Граната лақтыру техникасы.
Бастапқыда гранатаны дұрыс ұстаудың тәсіліне үйрену керек. Содан кейін бір орында тұрып, тік нысанаға тура, жайлап лақтыруға кірісу керек. Нысанаға лақтыру қимылды дұрыс орындауды бақылауға жеңіл болады. Нысанаға лақтыруға үйренудің алғашқы кезеңінде лақтыратын жаққа қарай кеудені беріп тұру керек, сол аяқ біраз алға шығарылсын. Дене салмағы бұл кезде көбіне оң аяққа түседі. Міне, осы қалыпта гранатаны лақтыру керек. Гранатаны лақтырғанда ол жоғарыдан төмен қарай айналатындай етіп жіберу қажет. Лақтыратын қимылын меңгеріп, яғни кеудені лақтыратын жаққа қарай беріп тұрудан, қатты ышқынып лақтыруға машықтанған соң, нысанаға дейінгі қашықтықты ұлғайту керек.
Тік тұрған нысанаға (дуал, қалқан) жақсы тигізетін болған кезде көлденең нысанаға (окоп, ор) лақтыруға көшуге болады. Жүгіріп келіп лақтыруға тек бір орында тұрып лақтыруды меңгергеннен кейін ғана көшу керек. Жүгіріп келіп лақтырудың техникасын ең алдымен жүріп лақтыру арқылы үйренген дұрыс болады. Ең әуелі екі адымдап, содан кейін үш адымдап, қолды дұрыс сілтеуді үйрену керек. Алдымен қолды сілтеуді және лақтыруды үйренген соң, жүгіруді, алғаш адымдап басуды, оның ақырғы бөлігін – ақырын жүру арқылы қатты жүгіруді үйрену керек. Бұдан кейін жүгіріп екпін алудың барлығын баяу жүгірумен орындайды (бастапқы бөлігін ақырын жүгіріп, ал қорытынды бөлігін ақырын үдете жүгіру керек). Гранатаны лақтырған кезде оны сілтей лақтырып, қолдың басын граната айналып ұшатындай етіп ұстау керек
Үлкен саусақ граната білегінде жатады, саусақтар гранатаны қыспай ұстайды. Екпінмен жҥгірудің алдыңғы кезеңі. Екпінмен жүгірген кезде доп немесе граната иық үстінде болады. Алғашқы бөлікке екпін серіппелі, алға- артқа дене құлшынысын жасап жүгіреді. Екпін алудың соңғы бөлігі, лақтыруға дайындалу. Ақырғы адымда орындалатын адымды – лақтыру адымы деп атайды. Жылдамдықты төмендегідей оқушы гранатаны артқа ығыстырады, лақтыру алдында финалдық қозғалысты жасауға қолайлы қалыпқа келеді. Лақтыру адымы оқушының жеке дара мүмкіндігіне байланысты. Гранатаны ығыстырудың және лақтырудың ең оңтайлысы 4- адымнан лақтыру. Қайшылау адымы сол аяқпен итеріліп, оң аяқтың сермелуімен басталады. Оң аяқ алға шығады, табанмен сырт жаққа бұрылып қырымен қойылады. Осы кезде дене оңғашалқайып бұрылады. Сол аяқ жедел алға шығып, өкшеден қойылады, табанның ұшы лақтыратын жаққа бағытталған. Содан кейін лақтырушы оң аяқты түзетіп, өкшені сырт жаққа бұрады. Оң жақтың жамбасы алға беріледі, дене салмағы оң аяққа ығысады. Шынтақтан бүгілген оң қол, гранатаны өзіне алып, тартылған садақша қалыпта жағдайдан өтіп, иықтың және қолдың алға-жоғары жедел қозғалуы арқылы граната лақтырылады. Лақтыру бұрышы 40-42°, граната тік жазықтыққа айналады. Лақтырылғаннан кейін тепе-теңдікті сақтап қалу үшін, оң аяқты тез алға шығарып, табанды іш жаққа қаратып, аяқты тізеден бүгу әдісі дұрыс болады. Тізеден отырып лақтыруда оқушы оң жаққа денені бұрып, оң тізеге отырады, аяқтың ұшын жерге тіреп, тізеден бүгілген сол аяқ, толық табанға қойылып, лақтыруға ыңғайлы жағдайда тұрады. Гранатасы бар қол төмен артқа ығысады, содан кейін лақтыру «арқадан» иық арқылы өтеді. Граната ұшысымен лақтырушы дененің қозғалысын аяқтап, алға еңкейеді. Бүгілген сол қол кеудеде бүгіледі. Жамбас оң жаққа бұрылған, аяқ арасы сәл ашық, оң аяқ табанның ұшымен ішкі жақ қырымен, сол аяқ сырт жағымен жерге тірелген. Тік қолды артқа оң жаққа апарып, лақтырушы сәл оң жаққа бұрылып, аяқпен дене бүгіледі. Бірақ аяқты тіреу бұзылмау қажет, сол қол түзеледі. Лақтырар алдында кеуде оң аяқтың тізесіне таялады, гранатасы бар қол артқа оң жаққа бағытталған, алақанымен жерге тірелген сол қол түзу. Лақтыру денемен аяқтың түзетілуінен басталады. Лақтырушы сол қолға тірелу арқылыденені алға ығыстыра көтереді, осы дененің қозғалысы қолдың төменнен жоғары көтеруін жеңілдетеді. Тік қолмен лақтырғаннан кейін, қолды бүгіп, кеудені жерге тигізіп жату қалпын сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |