2023–2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы Астана қаласы, 2023 жыл Мазмұны



бет2/19
Дата06.07.2023
өлшемі99.67 Kb.
#475553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
=F5 F8O 07

1-бөлім. Паспорт



1. Атауы

2023-2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы

2. Әзірлеу үшін негіздеме






3. Бағдарламалық құжатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар



Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;
жергілікті атқарушы органдар.

4. Іске асыру мерзімдері

2023–2027 жыл



2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау. Өзекті сұрақтар мен мәселелер
Жастардың дамуының сапалы шарттары тұтастай алғанда ұлттың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Сондықтан жастар саясатының рөлі мемлекет дамуының кешенді стратегиясын қалыптастыруда шешуші болып табылады. Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың елеулі базасы қалыптасты. Әрбір нормативтік құқықтық актіні қабылдау кезінде мемлекеттік даму стратегиясындағы негізгі өзгерістер мен халықаралық саясаттың факторлары ескерілді.
Бүгінгі таңда жастар саясаты мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас және болашақты қалыптастырушы бөлігі ретінде мемлекет пен қоғам институттарының өзара әрекеттесу үрдістерін ескере отырып, ағымдағы сұраныстарға іс-қимылдың нақты алгоритмін талап етеді. Қаралып отырған әлеуметтік топ өмірінің құқықтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларын қамтитын шаралар кешені болып табылатын ойластырылған жастар саясатын қалыптастыру мақсатында Қазақстан жастарының қазіргі даму үрдістерін белгілеу қажет.
Мемлекет басшысы 2022 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, тұжырымдамалық жаңалықтардың бірі жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту болып табылады, бұл жастар санын 3,7 миллионнан
5,7 миллион адамға дейін арттырады.
Азаматтық қатысу
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес
2019 жылдан бастап Президент Қ. Тоқаевтың Әкімшілігі адам құқықтарын нығайту, заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында аса маңызды демократиялық реформалардың төрт топтамасын жүзеге асыруға кірісті. Нәтижесінде
2020 жылдан бастап заңнамалық деңгейде әйелдер мен жастар үшін сайлау партиялық тізімдерінде 30 % міндетті квота көзделген. Бұл шара жастар мен әйелдердің мүдделерін айқындауға және олардың мүдделерін саяси деңгейде қорғауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2021 жылғы қаңтарда өткен жетінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлаудан кейін Мәжіліс депутаттары арасындағы әйелдердің үлесі 27,4 %-ға жетті.
Жастардың елдің қоғамдық-саяси процестеріне тартылуы жастардың мемлекеттік басқару жүйесіне қатысуымен, саяси партияларға мүше болуымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде және мәслихаттарда өкілдік етуімен, сондай-ақ жастар ұйымдарының қызметіне қатысуымен айқындалады. Жас қазақстандықтар басым бөлігі саяси партиялардың мүшелері болып табылмайды (90,9 %). Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде 2022 жылы 35 жасқа дейінгі 7 депутат болды, ал 2021 жылы сайланған мәслихат депутаттары арасындағы жастардың үлесі шамамен 7 % немесе
228 адамды құрады.
Қазақстандық жастардың құндылықтары мен негізгі бағдарлары негізінен саяси емес салада жатыр, ал дағдарыстық оқиғаларға назар аударуды қоспағанда, саяси жаңалықтарға деген қызығушылық бірқалыпты күйінде қалып отыр. 2021 жылдан бастап динамикада жастардың саяси жаңалықтар мен оқиғаларға деген қызығушылығының төмендеуі және негізінен мерзімді қызығушылыққа көшу байқалады (анда-санда). Елдегі саяси реформалар мен қайта құрулардың қарқындылығын ескере отырып, бұл көрсеткішті төмен деп сипаттауға болады.
Билік органдарында өкілдік ету, волонтерлік және өзге де қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысу жастардың саяси және азаматтық қатысуының қолданыстағы арналары мен қолжетімді нысандары болып табылады. Волонтерлік жастар арасында белсенді тренд болып табылады, ал мемлекеттік қызметте және биліктің өкілді органдарында (мәслихаттарды қоспағанда) жастардың үлесі азайып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет