Әлеуетті іске асыру
Мемлекет жастарға өзін-өзі жүзеге асырудың көптеген құралдарын ұсынуда. Білім беру саласында бакалавриат бағдарламасына 170 мың мектеп түлектеріне 56 мыңға жуық грант бөлінді, бұл ретте білім беру гранттарын тағайындау конкурсына тек 80 мыңға жуығы қатысты. Магистратура және докторантура бағдарламаларына сәйкесінше 13 және 2 мыңға жуық грант бөлінді. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы мен Назарбаев Университеті жұмыс істейді, оларға 445 және 1 мыңнан астам грант бөлінді. «Тесh Orda» IT-мамандарын даярлау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның 20 000 азаматы үшін IT-мамандықтарға оқытуды қаржыландыру жоспарлануда.
Оқушыларды кәсіптік бағдар беру жүйесінде, қазіргі уақытта әр мектепте мемлекет «кәсіптік бағдар беруші» бірлігін енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, EduNavigator, Qabilet, Жаңа мамандықтар атласы және т.б. сияқты жеке бастамалар бар.
Тұрғын үйге қолжетімділік және жеңілдетілген кредиттеу бағдарламаларының ішінде жалға берілетін тұрғын үй, жеңілдетілген ипотека, сондай-ақ жастарға жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары бар.
«Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және т.б. сияқты жастарды жұмысқа орналастырудың түрлі бағдарламалары бар. Соңғы 3 жылда жаңадан бастаушылар мен жас педагогтарға жағдай жасалды. Дарынды жастарды тарту және педагогикалық мамандықтарға үміткерлерді сапалы іріктеу мақсатында оқуға түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 балға дейін ұлғайтылды.
Жұмыспен қамту
2019–2021 жылдар аралығында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі
2019 жылғы 3,7 %-дан 2021 жылы 3,8 %-ға дейін 0,1 пайыздық тармаққа өсті, бұл ретте қалада – 4,1 %, ауылдық жерлерде – 3,2 %. Білім деңгейі төмен жастар жұмыссыздыққа көбірек ұшырайды. 2021 жылы
15-28 жас аралығындағы 77,6 мың жұмыссыздардың 33,9 мыңы немесе
43,7 %-ы орта кәсіптік (арнайы) білімі және 12,5 мыңы немесе 16,1 %-ының бастауыш және орта білімі бар. Үш жыл ішінде NEET жастарының үлесі
(15-28 жас) 0,5 п.т. (2019 ж. – 7,4 %, 2020 ж. – 7,1 %; 2021 ж. – 6,9 %) аздап төмендеуі байқалды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде NEET санатындағы жастар қатарында біліммен және жұмыспен қамтылмаған
258,1 мың адам бар. Елімізде жастар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны
2019 жылы 478,1 мың адамнан 2021 жылы 420,7 мың адамға дейін азайды.
Қазіргі нарықтық қағидалар кедейліктің, теңсіздіктің өсуіне әкелді және табиғи ресурстарды шектеусіз пайдалануды ынталандырды. Табыстың диспропорциясы нарықтық экономикаға деген сенімнің төмендеуіне әкелді. Фрилансерлер мен дара кәсіпкерлерді жұмыспен қамтудың серіктестік нысандары сияқты жаңа өндірістік технологиялардың пайда болуы еңбек нарығы мен білім беру саласын түбегейлі өзгертуде. Инновациялар мен жаңа гибридті жұмыс тәсілдерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мансаптық үзілістер мен оқуға қол жеткізу үшін жұмыс күшін өзгерту икемділігі қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды «сұр аймақтан» шығару мәселесі өзекті күйінде қалып отыр, бұл Үкіметтің, ОМО мен ЖАО мен депутаттық корпустың бірлескен жұмысын талап етеді.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелері
Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтарының престижі жоғары емес. Алайда,
2021 жылғы «Қазақстан жастары» талдамалық баяндамасына сәйкес, Қазақстанда
ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында «көк жағалылар» – жұмысшы мамандықтарының өкілдері аса сұранысқа ие мамандар болады деп пайымдауға толық негіз бар. Орта мерзімді перспективада еңбек нарығының дамуындағы әлемдік үрдістер қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтудың өсуін көрсетеді. Тиісінше, Қазақстан үшін сарапшылар қызмет көрсету саласының мамандарына деген сұранысты да болжайды.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның орта мерзімді бес жылдық болжамына сәйкес, 2025 жылға қарай сұранысқа ие жұмыскерлердің ең көп үлесін жұмысшы мамандығы бар мамандар құрайды. Қазірдің өзінде шаштараздар, визажистер, косметологтар, химиялық тазалау және бояу жұмысшылары, дара тігін және киім тігу шеберлері, пәтерлерді, жиһаздарды, электр құрылғыларын, телеаппаратураларды жөндеу мамандары, фотостудия жұмыскерлері және т.б. мамандарға сұраныс артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |