Мақсатты индикаторлардың атауы, мәселелер және соңғы мерзім көрсеткіштерімен тура нәтиже көрсеткіштерінің (кезең) жетістіктері
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі..
|
Есепті кезең
|
Орындалмағандықтың
себептері
|
Жоспар
|
Факт
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Нысаналы индикаторлар:
1. Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің жалпы санынан электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің үлесі
|
ККМ деректері
|
%
|
60
|
61,2
|
|
2. ХҚКО мемлекеттік қызметтерді ұсынумен азаматтардың қанағаттандырылу деңгейі
|
ККМ деректері
|
%
|
75
|
81,6
|
|
3.Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функцияларының (үдерістерінің) автоматтандырылуының орташа деңгейі
|
ККМ деректері
|
%
|
60
|
64,4
|
|
4.1.1-міндет. Цифрлық сертификаттар арқылы азаматтардың және ұйымдардың мемлекеттік электрондық қызметтерге қауіпсіз қол жетімділігін қамтамасыз ету
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
1. Электронды форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің үлесі
|
ККМ деректері
|
%
|
5
|
7
|
|
2. Берілген электрондық құжаттардың саны
|
ККМ деректері
|
млн. бірлік
|
1,0
|
2,4
|
Көрсеткіштің мағынасы (2,4 млн.бірлік) жаңа электрондық қызметтерді әзірлеу, әлеуметтік желілер мен іздестіру жүйелерінде «электрондық үкіметтің порталын ілгерілету, шоу-румдар мен «электрондық үкіметтің» бұрыштарында оқу және консультациялық қолдау өткізу жөніндегі іс-шаралармен байланысты
|
3. Берілген лицензиялардың жалпы санынан электрондық түрде берілетін лицензиялардың үлесі
|
ККМ деректері
|
%
|
100
|
100
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1. Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қызметтерді электронды нысанға көшіру
|
2012 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша 31 әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің ішінен келесі 19 қызмет автоматтандырылды және «электрондық үкіметтің» порталына шығарылды немесе 61,2 %:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
1) Әлеуметтік жеке кодын беру (телнұсқасын беру);
2) Баланы тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау;
3) Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
4) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік жәрдем тағайындау;
5) Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
ҚР Білім және ғылым министрлігі:
6) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
ҚР Әділет министрлігі:
7) Бала тууды тіркеу;
8) Жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама беру;
9) Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырт-палықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
10) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу);
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі:
11) Дәрігерді үйге шақыру;
12) Дәрігерге қабылдауға жазылу;
13) Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу;
ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі:
14) Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру;
ҚР Ішкі істер министрлігі:
15) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
16) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу/ Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару;
17) Ауыл шаруашылығы министрлігі беретіндерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру;
18) Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу;
ҚР Қаржы министрлігі:
19) Жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі.
|
2. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту
|
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың басшылығымен өткен Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жұмыс тобының отырысында әлеуметтік маңызды қызметтер бойынша, 80 рұқсат құжаттары және лицензиялардың 92 түрін оңтайландыру бойынша барлық іс-шаралар жоспарлары қайта қаралды және бекітілді.
|
3. Ақпараттық технологияларды қолдану және электронды нысандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалауды жүргізу
|
Ақпараттық технологияларды қолдану және электронды нысандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау өткізуге мемлекеттік органның ақпараттық талдау нәтижесі бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы облыстық органның, республикалық маңызы бар қалалардың қызметінің тиімділігін бағалау Әдістемесіне сәйкес әске асырылады. Министрлігімен ақпараттық технологияларды қолдану бойынша 39 мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бағалау жүргізілді.
Бағалау бойынша қорытындылар ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолданды.
|
4. Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
Министрікпен және «ҰАТ» АҚ келісілген келісім-шарт (19 қаңтар 2012 жылғы №37 шарт) негізінде 18 ақпараттық жүйелер сүйемелденеді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ 240 серверлік құрал-жабдықтардың сүйемелдейді.
|
5. Ұлттық куәландырушы орталықтарының 100 тіркеу орталықтарын сүйемелдеу
|
100 тіркеу орталықтардың сүйемелдеуі шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу орталықтардың қызметкерлерімен 2012 жылда 455 720 ЭЦҚ берілді.
|
6. «Е-әкімдік қызметтері» АЖ-ны бейімдеу және жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру
|
2012 жылы, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру үшін «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзін сүйемелдеу аясында Астана қаласы әкімдігінің ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру бойынша жұмыс өткізілді.
|
7. Ақпараттық-коммуникациялық желінің мониторинг жүйесін қолдау және дамыту, компьютерлік қақтығыстардың алдын алу
|
2012 жылғы сәуірде халықаралық сарапшыларды тартумен ҚР мемлекеттік органдары үшін компьютерлік инциденттерге әрекет ету мәселелері бойынша екікүндік семинар өткізілді.
2012 жылғы мамырда ҚР ірі өңірлерінде (Алматы, Өскемен, Қарағанды және Атырау ққ.) АҚ мәселелері бойынша интернет ресурстар иелері үшін семинарлар өткізілді. Осы іс-шаралар ҚР халқының АҚ мәселелеріндегі хабардарлығын арттырады.
2012 жылы Қазақстандық (KZ-CERT) және Румындық (KZ-CERT) Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтері (CERT-RO) арасында Ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.
2012 жылғы мамырда KZ-CERT қызметі ұлттық әрекет ету қызметі құқығында (https://www.trusted-introducer.org/teams/teams-k.html#KZ-CERT) CERT-EE және RU-CERT қызметтерінің кепілдігі бойынша Trusted Introducer for Security and Incident Response Teams (TI, мәртебе enlisted) ұйымына кірді. Перспективада TERENA қауымдастығымен (Trans-European Research and Education Networking Association) KZ-CERT-ті аккредиттеу мен сертификаттау жоспарлануда.
2012 жылғы 1 маусымында KZ-CERT GOV/CERT Үйлестіру орталығының ұлттық әрекет ету қызметтері тізіміне енгізілген.
А.ж. шілде айында KZ-CERT FIRST халықаралық профильдік ұйымына кірді. Сондай-ақ, KZ-CERT APWG антифишинг бойынша жұмыс тобына кірді.
|
8. Ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестілігіне аттестаттау жүргізу
|
2012 жылдың басынан ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ақпараттық жүйелерді аттестаттауға 54 өтінім қабылданды, олардың ішінде:
-
16 ақпараттық жүйе аттестациялық зерттеуді өтуде;
- 24 ақпараттық жүйе барлық айқындалған кемшіліктерді жою үшін қосымша мерзімін алған;
- 7 ақпараттық жүйе аттестатын алған;
- 7 ақпараттық жүйеге аттестатты беруден бас тартылған.
|
12. Құжаттарға қол қою құқығы бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын электронды цифрлық қолтаңба кілттерімен қамтамасыз ету
|
Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларға ЭҚАБЖ-да жұмыс істеу үшін ЭЦҚ-ны беруі мемлекеттік органдардың сұранымдар бойынша жүзеге асырылады. 2012 жылдың өткен кезеңінде 15858 астам ЭЦҚ берілді.
|
13. «Электрондық үкімет» және ақпараттық жүйелер архитектураларының үлгілі моделін әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің 2012 жылғы 13 тамыздағы № 520 бұйрығымен Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» сәулетінің эталондық моделдерін әдiстемелiк қамтамасыз етуі бекітілді
Қазіргі уақытта 13 бағыттарын қамтитын: білім, денсаулық сақтау, көлік және коммуникация, табиғи ресурстар, байланыс және пошта қызметтері, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ЭМ толтыру бойынша жоспарын іске асыру шеңберінде келесі эталондық модельдерін толтыру жүргізілді:
1) Үкіметтің жоғарғы деңгейдегі стратегиялық мақсаттарымен оның байланысы және қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін сипаттайтын өнімділігі;
2) мемлекеттік функциялары мен қызметтерін жіктейтін қызметтері;
3) функциялары мен қызметтерін іске асыруға тікелей қатысатын, ақпараттық объектілері, және сипаттайтын құжаттары, олардың атрибуттары, деректері;
4) ақпараттық жүйелер қызметі, олардың құрамдас бөліктері мен функционалдық міндеттері шеңберінде қолданыстағыны және іске асырылатынын жіктейтін, сервистері мен қосымшалары;
5) қызметінің бағыты шеңберіндегі ақпараттық жүйелерді іске асыру кезінде пайдаланылатын технологиялары мен стандарттары, технологияларын сипаттайтын, стандарттары және түптұғырнамасы.
|
14. Мемлекеттік органдардың электронды өзара іс-қимыл деңгейін арттыру үшін Интранет-портал сервистерін дамыту
|
Шараларлың күнтізбелігі, бірыңғай поштасы, хабармен лезде алмасу, құжаттармен жұмыс топтардың шеңберінде бірлескен жұмысы сервистері және қабылдауға жазылу, НҚА келісімдеу модулдері әзірленген. Тұсаукесердің қорытындылары бойынша 18 маусымынан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің пилоттық аумағында сервистерді енгізуді туралы шешім қабылданған, әрі қарай пилоттық аумағында пайдаланудың нәтижелері бойынша ЭҚАБЖ-ға қосылған ОМО мен ЖАО-ларда енгізуімен.
|
15. Мемлекеттік органдардың ұсыныстарын және пилоттық бағалауларын есепке ала отырып, «Ақпараттық технологияларды қолдану» және «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыттары бойынша бағалау әдістемелерін пысықтау
|
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі ҚР Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 937 «Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітіл НҚА тіркелімінде № 8262 болып тіркелген. 2013 жылғы 17 қаңтардағы №04-15/353 хатпен ЖАО және ОМО жолданды.
|
16. Мемлекеттік органдардың автоматтандыруға жататын функциялар (үдерістер) тізбесін қалыптастыру
|
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесіне сәйкес Автоматтандырылуға жататын функциялардың (үдерістердің) тізбесі Министрлікпен келісімдеу арқылы мемлекеттік органмен анықталады және бекітіледі. Өз кезегінде Министрлік өз құзыреті шеңберінде барлық келіп түскен сұрау салуларды қарастырды.
|
17. Хостинг қызметін көрсетуге арналған серверлік интернет платформасын құру
|
Қазіргі кезеңде 13 үй-жайлар сатып алынды.
Алматы қаласы бойынша шаррты жасау рәсімі жүріп жатыр.
13 қала бойынша ЖСҚ-ға Мемлекеттік сараптаманы қорытындысы алынды.
Екінші санат бойынша 200 кВт электрэнергиямен ДӨО қамтамасыз ету жөніндегі ЖСҚ әзірлеуге қызметтерді сатып алу туралы жеткізушілермен 13 өңір бойынша шарттар жасасылды және 11 өңір бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды, қалған өңірлер бойынша ЖСҚ әзірленуде және мемсараптамада қарастырылуда.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен Жобаны 2 іске қосу кешеніне бөлу келісілді.
Сонымен қатар ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен ҚР Премьер - Министрі К.Қ. Мәсімовтің атына хат жолданған болатын, онда Министрлік Республикалық Бюджеттен қаржыландыру сомасын арттыру туралы және оған сәйкес пайдалануға енгізу мерзімдерін 2012 жылдан 2013 жылға ауыстыру туралы сұрайды. Бұрыштама алынды және ҚР Қаржы министрлігіне (жинақ), Әділет министрлігіне, Экономикалық даму және сауда министрлігіне, Көлік және коммуникация министрлігімен қарап және ұсыныс енгізсін деп тапсырма берілді. Мемлекеттік органдардан жауаптар алынып, Қаржы министрлігінен ҚР Премьер - Министрі К.Қ. Мәсімовтің атына жолданды, Бұйрық бекітілгеннен кейін қажетті растайтын құжаттаманы белгіленген заңнамалық тәртіпте енгізген кезінде ДӨО Жобасын ҚЭН түзету мәселесін қарауға дайынбыз.
Қаржыландырудың жетіспейтіндігінің себебінен бюджетке жетіспейтін Жоба бойынша қосымша қаржы-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ҚЭН) әзірленді.
Қазіргі уақытта түзетілген Жобаның ҚЭН–не «МЖӘ ҚО» АҚ экономикалық сараптамасының оң қорытындысы және ҚР ЭДСМ бюджеттік инвестицияның оң экономикалық қорытындысы осы жылдың Республикалық Бюджетін қаржыландыруына жоспарланған 1 098 240 мың теңге сомасына алынды. Бұдан әрі ҚЭН Республикалық бюджеттік комиссияда қарастыруға ҚР Қаржы министрлігіне жіберілді.
|
4.1.2-міндет. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісін оңтайландыру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
1. ХҚО-да көрсетілген электронды мемлекеттік қызметтер түрлерінің саны
|
ККМ деректері
|
бірлік
|
8
|
9
|
|
2. ХҚО-да мемлекеттік қызмет көрсетудің орташа күту уақытын төмендету
|
Әлеуметтік сауалнама
|
мин.
|
20
|
20
|
|
3. ХҚО арқылы бір мемлекеттік қызметті көрсету үшін орташа есеппен талап етілетін қағаз құжаттардың саны
|
ХҚО ИАЖ -ның деректері
|
бірлік
|
6
|
6
|
|
4 ХҚО жалпы көрсетілген қызметтерінен электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі
|
ХҚО ИАЖ -ның деректері
|
%
|
35
|
47
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1. ХҚО бейне мониторингісі үшін қажетті жабдықпен және арналармен жарақтау
|
2012 жылдың қорытындылары бойынша ХҚКО бейнемониторинг өткізу үшін, 161 бейнемониторинг жабдығының жинақтамасы сатып алынды, сонымен бірге IP VPN байланысы арнасы бойынша олардың қосылуы қамтамасыздандырылған
|
2. ХҚО қызметкерлерін қашықтан оқытудың, тестілеу мен аттестаттаудың ақпараттық жүйесін құру
|
Тестілеуді тапсыратын ретте, тілді таңдау құқығымен ХҚКО қызметкерлеріне аттестаттау өткізу жүйесі енгізілді.
«ХҚКО» РМК 5 552 қызметкері аттестаттаудан өтуге тиіс болатын, олардың ішінде 4 411 қызметкер (79%) атқарып отырған лауазымына сәйкес, деп танылды, 1 141 қызметкер (21%) лауазымына сәйкес емес, деп танылды.
Жыл бойына Ахуал орталығында БКБ режимінде, «ҰАТ» АҚ қызметкерлері оқу кестесіне сәйкес, ХҚКО қызметкерлері үшін оқыту семинарларын өткізді.
Сондай-ақ, ХҚКО қызметкерлерін қашықтықта оқыту, тестілеу және аттестаттау үшін «ХҚКО» ақпараттық жүйесінде, онлайн-режимде қызметкерлерді оқытуға, тестілеу өткізуге мүмкіндік беретін қосымша жүйе құрылған. 2012 жылы аталған жүйе арқылы 3 кезең бойынша оқыту және тестілеу өткізілді.
|
3.ХҚО ақпараттық жүйесін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру
|
2012 жылы өтінімдер, мәртебелері және құжаттар бойынша ХҚКО ЫАЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыруды іске асыру өткізілді. Уәкілетті мемлекеттік органдармен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен тестілеу хаттамасы әзірленді және қол қойылды.
|
4. ХҚО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін дамыту
|
2012 жылғы қаңтарда «ХҚКО ЫАЖ дамыту» бюджеттік инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің жобасы (бұдан әрі - «ХҚКО ЫАЖ дамыту» ТЭН) әзірленді және ЭДСМ қарауға енгізілді. 2012 жылғы 3 сәуірде «ХҚКО ЫАЖ дамыту» ТЭН жөніндегі ЭДСМ ресми қорытындысы алынды, оған сәйкес 2012-2014 жылдарға арналған 2 119 700,3 мың теңге сомасындағы инвестициялық шығындары расталды.
Аталған іс-шараны іске асыру аясында ХҚКО ЫАЖ тәжірибелік қолдануға енгізу үшін комиссия құру туралы 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 878 бұйрық шығарылды.
Аталған бұйрықты орындау мақсатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі 2012 жылғы 14 желтоқсанда құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен ХҚКО ЫАЖ демонстрациялауды өткізді және ХҚКО ЫАЖ дамытуға техникалық тапсырмаға сәйкес, іске асырылған функционалды тәжірибелік қолдануға қабылдау туралы актіге қол қойылды. ХҚКО ЫАЖ қабылдау тәжірибесінің хаттамасы әзірленді.
|