«2008 жыл – информатигі»



бет33/34
Дата13.12.2022
өлшемі0.68 Mb.
#467164
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Биология пәнінен тест кітапшасы (6-9 сыныптар)

Экожүйе (биогеоценоздар)
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Экожүйенің (биогеоценоз) бірлестіктен (биоценоз) айырмашылығы неде? Мысалдар келтіріңдер.

2. Түзушілер деген не, олардың қандай рөлі бар? Сипаттама жасап, мысалдар келтіріңдер.


В
1. Түзушілер – тұтынушылар. Суретті талдаңдар.
2. Түзушілер – бүлдірушілер. Суретті түсіндіріңдер.
С
1. Сукцессия деген не? Қандай тәртіпте өтетінін түсіндіре отырып, осы үдеріске сипаттама беріңдер.
2. Экожүйелердің негізгі қасиеттері мен көрсеткіштері қандай?


Өнеркәсіптік жер келбеті мен ауыл шаруашылық өндірістің экожүйесі тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Агроценоз деген не? Мысалдар келтіріңдер.
2. Агроценоз бен экожүйеде (биогеоценозда) энергиямен қамтамасыз ету және энергия алмасудағы айырмашылық неде?
В
1. Агроценоз бен экожүйенің түрлік құрамы, өздігінен реттелуге және өнімділікке бейімділіктің айырмашылығы неде?
2. Қаланың аумағы қанша % орын алады? Ірі қалалардан мысалдар келтіріңдер.
С
1. Қаладағы тірлікке қандай жағымсыз техногендік факторлар әсер етеді?
2. Қаладағы энергия мен зат алмасуының ерекшелігі неде?


Биосфера туралы В.Вернадский ілімі
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Биосфера терминін тұңғыш ұсынған кім? Биосфера туралы ілімді кім жасады?
2. Биосфераның қандай шекаралары бар?
В
1. Биосферада қандай қабықтар орын алды және басып өтеді?
2. Биомассадағы тірі ағзалардың әр түрлі типтерінің %-ы қандай?
С
1. Биосфера өнімділігі деген не? Қандай өлшем бірліктермен өлшенеді және өлшем нәтижесі қанша болады?
2. Биосфера деген не? Бұл ұғымның экожүйе ұғымына қатысы қандай?
Зат айналымы және табиғаттағы энергия ағымы
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Көміртегі айналымын қысқаша сипаттаңдар. Үдеріс барысында оған қандай ағзалар қатысады? Бұл үдерістегі адам әрекетінің ерекше рөлі неде?
2. Азот айналымын қысқаша сипаттаңдар. Үдеріс барысында оған қандай ағзалар қатысады? Бұл үдеріске адам қандай ықпал жасайды?
3. Тұрақтану деген не? Бұл ұғым биосфаға қалай қолданылады?
4. Палеозой кезеңінде биосферада қандай өзгерістер болды?
В
1. Күкірттің айналымын қысқаша сипаттаңдар. Үдеріс барысында оған қандай ағзалар қатысады? Бұл үдерістегі антропогендік фактордың рөлі қандай?
2. Фосфордың айналымын қысқаша сипаттаңдар. Үдеріс барысында оған қандай ағзалар қатысады? Бұл үдеріске адам ықпал жасай ала ма?
3. Мезозой заманында биосферада қандай өзгерістер болады?
4. Мезозой заманының юра және бор кезеңдерінің өкілдері қай жануарлар?
С
1. Тірі заттардың атқаратын қызметін сипаттаңдар.
2. Тірі заттардың тотығу, газ және концентрациялық, тотығу-тотықсыздандыру және биохимиялық әрекеттегі атқаратын қызметін сипаттаңдар.

3. Қазіргі уақытта адам әрекетінен биосферада қандай өзгерістер болды?


4. Ноосфера нені білдіреді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет