2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет10/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
ббжм

Практикалық тәжірибелер. Практикада көрсету, зертханалық және практикалық жұмыстар оқушыларға теория мен практика арасындағы байланысты бақылауға көмектеседі, гипотеза, зерттеу, деректерді жинау және талдау дағдыларын дамытады. Биология сабағында эксперимент жасау оқушыларға түрлі құрал-жабдықтармен, материалдармен, үлгілермен және реактивтермен жұмыс істеп, тікелей тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастырған кезде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет: 7-сынып оқушыларына жұмысты орындауға қатысты дайын нұсқаулар берілсе, жоғары сынып оқушыларына өз бетінше зерттеу жоспарын әзірлеп, эксперимент жүргізуді ұсынуға болады. 
Талдау және талқылау. Зерттеу және эксперимент жүргізу барысында оқушыларға белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептері туралы ойлануға, сондай-ақ алынған деректерді талдауға, түсіндіруге, қорытындылауға итермелейтін сұрақтар қою керек. Деректерді өңдеу және талдау статистикалық әдістерді қолдануды, нәтижелерді визуалдау үшін графиктер мен диаграммалар құруды, гипотезаларды тексеруді қамтуы мүмкін. 
Бұл әртүрлі нысандағы (кесте, график және т. б.) эксперименттік деректерді түсіндіру қабілетінің дамуына ықпал етеді. Ал ол айнымалылар арасындағы заңдылықтарды, тенденцияларды немесе байланыстарды анықтауды және жиналған деректер негізінде байқалатын құбылыстарды түсіндіруді қамтуы мүмкін.
Пікірсайыстар және ұжымдық жұмыс. Биология сабақтарында дебат және жұптық/топтық жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың пікір алмасуына, өз ойын дәлелдеп үйренуіне және әртүрлі көзқарасты талдауына мүмкіндік береді. Бұл сыни ойлауды, аналитикалық дағдылар мен қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға ықпал етеді. 
Сонымен қатар нақты мәселелерді (кейстерді) шешу арқылы оқытуға негізделген белсенді проблемалық-жағдаяттық талдау әдісі, яғни кейс әдісі де айтарлықтай пайдалы болуы мүмкін. 
Аталған оқыту техникасын қолданған кезде нақты өмірлік жағдаяттардың сипаттамасы қолданылады. Соның негізінде оқушылар түрлі гипотезаларды ұсынып, дұрыс шешімді таңдауы керек. Кейс әдісін қолдану нақты өмірде қажет болатын және жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты қалыптастыратын икемді дағдыларды, яғни soft skills-ті жетілдіруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет