2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет11/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
ббжм

Зерттеу жобалары. Оқушыларды ғылыми жобаларға қатыстырыңыз, себебі жоба әзірлеу барысында олар білім беру процесінің белсенді қатысушыларына айналады. Бұл оларға өзін қызықтыратын сұрақтарды өз бетінше зерттеуге, ғылыми әдістерді қолдануға, эксперимент жасауға және деректерді талдауға мүмкіндік береді, сол арқылы зерттелетін пән бойынша алатын білімін тереңдетуге көмектеседі. 
Зерттеу жобалары пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға ықпал ететін интеграцияланған сипатта болуы мүмкін (биохимия, биофизика). Сонымен қатар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін шағын жобалар ұйымдастыруға болады. 

Глоссарий


Визуалдау – ақпарат пен деректерді графикамен көрсету.
Сабақты модельдеу – сабақтың жалпы идеясын әзірлеу және оған қол жеткізудің негізгі жолдарын сипаттау. Сабақтың нысаналық, мазмұндық, әдістемелік және процестік модельдері бар.
Сабақты жобалау (сценарий немесе жоспар-конспект түрінде жобасын жасау) – жасалған модельді одан әрі дамытып, практикалық қолдану деңгейіне жеткізу.
Сабақты талдау матрицасы – мұғалім мен оқушының педагогикалық қарым-қатынасының ерекшеліктерін, болжалды тиімділігін анықтау нысаны.
Сабақтың кері дизайны – сабақты басынан емес, түпкі мақсатынан бастап модельдеу. Бұл әдіс оқушы қол жеткізуі қажет болатын нәтижені, осы нәтижеге қол жеткенінің айғағы болатын критерийлерді алдын ала анықтап, содан кейін сабақты әзірлеуге көшуді көздейді.
Кейс әдісі (case study немесе нақты жағдайлар әдісі) – нақты мәселелерді (кейстерді) шешу арқылы оқытуға негізделген белсенді проблемалық-жағдаяттық талдау әдісі.
Контекст – жазбаша немесе ауызша мәтіннің аяқталған ойы бар үзіндісі, оның жалпы мағынасы құрамындағы жеке сөздердің, сөйлемдердің және т. б. мағынасын нақтылауға мүмкіндік береді. 
Құзырет – қандай да бір салада табысты қызмет ету үшін алған білімді, дағдылар мен тұлғалық қасиеттерді қолдана білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет