2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың орташа деңгейінде оқушылардың бойында қалыптасуы қажет дағдылар



бет23/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
ббжм

Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың орташа деңгейінде оқушылардың бойында қалыптасуы қажет дағдылар: 

Биология пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандартының оқу бағдарламасына сәйкес жалпы білімін, біліктілігін, дағдыларын, әрекет ету тәсілдерін қолдану – оқушылардың Блум таксономиясы бойынша «қолдану, талдау» деңгейіндегі ойлау дағдысын дамытуға арналған, үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарына сай әзірленген тапсырмаларды орындау қабілеті. 
Тапсырманы орындағанда стандартты модельдерді қолдану, есептеулер жүргізу, болжам жасау – оқушылардың биология пәнінің сабақтарында берілген тақырып бойынша тапсырма орындаған кезде алған білімін еске түсіріп, теориялық жауаптарын дұрыс құрастыра білу, сабақта көрсетілген жұмыстарды зерттегендегі білімін қолдану арқылы зертханалық жұмыстарды дұрыс орындау, талдау дағдыларының дамуы. 
Биологиялық құбылыстарды ажырату, саралау, салыстыру, қарама-қарсы қою, зерделеу, олармен тәжірибе жасау, болжам жасау – сабақта берілген тапсырмалар арқылы биологиялық құбылыстардың айырмашылықтарын ажырату, берілген тұжырымдарды саралау, биологиялық ұғымдарды тәжірибе жасай отырып зерттеу, эксперименттер жасаған кезде байқалған қарама-қайшы теорияларды ажырату, жасалған эксперименттік жұмыстарға қатысты болжам жасау қабілеттерінің дамуы.
Орташа деңгейдің тапсырмаларын орындағанда 2немесе одан көп қадам жасалады. 
Мысал ретінде гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбеюіне қатысты тапсырманы қарастырайық. 
Гүл – гүлдейтін өсімдіктердің гамета түзе отырып жыныстық жолмен көбеюге қабілетті қысқа өсіндісі. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостаған жапырақшалар мен түрлі-түсті күлте жапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып, гүлсерікті құрайды. Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әртүрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады. Аталық пен аналық – гүлдің негізгі бөлігі, олардан жемістер мен тұқымдар түзіледі. 
Тозаңдану – тозаңның аналық аузына түсу процесі. Тозаңдану процесінен кейін ұрықтану, яғни жыныс жасушаларының қосылуы жүреді. Өсімдіктер айқас не өздігінен тозаңданады. Айқас тозаңданудың екі жолы бар: тозаң желмен және жәндіктер арқылы таралады.
Төмендегі суретте өздігінен тозаңдану процесі көрсетілген. 

Блум таксономиясына сәйкес ойлау деңгейлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет