№3-комиссаров indd


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет110/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Список использованной литературы:
1. Xутopcкoй A.B. Kлючeвыeкoмпeтeнции: Texнoлoгиякoнcтpуиpoвaния // Hapoднoe oбpaзoвaниe. - 2003. - №5. - C. 
55-61.
2. Taтуp, Ю. Г. Bыcшeeoбpaзoвaниe: мeтoдoлoгия и oпытпpoeктиpoвaния : учeб.-мeтoд. пocoбиe /Ю. Г. Taтуp. 
-M.: Унив. кн.: Лoгoc, 2006. — 256 c. 
3. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии - СПб: Издательство «Питер», 2000 - 712 с.: ил 
4. Якобсон П.М. Психология чувств и мотиваций: монография. 2011. C. 138-143. 
5. Пономaрев Я.A. Психология творчества: М.: Издательство "Наука", 2007. - 304 с.


237
Албытова Назымгуль
п.ғ.к., Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының доценті, nalbytova@mail.ru
КӘСІБИ ТҰРҒЫДАН ЖЕТІЛУ - МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ПРАГМАТИЗМІ
Резюме. В статье автор показывает как возрождение сознательного поведения зависит от праг-
матизма. В качестве примеров показана модель, которая формирует конкурентное поведение людей в 
трудах таких мыслителей, как Аль-Фараби, Абай, Шакарим. Автором перечислены современные прагма-
тичные поведенческие отношения, которые необходимы для профессионального развития.
Summary. In the article the author shows how the revival of conscious behavior depends on pragmatism. 
As examples, a model is shown that shapes the competitive behavior of people in the works of such thinkers as 
Al-Farabi, Abay, Shakarim. The author lists modern pragmatic behavioral relationships that are necessary for 
professional development.
ХХІ ғасырдың ерекшелігі адамның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, өмірді жақсартуға 
ұмтылуында және адами капитал – қоғамның басты құндылығы саналуында. Осы ұстаным қазір-
гі кезеңде кез келген мемлекеттің бағыт-бағдары деуге болады. Қазақстан Республикасы егемен-
дігін алып, экономикалық, саяси, қоғамдық салаларда басқа елдермен тең құқұлы қарым-қаты-
наста өмір сүруі үшін өзіндік түп тамырын сақтап, нақты мақсат-міндеттер белгілеп, оларды 
іске асыру жолында. Осы бағытта елдің бағыт-бағдарын кезең-кезеңмен айқындап, олардың іске 
асуын жоспарлап, қадағалайтын нормативтік құқұқтық база, құжаттар тағайындалды. Құжаттар-
да қойылған мақсаттардың орындалуы Мәңгілік Ел, Рухани жаңғыру идеясының басты ұстаны-
мына айналған ұлттық сананың өзгеруіне тікелей байласты болмақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бо-
лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың 
санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті, олар: Бәсекелік қабілет; Прагматизм; Ұлттық 
бірегейлік; Білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 
Сананың ашықтығы (1). Осы аталған бағыт-бағдарлардың маңызын терең түсіну, жаңа жағдайда 
жаңғыруға деген ішкі ұмтылыстың болуы әр адамның мінез-құлығында прагматизмнің болуын 
талап етеді. 
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі 
организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысы-
ның түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. 
Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты 
көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет 
пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасын-
дағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл 
оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді (2, 
123-127 б.).
«Прагматизм термині – іс, іс-әрекет дегенді білдіреді. ... ХIХ ғасырда, ол америкалық философ 
Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ-тық философия деп 
түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің ба-
сты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, 
адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жеткілік-
ті, ақиқаттың өлшемі прак-тика, іс-әрекетте жетістікке жету үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие 
болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағидаларды ұсынады. ... Өмірдің әрбір 
сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлттың 
жиған тәжірибесімен ұштастыру практикалық философияның өзегі десек те болады. Елбасының 
прагматизм философиясына назар аударып отырғандығының басты себебі де осында болса керек 
(3). Сонда әрбір қазақстандық нарық заманында өз мінез-құлқында болашағын жоспарлай алу, 
ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу сияқты басты мәсе-
лені қадағалау керек. 
«Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматиз-
мнің талай жарқын үлгілерін табуға болады» - дейді Елбасы (1). 


238
Мәселен, «Еңбек еткеннің жаны сауығады», «Еріншектің егіні піспес», «Малды тапқанға 
бақтыр, отынды тергенге жақтыр», «Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті», «Жүргенге 
жүргем ілінер» деп келетін халық даналықтары адам өмірі үшін еңбек етудің мәнін ұқтырып тұр. 
Әл-Фараби «Еңбектің өзі өнер-еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке 
баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді – деп, еңбектің өзін қоғамның өмір сүруінің негізі адамзат 
тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты ретінде қарастырды» (4, 56 б.).
Ал, ұлы Абайдың «Толық адам», «Адам бол» философиясын танып, өз-өзіміздің мінез-құлқы-
мызға талдау жасап, көшке ерудің қарекетін жасап, бәсекелестіктің жолына батыл түсе аламыз.
Абай өзінің қара сөздері мен поэзиясыда «Толық адам» биігіне көтерілу, «Адам бол» қағида-
сының орындалуына ғылым-білімге деген махаббаттың оянуы арқылы жететіндігін түсіндіріп 
береді. Мәселен, он бесінші сөзінде есті кісімен есер кісіні ажыратып беріп, уақытты бос өткіз-
дей қызықты өмір сүруге, яғни, талап пен қайратты қатар ұстау, салауатты өмір сүру, ол үшін әр 
уақытта өз-өзінен есеп алып отыру қажеттігін ескертеді. Адам өз-өзіне есеп беру арқылы өзін-өзі 
таниды. Өзін-өзі таныған адам талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты бес асыл іске жақын; 
өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты зиянды нәрседен қашық жүреді.
«Ғалым болмай немене, Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Балалықты қисаңыз? Сізге ғылым кім берер,
Болмасаң да ұқсап бақ, Жанбай жатып сөнсеңіз?
Бір ғалымды көрсеңіз. Дүние де өзі, мал да өзі,
Ондай болмақ қайда деп, Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз (5).
Абай ғылымды сүюдің, ғалымға ұқсауды мұрат етудің, жан адаспас үшін рухани азық алудың 
мәнін және іс-әрекеттегі пиғылыңды түзеу арқылы рахатқа кенелудің жолын көретеді. Жақсы 
адам бойында шындық, ізгілік, даналық сипат, мінез-құлық болу керектігін айтып, осындай мі-
нез-құлық саналы өмір өлшемі екендігін насихаттайды. Сонымен қатар, ғылым-білімді жүрек 
көзімен сезіп, зор махаббатпен, ынталы жүрекпен қабылдау рухани тазалық екендігін үйретеді:
«Ақылман ойлап білген сөз,
Бойыңа жұқпас сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз – 
Бар тамырды қуалар» (5). 
Демек, бүгінгі таңда рухани жаңғыруда сананы жаңғырту, мінез-құлық прагматизмі осы Абай 
шығармашылығындағы ұстанымдарды қалт жібермеуді, танып - түсінуді, орындауды талап етіп 
отыр. 
«Заман өзгерген соң біз де өзгеруіміз керек. Адами капиталды қалыптастыру – ең негізгі 
межеміз. Адами капитал арқылы жаңа білім мен кәсіпті игеріп, санада да, қоғамда да айтулы 
өзгерістер жасап, алпауыт елдер санатына қосылуға болады» (1). Бұл тақырыпта Абай «малды 
құдай адам қажеті үшін жаратқан, ендеше оны бағып-қағу, өсіру, пайдаға асыру да Алла ісі. Тіп-
тен дүние туралы ой болмаса, ел елдігінен айрылып, кәпірлерге жем болып, дүние ойран болмақ» 
-деп, кәсіп игеру, өзге елдермен қатар болу керектігін ескертеді (6, 140 б.).
Арзан атаққа бас ұрмай, өзінің шама-шарқын білу, елге аянбай қызмет қылу, қызметін міндет-
сінбеу турасында Шәкәрім Құдайбердіұлы «адам өмірін шынды білуге арнасын, ол үшін жанның 
құлағын мынадай сұрақтармен бұрап қойсын деп:
Келдім қайдан? 
Қандай пайдам? 
Өлгеннен соң не болам?
Жан деген – мен,
Ақыл – айнам
Жоғала ма сол үшін-ақ», Абай үйреткен адал еңбек, өзіңді-өзің таны ұстанымын жалғастыра-
ды (7, 75 б.). 
Абайша айтқанда, адам хайуаннан санасының болуымен артық, егер, ол тек қана өзінің қара 
қамы үшін әрекет етсе, хайуаннан несі артық болмақ? Демек, адам «қоғамға қалай пайдамды ти-
гіземін», «қалай пайдалы адам бола аламын» дегенді мақсат ету керек. Бұл – бүгінгі қоғамға аса 
қажет тұлға көрсеткіші. «Мал жимақ» өлеңінде Шәкәрім: 


239
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи.
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи» -деп, тұлғаның экономикалық тәуелсіздігін насихаттайды 
(7, 94 б.).
Рухани жаңғыру заманымыздың басты мақсаты болып отырған Мәңгі Ел болу идеясынан 
туындайды. Белгілі ғалым, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асы-
руда басты жеті мәселені шешуді қарастырады:
Біріншіден, Мәңгілік ел идеясы – патриотизмнің, отансүйгіштіктің қайнар бұлағы болуы үшін 
қазақ елінің азаматтары тегіс, әсіресе, қазақтар бай, ауқатты болулары керек..; 
Екіншіден, Қазақ елінің азаматтары іскер, креативты болуы шарт;
Үшіншіден, Дәстүр және халық дәстүрінің маңыздылығы ...(қоғам, тіл, тарих, мәдениет, дін 
және діл – оның құрамдас бөліктері);
Төртіншіден, Мәңгілік ел болашағы тікелей ел өсіміне, демографияға қатысты; 
Бесіншіден, Ел бірлігі – буындар арасындағы сабақтастық ... Сабақтастық – Мәңгілік ел иде-
ясының өзегі; 
Алтыншыдан, жаңаша, инновациялық ойлау қажет ... Ол «Шәкәрім айтқан, Ар-Білімі – оқу, 
білім стандарттарында жаңаша ойлаудың принципіне айналуы қажет»...; 
Жетіншіден, Мәңгілік ел болу үшін, аса қажетті феномен – Жақсы Қазақ идеясы. «Жақсы 
Қазақ –... Ол тәрбие, білім, ғылым, әдебиет пен өнер сала-ларында, технология, ел басқару, мем-
лекет басқару т.б. (8).
Сонымен, болашаққа сеніммен қарап, еңбек өнімділігін арттыру, бәсекеге қабілетті экспорттық 
өндірісті дамыту, экономикалық өсімнің тұрақтылығы, сапалы өңделген өнім шығаруға көшу, са-
палы біліммен қамтамасыз ету, еңбек нарығын жаңғырту, кәсіби тұрғыдан жетіліп отыру – бәсе-
келестік заңы. Олай болса, өнімді де адал еңбекті мақсат еткен төл танымымыз рухани жаңғы-
руды өмір ұстанымына айналдырған әрбір Жақсы Қазақтың (Ғарифолла Есім) мінез-құлықтағы 
прагматизм негізі бола алады. Кәсіби тұрғыдан жетілуді бірінші кезекте өз мінез-құлықын прог-
матистік тұрғыдан қайта қарау деп түсіну абзал деп есептейміз. Ал, талапсыздық, еріншектік, 
мақтаншақтық, тамыршылдық (Абай) сияқты кеселдерді жеңген, заманауи мінез-құлық прагма-
тизмі:
- талапты, еңбекқор, терең ойлы, қанағатшыл, рақымды;
- тіл, тарих, мәдениет, дін және ділді меңгерген, буындар арасындағы сабақтастықты сақтаған, 
- Көп тілді меңгерген;
- Креативті, іскер, кәсіпкер;
- Бәсекеге қабілетті;
- Отансүйгіш
- Ұлттық бірегейлікті сезінген; 
- Білімді; 
- Эволюциялық дамуды ұстанған;
- Санасы ашық Жақсы Қазақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет