2023–2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы Астана қаласы, 2023 жыл Мазмұны


-бөлім. Негізгі қағидаттар мен әдістер



бет7/19
Дата06.07.2023
өлшемі99.67 Kb.
#475553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
=F5 F8O 07

5-бөлім. Негізгі қағидаттар мен әдістер
1-тарау. Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға қатысу
Азаматтық қатысу
Сапалық және сандық сипаттамалары тәуелді адами капиталдың ерекше тасымалдаушысы – неғұрлым ұтқыр және болып жатқан өзгерістерге сезімтал әлеуметтік топ болып табылатын жастар. Бұл сондай-ақ қоғамның жасампаз әлеуетін сақтау және дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауын жеткілікті қаржылық қамтамасыз ету кезінде сауатты жоспарланған және жүйелі түрде жүзеге асыруды талап ететін неғұрлым осал әлеуметтік топ.
Ұрпақтардың ауысуы адами капиталдың сапасына әсер етеді және әлеуметтік жағдайдың түбегейлі өзгеруіне және тұрақтылықтың бұзылуына қауіп төндіреді. Сандарға сілтеме жасай отырып, Y буынының (1981–2009 жылдар аралығында туылған) Z буыны (1997–2012 жылдар аралығында туылған) ауыстырылғанын көруге болады, олар «сандық аборигендер» және олар көптеген құрылғыларға байланған, достары жариялаған ақпаратқа, сондай-ақ блогерлер мен пікір көшбасшыларының ұсынымдарына сенеді. 2022 жылғы қаңтар оқиғасын талдау наразылықтың негізгі бөлігін жастар құрайтынын көрсетті.
Екі жақты сипаттағы проблема ерекше өзектілікке ие болады: бір жағынан жастар саясатқа қызығушылық танытпайды, екінші жағынан саяси акцияларға белсенді қатысады. Әр ұрпақтың дүниетанымы саяси оқиғалардың, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, ерекше мәдени атмосфераның әсерінен қалыптасады. Осыған байланысты 2010 жылдан кейін туылған Альфа – балалардың жас буынының құндылықтары мен көзқарастарын уақтылы қалыптастыру маңызды. Егер Z буыны интернеттен ақпаратқа көбірек сенетін болса, онда Альфа буыны үшін таңдау еркіндігі мен дербестендіру өте маңызды.
BRIF Research Group зерттеуіне сәйкес Қазақстан жастары әлеуметтік желілерде күн сайын бірнеше сағат өткізеді. Қазақстан жастары арасында ең танымал әлеуметтік желілер: Instagram, VK және Youtube (қалаға қарамастан). Жас қазақстандықтар арасында ең танымал желі – ВКонтакте желісі (71 %). Оның үстіне, бұл әсіресе жас (15-18 жас) арасында танымал.Екінші орында – Instagram (59 %). Ол сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттерге көбірек танымал. Facebook Қазақстан жастары арасында аса танымал емес
(10 %) (әсіресе кіші жас тобында – 7 %).
Жалпы алғанда, зерттеулердің өзекті деректері әлеуметтік желілер, мессенджерлер, блогтар – 60,3 % жетекші орын алатынын көрсетеді. Сонымен қатар, жастар арасында дәстүрлі БАҚ-тың танымал еместігі туралы кең таралған стереотиптерге қарамастан, қазақстандық телевизия, газет және радионың 36,1 %-ы атап өтті. Іс жүзінде әрбір үшінші адам жаңалықтар мен оқиғалар туралы қазақстандық интернет-ресурстар (29,5 %) арқылы біледі. Сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші адам негізгі ақпарат көзі ретінде
22,2 % жақын ортаны атап өтті.
Орта есеппен Қазақстан жастары екі немесе одан да көп желіге жазылып, пайдаланады. Осылайша, білім беру саласындағы саясат болашақта әлеуметтік желілердің белсенді дамуы қазақстандықтардың нақты өміріндегі әлеуметтену қарқындылығының төмендеуіне әкелетінін де ескеруі тиіс. Онлайн әлеуметтену жастарға әрдайым хабардар болуға, кез келген ақпараттық себепке бірден ден қоюға мүмкіндік беретінін ескеру қажет. Яғни, триггер әрқашан жұмыс істей алады. 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде интернетке қол жетімділік өшірілуі кездейсоқ емес.
Жалпы білім беру жүйесі, мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеттері жаһандық желіде белсенді қатысуға бағытталуы тиіс. Дәл осы жерде жастар белсенді. Қазақстан жастарымен жұмыс істейтін барлық компаниялар үшін әлеуметтік желілердің форматын игеру өте маңызды. Қазірдің өзінде бұл бірінші нөмірлі жастармен байланыс арнасы, болашақта ол одан да нығая түседі. Мұндай жағдайда компаниялар мен брендтер
Z буыны мен Альфа буынының жастарын осы қарым-қатынасқа, сөйлесуге және ынталандыруға қабілетті болуы керек. Превенция тұрғысынан қазірдің өзінде Альфа буынымен жұмыс істеуге назар аудару қажет.
Соңғы әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері сонымен қатар қоғамдық пайдалы қызметке қатысуға сұраныстың бар екендігін көрсетеді. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мәліметінше, жас буын арасында волонтерлік пен еріктілікті дамыту бойынша үлкен әлеует бар. Волонтерлік, еріктілік қызметпен айналысу туралы сауалнама нәтижелеріне сәйкес, ең белсенді волонтерлер Қызылорда (27,4 %) және Атырау
(12,7 %) облыстарында тұрады. Жастар арасында волонтерлік сабақтарға сұраныс қалыптасып қана қоймай, сонымен бірге жинақталған практикалар де бар, олар тек волонтерлікке ғана емес, басқа салаларға да жиынтық әсер ете алады. Демек, волонтерлік жобаларды қиылысу нүктелері мен әлеуеті бар салаларда: формальды емес білім беру, ғылыми қызмет, спорт және т.б. салаларда бастаған және дамытқан жөн. Бұл бағыттар гранттық қаржыландыру тақырыбы мен көлемін кеңейту қажеттігін көрсетеді.
Шешім қабылдауға қатысу
Жастардың шешім қабылдау процестеріне қатысуын арттыру күрделі міндет болып табылады, өйткені ол саясаттың, заңнаманың, мінез-құлық үлгілерінің, құндылықтар мен сенімдердің түрлі құралдарын үнемі жетілдіруді және енгізуді, сондай-ақ мемлекеттік жүйені, институционалдық құрылымды және әлеуметтік-мәдени практикаларды реформалауды талап етеді.
Бүгінгі таңда жұмыс істейтін қоғамдық бақылау институттарын оларға қоғамдық пікір көшбасшыларын енгізе отырып, нақты қолданыстағы тетіктерге айналдыру қажеттілігі туындап отыр. Жастардың саяси қатысуы жергілікті өзін-өзі басқару тетігі арқылы іске асырылуы тиіс. Атап айтқанда, қалалық және ауылдық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бәсекелестік, адал сайлау өткізу және оларға жастардың қатысуы сыни қоғамдық әлеуетті тартуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан жастары – 2021» Ұлттық баяндамасының деректері бойынша, көп жағдайда жас қазақстандықтар саяси партиялардың мүшелері болып табылмайды (90,9 %). Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде 35 жасқа дейінгі 7 депутат бар, ал
2021 жылғы 10 қаңтарда сайланған мәслихат депутаттары арасындағы жастар үлесі
3276 адамның 8 % немесе 264-ін құрады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің деректеріне сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің саны 19 107 адамды немесе қызметшілердің нақты санының (88 409 адам) 21,6 %-ын құрады. 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілердің жалпы
құрылымында – 53,5 % орталық мемлекеттік органдарға жатады, 46,5 % жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – ЖАО) жұмыс істейді. Соңғы 5 жылдағы жастардың мемлекеттік қызметтегі өкілдігін талдау ОМО мен ЖАО құрамындағы жастардың үлесі тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын көрсетеді.
Жастардың мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға, жастардың ғана емес, жалпы қоғамның проблемаларын шешуге ықпал етуге деген ұмтылысын көтермелеу керек. Әртүрлі елдердің тәжірибесі жастар парламентаризмі идеясын ілгерілетуді, мысалы, жастарда саяси ой мен пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталған «Мәжіліс моделін» модельдеуді насихаттау, жастардың партиялар арасындағы пікірталастарға, заң жобаларын қарау және қабылдау процестеріне тікелей қатысуын қамтамасыз ету, заң шығару процесінде олардың басым мүдделерін айқындау және Мәжіліс депутаттарымен диалог орнату орындылығын көрсетеді.
Сонымен қатар, әкімдіктер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестердің қызметінде бірқатар проблемалар жинақталды. Мәселен, Кеңес құрамдарының жастар саясатын тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен үлестесуі орын алады (кеңес төрағасы әкім, ал
қатысушылар – әкімдік қызметкерлері). Кейбір жағдайларда кеңестің болуы формальды түрде немесе кеңес мүлдем жоқ. Сондай-ақ, кеңестердің қызметін ақпараттық жария етудің төмен деңгейі олардың жұмысы ашықтығының болмауына алып келеді. Кеңесте бір этнос өкілдерінің ұсынылатын үлесі – 75 %, бір гендерлік тиістілік өкілдерінің – 55 %, бір әкімшілік-аумақтық бірлік өкілдерінің – 25 %-ын құрайды.
Кеңестердің сапалық құрамы мен функционалдығы бөлігінде сол Кеңес мүшелерін ротациялау жүйесін енгізу және түрлі әлеуметтік топтар мен кәсіптерден (азаматтық сектор, бизнес, медиа сала, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, өнер және т.б.) кеңестер құрамындағы жастардың өкілдігін қамтамасыз етіп, жастармен кері байланыс орнату қажет. Кеңес мүшелерінің жас ерекшеліктері 18 бен 35 жас аралығы болуы керек. Құрамды қалыптастыру кезінде жастар саясаты мәселелері жөніндегі кураторларды, журналистерді, кәсіпкерлер мен азаматтық белсенділерді, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының, «Дарын» сыйлықақының иегерлерін тарту ұсынылады. Кеңес төрағасын Кеңес мүшелері бір жылдан аспайтын мерзімге дауыс беру арқылы сайлауға тиіс. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік ұйымның қызметкері немесе жергілікті өкілді органның немесе қоғамдық кеңестің өкілі төраға бола алмайды.
Шешім қабылдау процесіне жастарды сапалы тартудың маңызды құралы
ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес болып табылады. «Evidenced based policy» қағидатына негізделген кеңестің шешімдерін тиімді іске асыру үшін жұмыс органының функцияларын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығына бекіткен жөн.
Консультативтік-кеңесші органдардың артық санының болуын болдырмау мақсатында Кеңестерді тек облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елорда деңгейінде құрған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет