшеу аппаратураларының жай-күйін қадағалау үшін жауапты тұлға журналға (еркін түрде) жазады.

11 параграф. Газ жалынды жұмыстар
854. Газ жалыны жұмыстары басталар алдында жұмыс орны тексеріледі, жұмыс істеуге кедергі келтіретін артық заттар мен тез тұтанатын материалдар алынады; дәнекерлеуші дәнекерлеу қондырғыларының барлық бөлшектерінің ақауының жоқтығына, газ бөлу құрылғыларының жанарғыға (кескішке) және редукторға, ал редуктордың баллонға берік және тығыз қосылуына, тығында (бақылау құрылғысы бойынша) судың болуына және деңгейіне, тығынның барлық қосқыштары мен тығынның жеңге дұрыс қосылуына, жанарғының (кескіштің), редуктордың және жеңнің ақаусыздығына, инжекторлық аппаратурада жеткілікті сорғының болуына, оттегі мен жанғыш газдың жанарғыға (кескішке) дұрыс бөлінуіне көз жеткізеді.

855. Редукторлардың вентилдерің асықпай және бір қалыпты ашылады, ашатын адам газ ағынына қарсы жақта тұрады. Вентилдің алдында тікелей оны ашу кезінде адамдардың болуына және бос жатқан (бекітілмеген) заттардың болмайды.

856. Пропан-бутан вентилі мен қоспа тұтатқышы арасындағы аралық өте аз болады, сондықтан ең алдымен отты өткізіп, одан соң жанарғы вентилін ашылады.

857. Қондырғыны шлангіде газ конденсациясының болуына байланысты жанарғыда (кескіште) жабық вентилмен және баллонда ашық қалдыруға болмайды.

858. Баллон вентилі ашық тұрған кезде кесетін қосқыштарды тартуға болмайды.

859. Газ жалыны жұмыстары (дәнекерлеу, кесу, бұйымдарды қыздыру): газ жалыны жұмыстарын жүргізуге арналған баллондар тобынан (екеуден артық) кемінде 10 м, оттегі және жанғыш газдары бар жекеленген баллондарынан 5 м, жанғыш газдардың газ өткізгіштерінен, сондай-ақ металл шкафтарда орналасқан газ талдау орындарынан жұмысты қолмен жүргізу кезінде 3 м және механикаландырылған тәсілмен өндіру кезінде 1,5 м қашықтықта жүргізіледі.

Көрсетілген қашықтықтар газ жалыны жұмыстарына жатады, жалын мен ұшқын газбен қоректендіру көздеріне қарама-қарсы жаққа орналасқан бағытта болады. Жалын мен ұшқынды газ көздері жағына бағыттау кезінде оларды ұшқыннан және жалыны жылуының әсерінен қорғау шаралары металл кермелер орнату арқылы қабылданады.

860. Дәнекерлеу және кесу кезінде мынадай негізгі қауіпсіздік ережесі сақталады:

1) қол жанарғысын (кескішін) тұтату кезінде ең алдымен оттегі вентилі аздап ашылады, одан соң жанғыш газ вентилі ашылады және қысқа уақытқа үрлегеннен кейін жең газ қоспаларына қысылады, одан соң жалынды реттеуге болады. Сөндіру кезінде бұл операциялар керісінше жүргізіледі: алдымен жанғыш газды беру, одан соң оттегіні беру тоқтатылады. Дәнекерлеушіге қолдан жанарғыны (кескішті) ол өшкенге дейін шығаруға болмайды;

2) жұмыс кезінде газбен дәнекерлеу және металдарды тірекпен кесу үшін жеңдерді иықтарда ұстауға немесе оларды аяқпен қысуға болмайды;

3) жұмысшыны тұтанған жанарғыдан (кескішпен) жұмыс орнынан тыс, басқышпен орналастыруға, ағашпен және басқаларға көтеруге болмайды;

4) жұмыста үзіліс болған кезде жанарғы (кескіш) жалыны сөндіріледі, ал ондағы вентилдер тығыз жабылады;

5) жұмыста ұзақ уақыт бойы үзіліс болған кезде (түскі ас және басқалары) оттегі және ацетилен баллондарындағы немесе газ талдау орындарындағы вентилдер жабық болады, ал редукторлардың баспа бұрандалары серіппе босатылғанға дейін бұралады;

6) жанарғы (кескіш) қызған кезде жұмыс тоқтайды, ал жанарғы (кескіш) сөндіріледі және қоршаған орта температурасына дейін салқындатылады. Оны салқындату үшін дәнекерлеушінің таза суық суы бар ыдысы болады;

7) жарылу мен кері соққылардың болуын болдырмас үшін мундштуктардың лайланған сыртқы арналарында жұмыс істеуге болмайды;

8) генератордан қысымды төмен түсіргенге дейін және жанарғы (кескіш) жалыны сөнгенге дейін ауа сорғысы мен жалынның кері соққысын болдырмас үшін ацетиленді шығындауға болмайды;

9) жалынның кері соққысы кезінде жанарғыдағы (кескіштегі), баллондағы және су тығынындағы вентилдер дереу жабылады;

10) кері соққыдан кейін жалын қайта жанған кезде тығынның жай-күйі оны талдағаннан кейін және кері клапанды тексергеннен кейін тексеріледі, ал мембранасы жоқ тығын шағылдырғышпен тексеріледі;

11) әрбір кері соққыдан кейін жеңдер, тексеріледі, олар инертті газбен үрленеді немесе басқасымен ауыстырылады.

861. Металды жанарғымен тек жанғыш газды пайдалана отырып, оттегіні қоспай қыздыруға болмайды.

862. Жұмыс аяқталғаннан немесе жұмыс күні аяқталғаннан кейін баллондар қоймаға тапсырылады немесе жабылатын контейнерге қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет