3.1.3-міндет. 3.1.3. Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік теле хабар таратуды енгізу
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
1. Қазақстан халқын цифрлық эфирлік телерадиохабарлар таратумен қамту
|
ККМ деректері
|
%
|
23
|
23
|
|
2. Цифрлық эфирлік телехабар тарату үшін орнатылған радиотелевизиялық станциялардың саны
|
ККМ деректері
|
бірлік
|
5
|
5
|
|
3. Алматы, Астана қалаларында және облыс орталықтарында цифрлық эфирлiк телерадиохабар таратылатын телеарналардың саны
|
ККМ деректері
|
бірлік
|
30
|
30
|
|
қалған елді мекендерде
|
15
|
15
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1. Эфирлік цифрлық хабар таратуды енгізу жөніндегі жобасын әзірлеу және бекіту
|
2012-2014 жылдардағы кезеңде ҚР аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу жобасы бойынша жұмыстардың жоспар-кестесі 2012 жылдың 28 ақпанында ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен бекітілген.
|
2. Республика өңірлерінде эфирлік цифрлық хабар таратуды енгізу
|
2012 жылы 3 шілдеде индустриализациялау күні аясында ҚР-ның Президенті Н.А. Назарбаевтың қатысуымен цифрлық эфирлік хабар тарату жобасы пайдалануға енгізілген болатын.
Қазіргі сәтте цифрлық эфирлік телехабар таратулар Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен ққ. және жақын елді мекендерге пайдалануға енгізілді, бұл тұрғындарды 23% қамтуды қамтамасыз етті. Екінші кезеңге облыс орталықтары деңгейінде 30 телеарнаға дейін, аудан орталықтарын және ауылдық жерлерді 15 телеарнаға дейін хабар таратумен қамтамасыз ету арқылы цифрлық телехабар таратуды дамыту жоспарланған.
2013-2015 жылдар кезеңінде облыс орталықтарында, шекаралас және басқа елді мекендерде ЭЦХТ іске косу жоспарлануда.
|
3. Радиотелевизиялық станцияларды жаңғырту және салу (РТС)
|
Көктөбе (Алматы), Қарағанды, Астана, Жезқазған, Жаңаөзен радиотелевизиялық станцияларында гермоаймақтарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс орталықтарының станциялары, Маңғыстау облысының станциялары және 80 шекаралас станциялар бойынша жабдықтарды жеткізу процедуралары және реттеп-іске қосу жұмыстары жөнінде жабдық жеткізушілермен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, цифрлық хабар таратуға көшу үшін «Қазтелерадио» АҚ желілерін жаңғырту бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде.
|
4. Аналогтық радиотелевизиялық станцияларды (РТС) пайдаланудан шығару
|
Аналогты радиотелевизиялық станцияларды пайдаланудан шығару жоспар бойынша 2015 жылдың екінші жартысынан жүргізілетін болады.
|
5. Қазақстан Республикасы орбитальдық жиілік ресурсының халықаралық құқықтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу
|
Іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі негізгі жұмыстар орындалған:
-
IFIC ( IFIC 2702-ден IFIC 2726-ға дейін) Халықаралық ақпараттық жиілік циркуляры бойынша 24 техникалық қорытынды берілді, соның нәтижесі бойынша «KazSat» жүйесінің спутник желілеріне кедергі келтіретуі мүмкін болатын спутник желілеріне 2125 ескертпелер жасалынды және 32 шетел Байланыс әкімшіліктеріне жіберілді;
-
Пәкістан, Ресей, Нидерланды, БАӘ, , Түркия шетел Байланыс әкімшіліктерімен, IntelSat халықаралық спутник операторымен (2 кездесу) үйлестіруге қатысты 7 кездесу өткізілді;
-
Жапон, Австралия, Ұлыбритания шетел Байланыс әкімшіліктерімен хат алмасу бойынша 3 үйлестіру жұмыстары аяқталды.
-
ҚР Байланыс әкімшілігінің KazSat-30B-58.5E спутник желісінің қызмет көрсету аумағына қосылуын үйлестіру бойынша Тәжікістан, Армения, Румыния, Эстония, Польша Байланыс әкімшіліктерімен 5 үйлестіру жұмыстары аяқталды;
KazSat1, KazSat1М спутник желісінің жиілікті иеленулері халықаралық жиіліктер белделерін бөлу кестесіне 58,5 ш.б. орбиталды позициясына жазылды; БАӘ, Түркия және Нидерланд Байланыс әкімшіліктерімен үйлестіру доғасында жатқан ҚР Байланыс әкімшілігінің спутник желілері бойынша үйлестіру келісіміге қол жеткізілді.
|
3.1.4-міндет. Қазақстан Республикасында АКТ-ны дамытуға ықпал ететін салалық стандарттаудың деңгейін халықаралық нормаларға дейін жеткізу және құқықтық негізін құру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
1. АКТ саласындағы стандарттардың жалпы санынан үйлестірілген стандарттардың саны
|
ИЖТМ
деректері
|
%
|
75
|
Деректер жыл сайын негізінде ҚР ИЖТМ 2013 жылғы наурыз айында ұсынылады
|
|
2. АКТ саласындағы әзірленуші мемлекеттік стандарттардың саны
|
ККМ деректері
|
бірлік
|
34
|
34
|
|
3. АКТ саласындағы әзірленетін НҚА саны
|
ККМ деректері
|
бірлік
|
2
|
2
Көлік және коммуникация министрлігімен «Ақпараттандыру туралы» және «Ақпараттандыру туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістерді енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобалары әзірленген. Заң жобалары ҚР-ның Премьер-Министрінің Кеңсесіне (2012 жылдың 19 қыркүйегінде) және ҚР-ның Президентінің Әкімшілігіне (2012 жылғы 10 қазанында) алдын ала келісуге жіберілді. Қазіргі таңда заң жобасы мемлекеттік органдарға қол қоюда: 11 мемлекеттік органдарда қол қойылды, «Атамекен» ҰЭП, жемқорлыққа қарсы, ғылыми-құқықтық және экономикалық оң сараптамалар алынды.
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1. Байланыс саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу
|
001 «Байланыс, ақпарат, көлік және коммуникация саласындағы бәсекелестіктегі нарықты және инфрақұрылымды үйлестіру, дамыту, бақылау бойынша саясатын қалыптастыру қызметтері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2012 жылы Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаментімен байланыс саласындағы 12 мемлекеттік стандарттар әзірленіп ҚР ИЖТМ ТРМК төрағасының 13.12.2012 жылғы №599-од бұйрығымен бекітілді
|
2. Байланыс саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру (заң жобаларын/ НҚА-ны әзірлеу
|
2012 жылдың қорытындылары бойынша байланыс саласындағы келесі НҚА бекітілді:
1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1388 қаулысы;
2. «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1620 қаулысы;
3. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысына өзгерістер енгізу және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1659 қаулысы;
4. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерінің қосылуын қамтамасыз етуге міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 қаулысы;
5. ҚР-ның Үкіметінің 2007 жыл 30-шы маусымдағы № 549 қаулысына өзгеріс енгізу «ҚР радиожиілік бойынша ведомствоаралық комиссия құрамы» ҚР-ның Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 358 қаулсымен мақұлданды;
6. «Телерадио хабар тарату облысындағы ұлттық оператор» ҚР-ның Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымындағы № 777 мақұлданды;
7. «Стратегиялық объектілерді иеліктен айыру туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылєы 9 тамыздағы № 1034 Қаулысы
8. «Стратегиялық объектілерді иеліктен айыру туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылєы 10 қарашадағы № 1420 Қаулысы
9. «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1088 Қаулысы
10. «ҚР Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1152 Қаулысы
11. «Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 812 бұйрығы, ӘМ 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 8236 тіркелді
12. Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 811 бұйрығы, ӘМ 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 8239 тіркелді
13. «Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы
№ 352 бұйрығы. (НҚА мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылғы 19 шілдедегі № 7805 енгізілді).
|
3. Жыл сайынғы Салалық стандарттау, оның ішінде ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы жоспарды әзірлеу және іске асыру
|
ҚР-ның Көлік және Коммуникация Министрлігінің техникалық регламенттер және стандарттарды енгізуі бойынша салалық жоспары әзірленіп бекітілді
|
4. Сапа менеджменті жүйесін халықаралық талаптарына сәйкес енгізуді ынталандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
|
Телекоммуникациялық компанияларда сапа менеджмент жүйесі енгізілуде және әзірленген стандарттарды енгізуді қалыптастыру мақсатында семинарлар өткізілуде
|
3.1.5-міндет. Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру үшін жағдай жасауды қоса алғанда АТ қызметтері секторын, инновация және ғылымды дамыту
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
1. ІТ- нарығының жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
|
Стат. деректер
|
%
|
17
|
(түпкілікті деректер наурыз айында 2013 жылда қалыптастырады )
|
|
2. ІТ - қызметтеріндегі қазақстандық қамту үлесі
|
Стат. деректер
|
%
|
50
|
(түпкілікті деректер наурыз айында 2013 жылда қалыптастырады )
|
|
3. Қораптық (лицензияландырылған) ПҚ көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
|
Стат. деректер
|
%
|
8
|
(түпкілікті деректер наурыз айында 2013 жылда қалыптастырады )
|
|
4. IT-жабдықтар секторы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
|
Стат. деректер
|
%
|
7
|
(түпкілікті деректер наурыз айында 2013 жылда қалыптастырады )
|
|
5. Мемлекеттік тапсырыс негізінде iCarnegie халықаралық стандарттары бойынша IT мамандықтары бойынша оқитын студенттердің саны (алдағы жылға қарай)
|
ККМ деректері
|
бірлік
|
300
|
312
|
|
6. АТХУ-гі ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны
|
ККМ деректері
|
бірлік
|
1
|
2
|
АТХУ қызметкерлерімен 2 ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізілді:
-
«Даулас» объектердің үлкен көлемді есептерде классификациялау/ нейрожелілік анықтау тәсілдердің шектеулі бағасы»;
-
«АКТ дамыту негізінде ҚР халқына комплекстік электрондық коммерциялық қызметтерді көрсету бойынша ұсыныстарды әзірлеу».
Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігіне есептер енгізу бойынша (жұмыстар туралы) жұмыстар жүргізілуде.
|
7. Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі
|
Стат. деректер
|
%
|
50
|
51,7
|
|
8. 100 адамға шаққандағы дербес компьютерлер саны
|
Стат. Деректер
|
бірлік
|
22
|
23
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1. «Алатау» АТП ЕЭА инфрақұрылымын дамытуға қатысу
|
ЕЭА АТП жалпы территориясы 342,9 гектар (2009 жылдың 21 қыркүйек айында ауданы 163,02 гектарға азайтылды) ҚР Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 жарлығымен қурылды.
2013 жылдан бастап АКТ-кластері қурылу жоспарлануда.
Ақпараттың және коммуникациялық кластер ЕЭА АТП территориясында 24,2 га орын алады.
АКТ-кластердің қызметі АКТ саласын дамытуға сонын ішінде АКТ мамандарының білім деңгейін арттыруға, ғылыми зерттеулер және технологиялық өндеу,стандартизация, салалық нормативтік базасын, жобалық-консалтингілік қызметті жетілдіруге бағытталған.
АКТ-кластерін қыру келесі уақыт аралығында жүзеге асырылады:
-
2013 жылда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.
-
2014-2016 жылдарға АТХУ барлық нысаналары өткізіледі, бірінші кезектегі кеңселік ғимараттар, өндірістік модульдер, ҚАТЗИ, көрмелік орталық және қонақ үй. Нысаналардың жалпы көлемі 196.686,3 ш.м.
-
2017-2018 жылдарға кеңселік ғимараттардың екінші кезегі, өндірістік модульдер, ҚАТЗИ. Жалпы көлемі 62.600,3 ш.м.
Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме және қаржы-экономикалық негіздеме құрастырылған. Мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. ҚР экономикалық даму және сауда министрлігіне қаржы-экономикалық негіздеменің енгізу шаралары жүзеге асырылуда.
Бұдан әрі, 2013 жылы бұл жоба шегінде келесі жоспарлануда:
-2013 жылғы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуіне Республикалық бюджетке өзгерістер енгізу;
-АКТ-кластерін құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін тендерді әзірлеу және өткізу бойынша шаралар үйымдастыру;
-жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және бекіту.
|
2. Жоғары технологиялық жабдықтар өндіруді ұйымдастыру
|
«Мобильді технологиялардың инновациялық орталығы» ЖШС Open Inc компаниясымен бірлесіп АТП АЭА аумағында планшетті компьютерлер өндіруді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.
AKFA Holding, Open Inc және Navicron компанияларымен ҚР-ның аумағында АКТ-өнімдерін өндіруді ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастықтың мүмкін болып табылатын формалары туралы кездесулер өткізілді.
|
3. ТЭН, ТҚ дайындау және IT -жобаларының қазақстандық қатынас үлесін көрсету қажеттілігі бөлігіндегі қосымша талаптары конкурстық құжаттамаларға техникалық ерекшеліктері бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
«Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 102 және ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 276 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 37 және ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бірлескен бұйрығымен бюджеттік инвестициялық жобасына қазақстандық қамту бөлігі бойынша өзгерістер енгізілді.
Бұйрық ҚР-ның Әділет министрлігінде 2012 жылғы 16 наурызда № 7469 тіркелді.
|
4. АКТ салаларын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйымдар (корпаративтік қор) құру
|
ҚР ККМ қолдануымен, байланыс операторлармен және ІТ компаниялармен АКТ даму Қоры құрылған. Қордың қызмет бағыттары:
1. Егістік инвестициялар;
2. НИОКР-ды қолдау;
3. Құзыреттілікті арттыру;
4. Маркетинг пен pr.
|
5. IT саласын дамыту мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
|
2012 жылда «Бизнес байланыс» жобасы шеңберінде даму және ынтымақтастық экономикалық ұйымымен бірлесіп жұмыс тобы құрылды, оның ішіне мемлекеттік мекеменің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді (Қазақстандық Ассоциация ИТ-компаниялар, Қазақстандық интернет Ассоциация және басқалар)
Жоба шеңберінде жұмыс тобының 3 отырысы өткізілді, отырыстарда Қазақстандық Ассоциация ИТ-компаниялардың өкілдері қатысты.
Сонымен бірге, Қазақстандық Ассоциация ИТ-компаниялардың өкілдерімен ИТ-саласын дамуына ұсыныстар енгізіледі.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері АТ дамыту бойынша конференциялар мен семинарларда белсенді қатысады.
Сонымен қатар, «Ақпараттандыру туралы» (жаңа редакцияда) және «Ақпараттандыру туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістерді енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобаларын әзірленуге белсенді қатысады.
|
6. Отандық компьютерлік-коммуникациялық жабдықтарды сатып алуға және отандық IT-өнімдерді ілгерілетуге кепілдендірілген тапсырысты қалыптастыру жөніндегі тетіктерді әзірлеу
|
2012 жылдың 9 қантарындағы 19 баптағы № 534 – IV инновациялық қызметтің мемлекеттік қолдауы туралы ҚР заңында индустриалды – инновациялық қызметтің мемлекеттік қолдаудың төңірегіндегі уәкілетті органдардың ұлттық бағдарлаушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және солармен біріккен заңды тұлгалармен меморандумдар жасау тәртібі жазылған.
Технологиялық меморандумдар мәліметтері негізінде ұлттық бағдарлаушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және солармен қосылған заңды тұлгалар тауар жеткізу, жұмыстар және қызметтерге кепілдік берілген тапсырыс жолымен индустриалды – инновациялық қызметтің субъекттерімен шарт жасай алады. Өз кезегінде Министрлікпен серверлер және жұмыс станцияларының бір үлгідегі кескіндеріне мінездемелер жасалды. Осы мінездемелер аяқтап істелініп, мемлекеттік органдардың сатып алуға ұсыныс есебінде Көлік және коммуникация министрлігінің бюджеттік АКТ сұранымдарды қарастыру жөніндегі Сарапшылық кеңесінің шешімдеріне тіркелінген. Мемлекеттік құрылымдар үшін серверлер және жұмыс станцияларының бір үлгідегі кескіндерінің қолдану талаптары ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Біртұтас мемлекеттік техникалық саясат жобасында жазылған (бұдан әрі - БМТС ). БМТС бекітілуінен кейін, бір үлгідегі кескіндерге мінездемені бекіту жоспарланған. Осы мінездемелердің бекітілуі осы серіктестіктердің өз кезегінде қызметті жоспарлауға алдын ала мүмкіндік беретін мемлекеттік құрылымдар сатып алатын жабдықтар түрлері туралы отандық өндірушілердің хабардар болуына мүмкіндік туғызады.
|
7. 2015 жылға қарай кемінде 900 iCarnegie сертификаттарын беру
|
2012 жылда 300 сертификатов iCarnegie сертификаттары ұсынылды.
|
8. Студенттер және оқушылар арасында АКТ өзекті тақырыптар бойынша олимпиадалар өткізу
|
«ХАТУ» АҚ базасында 3 олимпиада өткізілді, оның ішінде: мектеп оқушылары арасында спорттық бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада, Қазақстандық колледждерінің және ЖОО студенттері арасында ақпараттық-коммникациялық технологиялар бойынша олимпиада өткізілді.
|
9. Бар колледждер негізінде IT бөлімшелерін ашу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау
|
Ақпараттық технологиялар секторында білікті мамандар дайындау мен білім жүйесін дамыту мақсатында Министрлікпен кәсіптік мамандырылған сыныптардан бастап (9-11 сыныптар), ақпараттық коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) колледждер, АКТ-жоғарғы орындармен және біліктілікті жоғарлату және кадрларды қайта дайындау орталығымен аяқталатын, Инфокоммуникация саласында техникалық мамандарды дайындау бойынша колледждерді құру және жұмыс істеу қызметін бекіту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірленген.
ҚР Үкіметімен 2010 жылы 29 қыркүйекте № 983 қаулысымен бекітілген ҚР-сында ақпарттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2012 жылға «Тараз қ. аймақтық инфокоммуникациялық колледж» ЖШС жарғылықты капиталын қалыптастыру үшін «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық Холдинг» АҚ жарғылықты капиталын көбейту бойынша қаржылық-экономикалық негіздеме әзірленген болатын.
Жоғарыда айтылған Тұжырымдама, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жыл 17 қарашадан № 5053-5-5526-2/11-5 хатымен келісілді және хатта АКТ колледждерді құру бойынша жұмыстарды «Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҚ –на жүктеуді ұсынылды. Сонымен қоса, Тұжырымдама Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының және Алматы қаласының әкімдігімен келісілді.
Қазіргі кезде, ҚР-ның Бәсекелестікті қорғау агентігінен «Тараз қ. аймақтық инфокоммуникациялық колледж» ЖШС құруға келіспейтіндігін хбарлады, (28.08.2012 жылғы № 344-ОД бұйрық), сонымен қатар ҚР ЭДСМ теріс экономикалық сараптама берілді (13.09.2012 жылғы № 23-2/61 04 хат).
Ел басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда әлемдік деңгейде колледждер желісін құру және дамыту мақсатында «Холдинг «Кәсіпқор»» АҚ құрылды.
«Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҚ стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2011-2020 жылдар аралығында Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында бизнес қоғамдастықтар және шетелдік оқу орындармен ынтамақтасып отыра әлемдік деңгейге сәйкес 4 жаңа колледждер құру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Кәсіпқор колледжжерінде 7 мектеп жұмыс істуі жоспарланған және оның біреуі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласына бағытталған.
Қазіргі кезде инфокоммуникациялық технологиялар мектебін құру үшін әлемдегі үздік оқу орындарынның өкілдерін тарту мақсатында біріккен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
2012 жылы 1 қыркүйекте Сингапур политехникалық колледж «Nayang Polytechnic» өкілдермен кездесу ұйымдастырылды. Бұл әлемдегі ең алып колледждердің біріне жатады. Кездесуде «ҰИКХ «Зерде» АҚ, «ХАТУ» АҚ , «Холдинг «Кәсіпқор»» АҚ, «ҰАТ» АҚ, «Nayang Polytechnic» колледжінің өкілдері және ақпараттық технологиялар және Сингапур инжиринг мектептердің директорлары қатысты.
|
10. IT саласында ҒЗКТЖ дамытуды ынталандырудың бiр бөлiгiндегi заңнаманы жетiлдiру бойынша ұсыныстарды пысықтау
|
Әзірленіп жатқан «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заң жобасына келесі ұсыныстар ҒЗТКЖ (НИОКР) ынталандыру бөлігінде келесі ұсыныстар енгізілді:
-
Уәкілетті орган және (немесе) ақпараттық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға гранттар тағайындайды.
-
Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға гранттар мынадай талаптарға:
-
қаржыландырудың нысаналы бағыттылығына;
-
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар объектілеріне тапсырысшылар (тұтынушылар) сұранысының расталуына сәйкес келетін, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, үлгілерді құрастыру, өнімді өнеркәсіптік сынау үшін кәсіпорындарға, білім беру ұйымдарына, ғылыми ұжымдарға, жекелеген ғалымдарға беріледі.
-
Ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бюджет қаражаты есебінен гранттар беру шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, заңды немесе жеке тұлғалар өздері бекітетін шарттармен және тәртіппен ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға грант тағайындай алады.
|
11. «Халықты «электрондық үкімет» аясында оқыту бойынша қызметтер» бағдарламасын іске асыру
|
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде келесі шаралад атқарылады:
"Электрондық үкімет және электрондық қызметтер" курстар бойынша семинарлар өткізуде. солай, 2012 жылдың 4 маусымынан бастап "Электрондық үкімет және электрондық қызметтер" курстары бойынша оқытылуы басталды. Осымен қатар, 81 елді мекенде «электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курстары өткізілді, осы курстарда 67 156 адам оқытылды.
2) промо-ақциялардың өткізілуі. солай, 12 промо-акциялардың сценарийлері әзірленіп бекітілді.
"Е-такси" және "е-маршрут" промо-акциялар, сондай-ақ "твиттер" блог-платформасында интернет-викториналар өткізілді.
|
12. Компьютерлік сауаттылықты жоғарылату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына толықтырулар және өзгерістер енгiзу бойынша ұсыныстарды пысықтау
|
«Ақпараттандыру туралы» Заң жобасына компьютерлік сауаттылығы туралы бабы енгізілген, атап айтқанда:
1. Мемлекет орта, техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынын кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі және оны арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.
2. Мемлекет оқыту пункттерін, оқыту сипатындағы интернет-ресурстарды ұйымдастыру жолымен халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар жасайды.
3. Мамандардың компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін кәсіби стандарттармен белгіленеді.
|
13. Халықты компьютерлік сауаттылықтың негiздi дағдыларына үйрету үшiн электрондық оқыту бағдарламаларын әзірлеу
|
2012 жылғы маусымда халықты компьютерлік сауаттылықтың негізгі машықтарына оқыту үшін электрондық ақпараттық-оқу бағдарламалары әзірленді.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ сайтында орналастырылған электрондық ақпараттық-оқыту бағдарламаларын дәріптеу үшін жарнамалық баннер әзірленді. Аталған баннер 2012 жылғы 1 қарашада жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылды.
|
14. Ақпараттық коммуникацияларды дамыту бойынша статистикалық ақпаратты жетiлдiру бойынша ұсыныстарды пысықтау
|
Министрлікпен ҚР Статистика агенттігіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көрсеткіштерін тиімді мониторингілеу, сондай-ақ Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастыққа (БСЫ) ұсынылатын ТМД елдерінің телекоммуникациялар желілеріне, ақпараттар мен ақпараттық ресурстарға «электронды дамуына» қол жеткізу көрсеткіштері тізбесінің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында кейбір статистикалық нысандарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ақпараттық технологиялар саласындағы көрсеткіштер бойынша ұсыныстарды жолдаған (20.03.2012 ж. № 03-23/1489). Аталған ұсыныстар ҚР СА-мен қабылданған.
|
15. АКТ отандық саласын дамыту бойынша инновациялық идеяларды ілгерілету тетiктерiн айқындау жөніндегі тексеру жүргізу
|
«Зерде» АҚ шарттын шеңберінде ҚР-да ІТ саласының дамуына арналған ақпараттық-аналитикалық жинақ әзірленген. Аталған жинақ Мамыр айында Женева қаласында Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі кездесуде көрсетілген.
|
|