тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Ағзалардың сулы ортада таралып, бейімделуіне судың қандай қасиеттері себеп болған?
2. Аэробты ағзалардың орасан саналуандығын жер үсті-ауалы ортаның қандай сипаттары анықтады?
В
1. Эндобионттың өмір сүруіне топырақ ортасындағы жағдайлардың қайсысы қолайлы?
2. Эволюция барысында эндобиоттар ағзасында қандай өзгерістер болды?
С
1. Топырақта тіршілік ететін ағзаларды атаңдар.
2. Гидробионттар деген не?
Орта факторлары және тірі ағзалар
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Абиоздық факторлар деген не? Мысал келтіріңдер.
2. Жанды факторлар деген не? Мысал келтіріңдер.
В
1. Антропогендік факторлар деген не? Мысал келтіріңдер.
2. Еліктеуші немесе шектеуші фактор деген не? Бұл фактордың барынша аз және ең көп болуы нені білдіреді?
С
1. Әр түрлі факторлардың қандай мәнін қолайлы деуге болады? Нақтылы мысалдар келтіріңдер.
2. Әр түрлі факторлардың қандай мәнін салғырт деуге болады? Нақтылы мысалдар келтіріңдер.
Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңдік. Радиация
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Биологиялық ырғақ деген не? Олар өлі табиғатта қандай құбылысқа бйланысты пайда болады?
2. Радиация туралы не білесіңдер?
В
1. Ағзалардың әр алуан топтарында биологиялық ырғақтардың қалыпты алмасуына мысал келтіріңдер.
2. Тірі ағзалардың қандай өзгерістері биологиялық ырғақтардың дер кезінде алмаса алмауына мүмкіндік жасады?
С
1. Биологиялық ырғақтың заңдылықтары мен мерзімін зерттейтін ілім қалай аталады?
2. Жарықкезеңдік деген не? Ұзақ және қысқа күн өсімдіктерінен мысал келтіріңдер.
Популяция, бірлестік
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Популяция деген не? Популяцияның түрден айырмашылығы неде?
2. Популяцияның түр санына, тығыздық, жыныс және жас құрамына сипаттама беріп, талдап түсіндіріңдер.
В
1. Популяцияның туып-көбеюшілік (өсімталдық), өлім-жітім, тығыздық, өсіміне сипаттама беріп, талдап түсіндір.
2. Бірлестік (биоценоз) терминін қалай түсінесіңдер?
С
1. Бірлестіктегі ағзалар арасында қандай байланыс болады? Мысал келтіріңдер.
2. Қарапайым эволюция деген не? Түрдің немесе популяцияның қарапайым экологиялық өлшем бірлігі – түр немесе популяция деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |