2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеу



бет4/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
ВОП 2

3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін ресімдеу;
4) анамнезді және шағымдарды жинау;
5) пациентті қарап-тексеру;
6) алдын ала диагноз қою;
7) клиникалық хаттамаларға сәйкес зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерінен өту үшін диагностикалық зерттеулерге жолдама беру;
8) пациентті бейінді маманға консультацияға жіберу (көрсетілімдер болған кезде);
9) емдеу жоспарын жасау (клиникалық хаттамаларға сәйкес);
10) пациентті басқару тактикасын айқындау;
11) шұғыл немесе шұғыл жағдайда, алғашқы медициналық көмек көрсету және пациенттерді стационарға тасымалдауды қамтамасыз ету (жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру, ол келгенге дейін байқау және шұғыл көмек көрсету);
12) көрсетілімдерді айқындау және жоспарлы стационарға және стационарды алмастыратын медициналық көмекке жіберу;
13) пациентті психологқа және әлеуметтік қызметкерге консультацияға жіберу (айғақтар болған кезде);
14) медициналық құжаттаманы жүргізу, пациенттің деректерін медициналық ақпараттық жүйелерге енгізу;
15) пациентті динамикалық байқауға анықтау (көрсетілімдер болған кезде);
16) пациенттерді, оның ішінде ауруларды басқару бағдарламасына қатысқандарды динамикалық байқау;
17) ҚР ДСМ 2021 жылы 21 тамыздағы № 92 бұйрыққа сәйкес фертильді жастағы әйелдерді динамиқалық байқау, экстрагениталды патологияны аңықтау, диспансеризациялау және сауықтыру
18)балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған жүргізу қағидаттарын және патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделін сақтай отырып, 5 жасқа дейінгі балаларды байқау;
19) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру;
20) "Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) (бұдан әрі- № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы) және "Белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ–75 бұйрығыға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген);(бұдан әрі – № ҚР ДСМ-75 бұйрығы) сәйкес жіті аурулары бар пациенттерге рецептілер жазып беру;
21) зерттеп-қарау нәтижелерімен және денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысымен расталған дене функциясының тұрақты бұзылулары анықталған кезде пациентті медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет