2 ДӘріс дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар



бет10/22
Дата26.03.2023
өлшемі387 Kb.
#471117
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
карым катынас психологиясы

Негізгі ұғымдар: қатынас, этикет, этика
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениеті деген не ?
2. Этикет дегеніміз не?
3. Мен концепциясының құрылымын сипаттаңыз.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Тақырып 10. Дауласу және пікірталас, олардың психологиялық ерекшеліктері
Жоспар:
«Дауласу», «пікірталас», «сөзбен қағысу» түсініктерінің анықтамасы. Дауласу мәдениеті.Дауласудағы сендірудің психологиялық тәсілдері: дауласуға қатысушыларға әсер ету тәсілдері; дауласудағы сұрақтар және оған жауап түрлері; әділетсіз тәсілдер, ерікті және еріксіз амалдар.
Топқа кіретін әр жеке тұлғаның санасы. Топтың ішіндегі әлеутеттік топтардың ерекшеліктері көптеген қызығушылықтарды тудырады. Миндей мен Аронсон томдарында «топ» деген сөздің өзіне көптеген анықтамалар берілген. Еврей авторларының айтуы бойынша «топ» деген ұғым «шындық» дегенді білдіреді, ал американдықтардың айтуы бойынша «буржуазия» деген ұғымды білдіреді. Бұлардың ұғымдары әр түрлі болған мен олардың мақсаты бір. Ол топтың психологиясының мінездемесінің бұл топқа енетіндердің әрекеттерінің бір-бірімен байланысты. Үлкен топқа енетіндердің әрекеттерімен топтың психологиялық мінездемесінің бір-бірімен болатын байланыстары яғни әлеуметтік топтың психологиялық мінездемесі әлеуметтік топқа енетіндердің әрекеттері бір-біріне әсерлесуіне әлеуметтік психологиядағы әлеуметтік салт-дәстүр әр түрлі болуы мүмкін. Әрбір әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымы бар және ол үш негізден тұрады: мәртебелі – рөлдік қатынас, мамандандырылған – дәрежеленген мінездеме және жыныстық құрам. Біз топтағы қақтығыстардың, жағымсыз эмоциялардың қайдан шығатынын біле және түсіне бермейміз.Бұл сұраққа американдық психолог Олпорттың адамның рөлдік қылықтары кестесінен кейін жауап беруге болады. Бұлардың барлығы әлеуметтік рөлді орындаудан басталады. Мысалы, белгілі бір тұлға басшы орнына тағайындалады. Әр топтарда әр түрлі ойлар қалыптасады: біреулер демократиялық немесе либералды басшыны (көбіне шығармашылық және ғылыми топтарда ) басқалар қатал және авторитарлы (өндірістік топ). Енді қауым адамнан нені қажет екендігін түсіну керек. Өз рөлін түсінбеген адам қиналады.Әрине бұл жағдайға адамдар көп көңіл бермейді, ал қақтығыс туғанда, бұл адамнан басқалар нені қажет етіп тұрғанын түсінбегені байқалады. Кейбір адамдар қауым одан нені қажет етіп тұрғанын біліп, бірақ осы адам оны істемейтінін саналы түрде түсініп тұрса да сол рөлді қабылдайды.Өз рөлін түсінгеннен кейін ғана адам рөлді қабылдау немесе одан бас тарту керек. Рөлді қабылдау қарым – қатынаспен байланысты. Түсіну және жаңа рөлді қабылдау өте қиын және сол адамның кейпіне кіріп, ішкі жан дүниесі мен жаңа орнына үйренуге біршама уақыт керек. Рөлді жүйенің келесі сатысы – рөлді ойнау немесе іске асырудың екі жағы бар, олар: рөлдегі адамның қылықтары және ортаның берген бағасы. Соңғысы, адамның өзіне - өзі берген бағасы және әртүрлі мәртебелі орындағы адамдардың бағалауы болып табылады. Топтың әлеуметтік құрылымы – мамандандырылған – дәрежеленген мінездеме.Бұл құрылымға білім деңгейі, кәсіп және топ мүшелерінің дәреже деңгейі кіреді. Ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасының кестесі. Үшіншісі – топтың жыныстық және жастық құрамы.Басшы үшін бұл өте қажет, өйткені жастық кезеңдердің психологиялық ерекшеліктері болады.Сонымен бірге жыныстық жақпен бөліп, айтар болсақ, әйелдер ұжымы эмоционалды болып келеді және осы ұжымда рөлдік қақтығыс көп болады. Ал ер адамдар тобы қаталдыққа бейім келеді, олар инертті, рационалды, сондықтан топта әйелдер мен ер адамдардың араласуы ұжымда психологиялық хал – ахуалдың жағымды болуына ықпалын тигізеді. Әрине, топтап, ұжымнан «сырт қалғандардың» жағдайы қиын. Мұнда да адамның тумысынан берілетін қасиеттері де (флегматик, меланхолик темпераментінің өкілдері) себепті болады. Сондықтан, топ жетекшілері мен белсенділер осы жайтты ескеріп, ондай адамдарды ұжымға тартудың тиімді жолдарын қарастырулары тиіс. Іс - әрекеттің қандай түрі болмасын оның атқарылуы оңайға соқпайды. Кейде ол терең сапалылықты, терлеп – тепшуді, шаршап шалдығуды қажет етеді, тіпті адамды стресс жағдайларына (діңке құру, болдыру) ұшыратуы мүмкін. Сонымен қорыта айтатын болсақ, топтағы адамдар индивидуалдылығымен ерекшеленеді, өзіне тән темпераменті, мінезі, ойы мен интеллектісі, өзінің құндылығымы көрінеді. Осы индивидтер танысады, қарым – қатынасқа түседі, уақыт өте топтағылар бір – бірлерін түсініп, қабылдап, жағымды қарым – қатынаста болады. А.А.Бодалев, В.Н.Панферов сияқты психологтар эксперимент жүргізгенде таныстық кезінде адамның ойында бірінші шашы қалады. Психологтар адамдарды қабылдауда психологиялық типтерді көрсетеді, олар: жағымды, жағымсыз және адекватты. Жеке тұлғаны жағымды түрде қабылдасақ, біз оған өте жоғары баға береміз, яғни «жамандықтарын жасырып, жақсылықтарын асырып » айтамыз, ал егер керсенше, жағымсыз болса сол тұлғаның кері, яғни теріс жаман қасиеттері алдымен көзге түсіп, сол тұлғаға сенімсіздікпен қараймыз.
«Қатарласу» эффектісі – белгілі бір тұлға жайлы мәліметтер, ақпараттар жинау сол тұлғаға көптеген әсерін тигізеді. Сол тұлғаға жамандық ойлайтын адам ол туралы ақпарат жинап басшыға және оның жақындарына жеткізуге тырысады. Өз - өзін ақтап, олай болмағандығы туралы дәлелдеу көптеген ауыртпалықтарды алып келеді. Көптерге мәлім эффект бұл жағымды қасиеттер беріледі, ал оның ойлағанындай адекватты емес қасиеттері, іс - әрекеттері адамды ренжітеді, көнілін қалдырады. Қарым – қатынастың психологиялық механизмін және бір – бірлеріне әсер етуін белгілі бір қатарға тізіп қоюға болады. Бұл қатарда ең бірінші жұғу ерекшелігі, яғни адамның қарым – қатынасындағы жағымды эмоцияларының қалыпты өсуі. Жұғу ерекшелігі санасыз деңгейде болады және кезекте, көпшілікте сонымен бірге біраз ғана топтасқан адамдар алдында да бола береді. Келесі қатарда екі ерекшелік, олар: өз - өзін сендіру және еліктеу. Өз - өзін сендіру немесе суггестия индивидуалды және топтық түрде болады және қарым – қатыстың мақсатына қарай саналы және санасыз денгейде болады. Әрбір адам келесі адамның идеяларын, әрекеттерін, сезімдерін қабылдау да жоғарыда айтылған қасиеттерді қолдана алады.
Еліктеу – күрделі динамикалық ерекшелік. Бұл жесттің, тәртіптің, қимылдық, интонацияның көшірмесінен саналы түрде қабылдауына дейінгі көрінеді. Қарым – қатынастағы психологиялық механизмдердің бірі – бәсеке. Бәсеке адамды физикалық және интелектуалды, эмоционалды түрде шаршатады. Егер бәсекенің даму стимулы болса бұл жақсы, ал егер бұл бәсеке бақталастыққа айналса (мысалы ер адамдарда қызметтік сферада, ал әйел адамдардың жеке өмірлерінде) онда жаман болғаны. Үшінші денгейді айтар болсақ бұл – көндіру, яғни аргументті, саналы түрде өз ойларын, әрекеттерін сөз арқылы басқа адамға жеткізу. Көндіру тек сөзбен ғана емес, іспен де көрініп жатса іске асады. Осы психологиялық механизмдердің барлығын игерген басшы басқа адамдармен қарым – қатынасқа түскенде үлкен жетістіктерге жетеді. Топтағы өзара қарым – қатынастар тек топ мүшелері үшін ғана емес, сонымен бірге басшы мен бағынушыға және жалпы жеке тұлға мәртебесі үшін қажет. Бұл тек тұлғалар бір – бірлерін түсіну болып табылады. Түсінушіліктің өзі әртүрлі деңгейде болады. Түсінушіліктің төменгі және үстіртін денгейі адамның іс - әрекетінің еш мақсатсыз, тек қабылдау, жақсы немесе жаман деп түсіну. Екінші деңгейде түсінушілік бұл адамның ақылына, мінезіне, әрекетіне талдау жасау, баға беру, интеллектуалды ерекшелегіне қарай: ақылды немесе ақымақ, қатал немесе бос және т.б. Ең жоғарғы үшінші деңгейде адамды терең мотивін, әр түрлі әрекеттердің өзара байланыстарын және т.б. Танудың екі түрі бар: біріншісі эмпатия адамды эмоционалды түрде қабылдау, оның жан дүниесіне, ішкі әлеміне ену, оны әр түрлі ойларымен, сезімдерімен шынайы түрде қабылдау. Егер топта белгілі бір жүйеде тұлғалық қарым – қатынас болса, онда психологиялық шағын топқа айналады (адамзаттық қарым - қатынас) терминологиясының теория бойынша – бейресми топ. Шағын топтың ерекшелігі оларды заңды және әкімшіліктен ұстау қиын, олардың өзгермейтін ережелері болады. Бұл топ ұжымның ресми басшылығына, сонымен қатар оппозицияны қабылдауы мүмкін немесе қарсы тұра алады. Кейбір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке айналып кеткен. Мысалы, «яғни», «әрине», «демек», «ана барғой», «жалпы», т.б. сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қорының аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін адам арнайы жаттығуы қажет. Адамның өз сөз қорын байытуына, сөйлеу шеберлігін дамытуына байланысты мынандай мысалды келтіруге болады. Бір адам «Р» әрпіне тілі келмеген болса да оның тіл кемістігін жұмысындағы әріптестері ұзақ уақыт бойы байқамаган, себебі ол «Р» эрпі бар сөздерді айту қажет болғанда, оның орнына сол сөздердің синонимдерін гана қолданып отырған екен.
Создік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын тақырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге белінеді: аксиалды және ретиалды. Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қат ынас). Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындагы қарым-қатынас). Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына (сынып іші, аудитория, дала, табиғат, мейрамхана т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке, түнде) адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-түрлі болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда оның орны мен уақытының алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды қарастырайық. Мысалы АҚШ-та көптеген ірі компанияларда кабинеттердің есіктері бэрі шыныдан жасалған. Олар бәріне ашық, міне біз жұмыс үстіндеміз дегендей. Ал немістер ондай жерде жұмыс істей алмайды. Олар ашық есікті де ретсіздік деп санайды.
Сонымен қатар қарым-қатынасты ұйымдастыруда әңгімеге қатысушылардың үстел басында орналасулары да, тыңдаушылар мен баяндаушы арасындағы ара қашықтық та дұрыс ескерілуі керек. Тым алыс отырған тыңдаушының зейінінің шоғырлануы төмендеп сейіле бастайды. Ал егер баяндаушы да, тыңдаушылар да өзара жақын, салыстырмалы түрде бірдей қашықтықта орналасса олардың тығыз қарым-қатынастары тиімді нэтижеге жеткізетіні анық. Бір үстел басында отырған адамдардың қарым-қатынысы күштірек болатынына байланысты кейбір маңызды семинар, мэжілістердің «дөңгелек үстел» басында өткізілу себебі де осы идеяға негізделген.
Бір адаммен сөйлескенде оған не қызықты, ол неге еліктейді соны анықтап алған жөн. Бұндай қарым-қатынасты өзіңді мазалайтын нәрседен емес, тыңдаушыңды қызықтыратын мәселеден бастаған жөн. Аксиалды қарым-қатынас барысында тек өзінің пікірін ғана дұрыс деп санайтын адамдар да жеткілікті. Ондай адамдармен дауласудың қажеті жоқ. Тек нақты фактілер, нақты аргументтер арқылы логика заңдарына негізделіп өз пікіріңіздің дұрыстығын сабырлықпен, достық қарым-қатынасты бұзып алмайтындай дәлелдеген абзал. Ал керісінше, кейбір жағдайларда сіздің барлық пікіріңізбен келісіп мақұлдай беретін адамдармен әңгімелесудің өзі қызықсыз болып қалады. Ондай адамдардың жеке пікірін білу үшін оларға тікелей сұрақтар қойып отыруға тура келеді.
Егер сізге айтылып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетін болсаңыз, «Мен оны білемін» - деп кесіп айтудың қажеті жоқ. Керісінше ол адамның сол мәселе жайлы білімдерін өз білімдеріңізбен салыстырып көріңіз, бәлкім сізге қызықты жаңалықтар айтылатын шығар. Аксиалды жэне ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп түрған адамды тыңдай алудың өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (уақыттың тыгыздыгы, үялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.) алшақтатуына байланысты өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет