2. ДӘріс тезистері



бет10/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Үшіншіден, психикалық үдерістердің жеке тұлғадан тәуелділігі осы үдерістердің өздері дамушы үдерістерден тәуелсіз болып қалмайтынымен, керісінше саналы реттелетін амалға, әрекетке айналатынымен, яғни психикалық үдерістердің жеке тұлғаның психикалық функцияларына айналатынымен көрінеді. Осылай, жеке тұлғаның дамуы барысында қабылдау бақылаудың саналы біршама реттелетін үдерісіне айналады, ал еріксіз қаперінде қалдыру саналы есте сақтаумен алмасады. Зейін өзінің өзіне тән адами формасында ерікті болады, ал ойлау – бұл адамның міндеттерді шешуге саналы бағыттаған амалдарының жиынтығы. Осы контекске қарай барлық адам психологиясы жеке тұлға психологиясы болып табылады.
Г.П.Щедровицкий мәскеулік логика үйірмесінің негізін салушының бірі (1952 жылдан бастап, үйірмеге Б.А.Грушин, А.А.Зиновьев және М. К.Мамардашвили кірген) және оның тікелей жалғасы ретінде – Мәскеу әдіснамалық үйірмесінің ұйымдастырушы лидері болған.
Табиғатына қарағанда, іс-әрекет бағытының басымдылығы идеясын гносеологиялық және онтологиялық жоспарда қорғаған. Г.П.Щедровицкий «Адам өмір сүру әрекетінің барлық шегі ретінде» әдіснаманың өзін-өзі анықталуы идеясын ұсынған. Автор келесі кезеңдерден өткен логикалық-әдіснамалық бағдарламасын ұсынып, дамытқан:

  • мазмұндық-генетикалық эпистемиология (логика) және ойлау теориясы (1952-1960);

  • іс-әрекеттік бағыт және іс-әрекеттің жалпы теориясы (1961-1971);

  • жүйелі мағыналы іс-әрекеттік бағыт және жалпы әдіснама (1971 бастап).

Өзінің философиялық-әдіснамалық идеяларын дамыту және оларды әлеуметтік-практикалық іске асыру үшін ұжымдық ойлау мен іс-әрекеті өрісі кең, әртүрлі болды: педагогика және логика, іс-әрекеттің жалпы теориясы, логика және жүйелі-құрылымдық зерттеулер әдіснамасы, ғылым және техника, жобалау және ұйымдастыру философиясы, психология және әлеуметтану, тіл білімі және семиотика – осының бәрінде ол өзіндік қолтаңбасын қалдырған.
Мәдениеттер диалогы адами және әлеуметтік тұрмыстың талаптарына негізделген. В.С.Библер өзінің «мәдениеттер диалогы» атты тұжырымдамасында мәдениеттің ішінде ерекше айналымын насихаттайды. В.С.Библер бойынша, «әрбір мәдениет – бейнебір «екітүрлі Янус». Ол да өзге әлемдегі өз тұрмысына, басқа мәдениетке, өз ішіне, өз тұрмысын өзгертуге және толықтыруға барынша қарайды», - деген тұжырым жасаған. Шын мәнінде екі түрліліктің ауқымынан шығып кететін кездері де болады. Дегенмен, әрбір мәдениет өзінің төл тумалығын сақтай отырып қана басқалардың құндылықтарын қабылдағаны абзал. Онсыз еліктеудің арты механикалық көшірмелер жасауға, өзіндік келбетті жоғалтуға алып келуі де мүмкін. Философия тілімен айтқанда этникалық өзіндік жатсыну осыдан туындайды. Кейбір азаматтардың өкінішке орай өзінің туған тіліне, діліне, яғни менталитетіне, салт-дәстүріне немқұрайлы қарай бастауы да осындай үдерістің белең ала бастағанын білдіреді.
«Мәдениетті жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарастырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі». Бұл жағдайда мәдениеттер сұхбатын тікелей «Мен» және «Басқа» диалогы негізінде қарастыруымызға болады. Диалог үшін ең бастысы – басқаның өзіндік санасын үлгілеу, құру. Өйткені диалог үшін біртұтас көзқарас қажет. Ал біртұтас көзқарас дегеніміз – сырт адамның көзқарасы, немесе М.Бахтин терминологиясын қолданатын болсақ, «тысқарылық» көзқарасы. Бахтиндік қарым-қатынастың антропологиялық теориясында «Мен» үш кезеңнен өтеді: «басқаға ену», «өзіне қайта оралу» және «тамамдау».
2009 жылы 16 қарашасында №521 бұйрығымен ұсынылған Қазақстан Республикасының «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының» бір бағыты ретінде «рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды».
XXI ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үдерісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға білім алушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егеменді еліміздің болашағы жас мамандардың білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі мектептен қаланатыны бәрімізге белгілі. Білім алушыларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, адамгершілік - рухани қасиеттерін дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – басты міндет болмақ. Жеке тұлғаның адамгершілік - рухани құзыреттілігін көтеру арқылы қоғамның рухани және адамгершілік деңгейінің жоғарылауына қол жеткізу күтілетін нәтиже десек болады.
Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығы «жанам деген жүрекке от берейік» дегендей әрбір мұғалімнің міндеті – оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой - өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті, тәрбиелі шәкірт тәрбиелеу.
Отандық ғылым саласында ғалымдардың бұл мәселеге көзқарастары әртүрлі болса да, қазіргі таңдағы Қазақстан қоғамында кәсіби білім беру қағидаларын айқындайтын белгілі бір тұжырым қалыптасқан.
Кәсіби білім беру тұлғаның мамандыққа нәтижелі бейімделуіне жалпы қоғам және жұмыс беруші мен оқу орындары арасында ынтымақтастық болған жағдайда ғана ықпал ете алады. Сондықтан да кәсіби білім беруді қайта құрудың заманауи тұжырымдамасын «әлеуметтік серіктестікті білім беру мекемелерінің еңбек нарығындағы субъектілер мен институттар, әлеуметтік ұйымдар, мемлекеттік және муниципалдық ұйымдармен қарым-қатынастың ерекше түрі ретінде»,- дамыту идеясына негіздейді.
Қазақстан білім беру жүйесінде әлеуметтік серіктестіктің педагогикалық мазмұны білім беру мекемелерінің қоғамның әлеуметтік-мәдени басымдылықтарын айқындайтын, еңбек нарығы қажет ететін мамандықтардың көлемі мен құрылымын және динамикасын анықтап отыратын жұмыс беруші, жұмыспен қамту орталықтары, кәсіподақ және ата-ана арасындағы келісімшартпен реттелетін жүйе ретінде талданып түсіндіріледі. Әлеуметтік серіктестік аясында білім мен жұмыс берушінің, кәсіби білім беру мекемелерінің мамандар даярлау сапасын бағалау, сонымен қатар кәсіби білім беруді қаржыландырудың жалпы жобасы мен білім беру стандарттарын жасау тәрізді біріккен жұмыстар атқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет