Тікелей нәтиже көрсеткіштері
1. Алматы қаласында автокөлiктерді тiркеу және жүргiзушi куәлiктерін беру жөнінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын құру
|
бірл.
|
1
|
|
ЖҰЖ орындау аясында Қарағанды қаласында Мамандандырылған ХҚКО ашылды.
Қалған 3 өңірде МХҚКО ашу үшін ақпараттық жүйе және қажетті жабдық (автоматтандырылған автодром, ұйымдастырушылық техникасы және жиһаз) сатып алынды және орнатуға және тираждауға дайын, алайда әкімдіктер, МХҚКО-да қызметтерді алу үшін азаматтар мен автокөліктердің легін ескере отырып, жер учаскелерін бөлуді және МХҚКО кешенінің жаңа құрылысын бастауды ұсынды.
Осыған байланысты, Алматы, Астана қалаларының, Маңғыстау облысының әкімдіктерімен МХҚКО жобасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды, онда әкімдіктер әкімшілік ғимараттардың, агрегаттың нөміріне салыстыру жүргізу пункттерінің, автодромдардың және тұрақтардың құрылысын салуды қамтамасыз етеді, ал ККМ, жабдықтармен, жұмыс орындарымен жарақтандыруды және автоматтандырылған автодром жүйесін монтаждауды қамтамасыз етеді.
2012 жыл ішінде ККМ, Меморандумдардың аясында МХҚКО жобасын іске асыру және нысандардың дайын болуы жөнінде әкімдіктермен бейне конференция байланысы режимінде кеңестер өткізді, алайда 2012 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған жоқ, өйткені ЖАО тарапынан тиісті деңгейде көмек көрсетілген жоқ.
|