2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет9/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
ббжм

Визуалдау. Іргелі қағидаттарды, ұғымдар мен биогенетика заңдарын түсіндіргенде диаграмма, модель, схема, компьютерлік анимация және т. б. визуал оқу құралдарын пайдалану қажет. 
Мысалы, «Экожүйелер» бөлімін өткенде (7-сынып) оқу бағдарламасында «Қоректік тізбек пен торды құру» модельдеу тапсырмасы қарастырылған. Оқушы модельдерді өз бетінше жасап, шығармашылық қабілетін көрсете алады. 
«Фотосинтез» бөлімін зерттеу компьютерлік бағдарламаларды, модельдеуді және виртуал зертханаларды пайдалануды талап етеді. Бұл күрделі процестерді жақсырақ түсінуге және тақырыптың мәнін тереңірек зерттеуге ықпал етеді. 
Кретивті матрица немесе менталды карта құру – биология бөлімдерінен алған білімді жалпылаудың, сондай-ақ биологияның практикалық маңызы мен тұжырымдамалар, ұғымдар арасындағы байланыстарды визуалдаудың тиімді әдістерінің бірі. 
Терінің құрылысы мен қызметін зерттегенде (7-сынып) «Креативті матрица» әдісін қолдану сыни ойлау қабілетін дамытуға, өз бетінше жауап іздеуге, қойылған сұрақтарға әртүрлі аспектілер тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Оқушылар топтың әр мүшесінің пікірі мен ұсыныстарын зерттей отырып, топпен жұмыс істейді, креативті матрицаны толтырады. 
«Терінің құрылысы» креативті матрицасы 
Сұрақтар: 
Адам терісінің қызметі қандай? 
Тері құрылымының қандай ерекшеліктері осы қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді? 

Қалай оқимыз? 

Нәтиже: 





Проблемалық тапсырмаларды орындау.Биологияны «тіршілік туралы ғылым» ретінде оқуды өмірлік жағдаяттармен және адамның практикалық, экономикалық іс-әрекетімен байланыстырмай қарастыру мүмкін емес. Бұл тәсіл оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын және теориялық білімді практикада қолдану қабілетін дамытады. Мысалы, терінің құрылысы мен функцияларын зерттеу кезінде (7-сынып) оқушыларға мынадай тапсырма беруге болады: 
Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бойында мынадай құбылыстар байқалады: шамадан тыс терлеу, жиі тыныс алу, терісінің қызаруы. Сабақ аяқталғаннан кейін ағзаның жұмысы қалыпқа келеді: терлеу азаяды, тыныс алу қалпына келеді, терінің қызарғаны басылады. 
а) Осы процестерді термореттелу механизмі тұрғысынан түсіндіріңіз. 
b) Оқушылар дене шынықтыру сабақтарында және одан кейін сақтауы керек екі гигиена ережесін ұсыныңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет