2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет4/15
Дата20.05.2022
өлшемі53.27 Kb.
#458414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Лекция (1)

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің поэтикалық ерекшеліктері
2. Б.Майлинның «Шұғаның белгісі» повесіндегі сюжет пен композицияның негізгі компоненттері және олардың көркем шығармада атқарып тұрған қызметі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Композиция (латынша composito-құрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы. Алайда мұны құрылыс деген сөзге қарап тек пішінге ғана байланысты ұғым деуге болмайды, композиция мазмұнмен тікелей байланысты нәрсе: ол әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы. Көркем әңгіме, не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз – шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары – шығармадағы оқиғаның дамуы. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді; белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себебі болса, екіншісі оның нәтижесі. Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек кездейсоқ нәрсе емес, өмір шындығы, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады. Оқиғаның белгілі бір мекенде, белгілі бір мезгілде болғандығы көрсетіледі. Әңгіме адамдар туралы болғандықтан, олардың сыртқы пішіні, кескіні, мінез-құлқы, іс-әрекеті, күйініш, сүйініші, сөйлеген сөзі, қысқасы, өмірдегі адам қандай болса, көркем шығармада да біз тап сондай адамдарды кездестіреміз. Сөйтіп шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді, әр алуан бөлшектердің қалауын тауып жазушы асқан шеберлікпен қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Міне, осыны шығарманың композициясы – құрылысы – деп атайды. Көркем шығарманың құрылысы шығарманы жақсы не нашар шығарма деп баға беруде шешуші роль атқарады. Оқығанда бас алғызбай тартып әкететін оқиғаның қызықтығы, көсем серкедей, ерекше көзге түсетін образы – ұнамды образдардың рух берерлік ерліктері, ұнамсыз образдардың жан түршіктірерлік жауыздықтары және өзекті өртерлік трагедиялық жайттардың шығармаларда табиғи заңдылықпен мүлтіксіз шебер қиюласуы – композицияның ісі. Егер ол болмаса, бір-бірімен байланыссыз оқиға да, әдемі пейзаж, портреттер де, үздік жасалған әдеби мінездер де оқушыларын қызықтыра алмаған болар еді. Ондай шығармаларды оқиға дамуларында композициялық бүтіндік жоқ, сондықтан көркемдік дәрежеге көтеріле алмаған әлсіз, құнсыз шығарма дер едік. Сюжет (французша sujet-зат) – көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым- қатынасынан туған шындық, өмірлік оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы қимыл-әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді. Сондықтан болса керек, сюжет дегеніміз, -дейді Горький, - жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатысы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы». Бұл – классикалық анықтама. Мысалы «Шұғаның белгісі» шығармасының сюжетін дәл осы анықтама тұрғысынан пайымдап қарасақ, «Әбдірахман Шұғаға ғашық болады» деген фабулалық мәліметтің мүлде жеткіліксіз екенін, демек, фабула тіпті де сюжет бола алмайтынын аңғару қиын емес. Егер фабула «Әбдірахманның Шұғаға ғашық болғанын «қысқа ғана хабарлап тұрса, сюжет осы ғашықтықтың құпия сырына, Әбдірахман мен Шұғаның өзара қарым-қатысына, олардың жан дүниесіне, түрліше сезім иірімдеріне, қимыл-әрекеттеріне, олар кездескен кедергілер мен қайшылықтарға, олар түскен күрес-тартыстарға, осылар арқылы қалыптасқан олардың адамдық тағдырлары мен болмыстарына, ақыр аяғында олардың әдеби қаһарман, типтік тұлға, қоғамдық характер ретіндегі «өсу, жасалу тарихына» тереңдеп кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет