2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Деректерді талдау, интерпретациялау және тиісті қорытынды жасау



бет25/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
ббжм

Деректерді талдау, интерпретациялау және тиісті қорытынды жасау. Қорытындыларды тұжырымдау, деректерді интерпретациялау негізінде оқушыларға әртүрлі нысандағы тапсырмалар ұсынылуы қажет: графиктер, кестелер, диаграммалар, фотосуреттер, зертханалық жұмыстар, ауызша тапсырмалар, мәтін түріндегі тапсырмалар беріледі немесе деректер ұсынып, оқушыға бір биологиялық заңдылықты өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруге болады. 

  • Тапсырмаларды өзара түрлендіру. Бұл дегеніміз – биологиялық құбылыстар туралы мәтін берілсе, оны схемаға, суретке, кестеге, графикке, диаграммаға айналдыра білу. 

  • Ғылыми мақалалардағы болжамдарды тану, дәлелдер мен пайымдауларды анықтау.Ғылыми мақалалардағы аталып тұрған негізгі биологиялық құбылысты танып, осы құбылыс туралы дұрыс дәлелдер келтіріп, пайымдаулар мен болжамдар жасай білу. 

  • Әртүрлі дереккөздегі деректерді ғылыми тұрғыдан бағалайтын әртүрлі аргументтер мен дәлелдерді көре білу. Ғылыми тұрғыдан бағалау дегеніміз – ұсынылған мәлімдемелердің дұрыстығы мен сенімділігін, әртүрлі дереккөздерде қамтылған деректердің, мысалы, танымал ғылыми мәтіндердің, БАҚ хабарламаларының, адамдардың мәлімдемелерінің ғылыми тұрғыдан дұрыстығын бағалай білу. 

    Бұл деңгейде оқушылар пәндік, процедуралық және эпистемологиялық білімді пайдаланады. Ғылыми озық ойлау дағдысын көрсете білу, күрделі деректерді түсіндіре білу, мәтіндерде бірнеше тұжырым жасау, салыстыру және сәйкестендіру, толық бір немесе бірнеше мәтінді егжей-тегжейлі түсіну дағдылары арқылы өз білімін көрсете алады. 
    Жоғары деңгейдің тапсырмалары оқушылардан неғұрлым күрделі білім мен дағдыларды жаңғырту, аса күрделі модельдерді тану тапсырмаларын орындау, жаратылыстану ғылымына тән мәселелерді шешу үшін білім-дағдыларын біріктіру, талдау, пайымдау, қорытынды жасау және тұжырымдау дағдыларын талап етеді. 
    ББЖМ тапсырмаларының танымдық деңгейін анықтау қиынға түседі. Өз ойымызша тапсырма күрделілігін төмен, орташа, жоғары деп бөліп қарастырғанмен, бұл деңгейдегі тапсырманың күрделілігін оқушылардың тапсырманы орындауы арқылы ғана анықтай аламыз. 
    Биология пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттық бағдарламаға сәйкес, оқушылардың жалпы білімі, біліктілігі, дағдылары, іс-әрекеттері оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша «жинақтау» және «бағалау» деңгейіндегі ойлау дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асады. 
    Жоғары деңгейдің тапсырмаларын орындағанда оқушылар тұжырымдау, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жорамалдау, бағалау, таңдау, бағалау, анықтау, санау, өлшеу, терістеу сияқты іс-әрекеттерді орындайды. 
    Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі биология пәнінен оқушылардың жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылығын анықтауға арналған 8 тапсырмадан тұрады. Жоғары деңгейдегі тапсырмалар барлық тапсырманың 20%-ын құрайды. Тапсырмалар бір дұрыс жауапты таңдайтын тест түрінде беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1балл беріледі және биология пәнінен оқушы барлығы 8 балл жинай алады. 


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет