229
кез келген әрекетте мәселені көре білу білігін қалыптастырып, мақсат қою, оған қол жеткізудің
құралдарын табу, оның ішінде өз іс-әрекетін бақылап, бағалау, өз қатарластарымен бірігіп жұмыс
жасау және т.б. жатады. Оның ішінде В.И.Загвязинский мен Р.Атаханов білім алушыларға ең
басты назарды «мазмұндық талдау мен шешімдерді жобалаумен» байланысты оқу әрекеттеріне
аудару керек деп атап көрсетеді [2].
Құзыреттілік жол - бұл білім беруге іс –әрекеттік сипат береді, онда дайын білімдерді меңге-
руге назар аударылмайды, керісінше олардың орын алу шарттарына зейін қойылады. Бұл жерде
оқу іс-әрекеті зерттеушілік сипатқа ие болады.
Жүйелік жол - мұнда білім беру жүйесінің қоршаған ортаға қатысына қарай мақсаттылығын
ескереді, зерттеушілік құзыреттіліктің құзыреттілік құрамы, бір-бірімен байланысты барлық эле-
менттер кіреді. ЗҚ қалыптастыру жүйесі элементтері арасындағы байланысты реттеу жолы, эле-
менттердің өздерін өзгерту педагогикалық басқарумен жүзеге асырылады.
Зерттеуші-мұғалімді даярлауға әлеуметтік тапсырыс (қоғамның
маманға қоятын талаптар
жиынтығы) білім алушылардың ЗҚ қалыптастыру моделін құрудың негізгі пункті болып та-
былады. Оның басты сапалы құрауышы ретінде жалпы мақсат қарастырылады, ол педагогика-
лық білім алушы болашақ педагогтардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруды зерттеу
мазмұнында көрініс алады.
Қойылған мақсатқа сай келесі міндеттер өз шешімін табуы керек:
• білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілік құрылымын анықтау;
• зерттеу жұмысын
дамытуға мотивация беру;
• зерттеушілік құзыреттілік туралы базалық білімдері мен түсініктері жүйесін қалыптастыру;
• зерттеушілік құзыреттілік қалыптастыру моделінің педагогикалық шарттары мен қағидала-
рын анықтау;
•зерттеушілік құзыреттілік қалыптасу шарттары, деңгейлері мен көрсеткіштерін анықтау; со-
нымен қатар олардың негізгі деңгейін анықтау;
• әрбір көрсеткішті (бағалау құралы) бағалау әдістемесін таңдау.
Болашақ педагогтардың зерттеушілік құзыреттілік қалыптасу моделін жүзеге асыру қағида-
лар жүйесіне негізделуі керек, олар кешенді түрге қажетті шарттармен қаруланып, қарастырғалы
отырған білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілік қалыптасу үдерісін ұйымдастыруға құ-
зыретті болуы керек. Осы кешенді Moodle виртуалы ортасында курс интерфейсін жасауда жүйе
ретінде қарастыра отырып, жалпы ғылыми (біздің зерттеу шеңберімізде, бұл - тұлғалық іс-әре-
кеттік, құзыреттілік, жүйелік жолдар мен психологиялық-педагогикалық зерттеулер қағидасының
негізі), жеке-ғылыми (кәсіби-бағытталған оқыту және білім алушылардың ЗҚ компоненттерін
жүзеге асыру) және пәндік-ғылыми (педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің мақсатты
бағытталған ЗҚ қалыптастыру үдерісінің ережесі) дидактикалық қағидалар мен заңдылықтарды
есепке алу керек. Бұл жерде білім беру облысындағы мемлекеттік саясаттың ауқымды қағидала-
рын олар гуманистік сипатпен тікелей байланысты болғанда сақтау керек,. Олар студенттердегі
зерттеушілік іс-әрекеттік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті. Осылай жүйелік, тұлғалық
- іс-әрекеттік және құзыреттілік жолдардың мазмұнын ашатын қағидалар білім алушылардың ЗҚ
қалыптастыру моделін құруда қолданылды. Олар:
• Зерттеушілік құзыреттілік құрамын жүзеге асырушы жүйелілік қағидасы (жоспарлау, бақы-
лау, және алынатын білімді жүйелеу қағидасы) оқыту үдерісі барысында логикалық байланысты
сақтауды ұсынады, оқу-зерттеушілік іс-әрекет үдерісі барысында алынған білімдерді жүйелі түр-
де, ағымдық түрде есепке алу. Бұл қағида АКТ қолдану сұрақтарын, оқытудың дәстүрлі және
дәстүрлі емес формаларының қатысы туралы сөз қозғайды.
• Кезеңділік қағидасы бұл әрбір кезеңді оқытуды ұйымдастыру әдістерімен, құралдарының
формаларымен өзіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып қамтамасыз ететін білім алушылардың
зерттеушілік құзыреттілік қалыптастыру үдерісін ұйымдастыруды білдіреді.
•
Субъективтілік, қолжетімділік және танымдылық қағидасы зерттеушілік құзыреттілік-
тің психологиялық блогының компоненттерін қалыптастыруды меңзейді,
атап айтқанда білім
алушылардың зерттеушілік құзыреттілікке қызығушылығын танымдық тұрғыдан арттыру; білім
230
алушылардың жас ерекшелік және жеке ерекшеліктерін есепке алу; білім алушылардың білімділі-
гі мен тәрбиелілік деңгейін анықтау; зерттеушілік құзыреттілік құрылымының құрауыштарын
бағалау маңыздылығын нұсқау.
Жоғарыда келтірілген қағидалар қатарына Е.Л.Черемныхтың [3] келтірілген қағидаларын кел-
тіретін боламыз.
• Зерттеушілік құзыреттілік құрауыштарын қалыптастыратын
функционалды маңыздылық
пен толықтылық қағидасы, бұл жерде білім алушылар оқу-зерттеушілік әрекеттерін өз беттерін-
ше ұйымдастыруға жеткілікті оқу біліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, олар алдыңғы бөлім-
дерде сипатталған іс-әрекеттік-бағалаушылық зерттеу құзыреттіліктеріне сәйкес келеді. Мұнда
ұйымдастырушылық құзыреттілікті есепке алғандағы білім берудің зерттеушілік элементтерін
бейнелейді.
• Зерттеушілік құзыреттілік қалыптастырудағы бейнелік, көрнекілік модельдеу қағидасы, бұл
көрнекілік-модельдеп оқыту элементтерін қолдануда жүзеге асырылады, оның көмегімен қалып-
тасатын бейнелер тұрақтылығы мен ұсыну бүтіндігіне жеткізуге болады.
Зерттеушілік құзыреттілік қалыптастыру үдерісіндегі педагогикалық білім беру ерекшелік-
терін көрсететін қағидаларға келесілерді жатқыздық.
• Зерттеушілік құзыреттілік қалыптастыру үдерісінің
кәсіби бағыттылық қағидасы, мұнда
жалпы ғылыми қағида бейнеленеді. Бұл жерде зерттеушілік құзыреттілік құрауыштарын оқытуда
болашақ кәсіп ерекшеліктері есепке алынады. Moodle ортасының негізінде АКО қолдану оқыту-
дың практикалық бағыттылығын арттырады, себебі компьютер түрлі үдерістерді, соның ішінде
білім беру облысындағы түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндік береді;
• Оқытушының зерттеушілік құзыреттілікті жүзеге асыру әдістерінің ашықтылық қағидасы
(зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесін есепке алу қағидасы) - «Мен секілді жаса, менен де жақсы
жаса...» деп аталатын ұсынысына сәйкес келеді. Бұл қағида бойынша оқытушы өзінің зертте-
ушілік біліктерінің негізінде жеке әдістерін көрсетуді ұсынады. Оларға міндеттерді қою, бол-
жамдар жасау, шешім алу әдістерін таңдау, жалпылау мен қорытынды шығару, нәтижені талдау
және т.б. Бұл қағиданы сақтау маңызды және болашақ мұғалімдердің бойында осындай білік-
тердің бар болуы керек.
АКТ құралдарын қолдану ерекшеліктерін көрсететін қағидалар келесі қағидаларда өз жалға-
сын табады. Олар:
• Белсенділік қағидасы (өз бетіншелік, өз бетінше әрекет ету). Мұнда студеттік жеке таным-
дылық белсенділігі маңызды фактор болып саналады және зерттеушілік құзыреттіліктерді меңге-
руіне әсер ететін қалып, тереңділік пен тұрақтылыққа белгілі бір себебін тигізеді.
• Рефлексия қағидасы білім алушының өзіне және өз әрекетіне қатынасын реттейді. Ол өзін-
өзі тану мен өзін-өзі талдау құралдарымен жүзеге асады.
Жоғарыда айтылған қағидалардың барлығы бір-бірімен шартты түрде байланысқан. Болашақ
педагогтардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің
тиімділігі педагогикалық
шартқа тәуелді. «Педагогикалық шарттар» түсінігі туралы психологиялық – педагогикалық әде-
биеттерді талдау нәтижесінде ғалымдар оны білім беру үдерісінің түрлі аспектілерін жетілдіруге
бағытталған шаралар жиынтығы ретінде қарастыратындығы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: