4. ДӘрістер тезистері


Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы



бет13/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
лекция

Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы. Судың Күн энергиясы мен ауырлық күші әсерінен гидросфера, атмосфера, литосфера және тіршілік дүниесін қамтитын үздіксіз айналымын Дүниежүзілік ылғал айналымы немесе су айналымы деп атайды.

1

10

10 дәріс
Құрлық сулары.
Лекцияның жоспары:
1. Өзендер, өзендердің қоректенуі және су режимі.
2. Жер асты сулары.
3. Көлдер. Батпақтар. Мұздықтар.
4. Жер бетіндегі ауыз су мәселелері.


Құрлық сулары. Құрлық суларына өзендер мен көлдер, мұздықтар мен батпақтар, жер асты сулары, сондай ақ жасанды су көздері (бөгендер, каналдар, тоғандар) жатады. Құрлық суларын орналасу орнына байланысты беткіжәне жер асты сулары деп бөледі. Беткі сулар құрлық суының 2/3, жер асты сулары 1/3 бөлігін құрайды. Су айналымы шеңберінде құрлық сулары да қамтылады.
Өзендер. Өзендер суының көлемі гидросфера ауқымында мардымсыз болғанымен, олар су айналымында өте маңызды роль атқарады. Өзендерде батпақтарға қарағанда 4 есе, көлдерге қарағанда 60 есе аз су (2000 км3) жинақталған, бірақ оның суы алмасу үшін бар болғаны 19 күн қажет (батпаққа – 5 жыл, ағынды көлге – 17 жыл) болады.
Өзендеп өзі жасап, өңдеген арнамен ағатын табиғи су ағынын атайды. Өзен жүйесі басты өзенді және оның салаларын қамтиды, оны сипаттау үшін Өзен – күрделі табиғи жүйе, ол көптеген құрамдас бөліктерден тұрады. Өзен жүйесі суын жинайтын аумақты өзеннің су жинау алабы деп атайтынын білесіңдер. Дүние жүзі өзендері арасында алабы ең үлкен өзен Амазонка болып табылады, оның су жинау алабы 7 млн км2. Өзендер өздері барып құятын теңіздер мен мұхиттардың алаптарына енеді. Жалпы алғанда, құрлықтың барлық өзендері Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттың, Тынық және Үнді мұхитының алаптарына, сондай ақ ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптар арасындағы шекараны суайрықдеп атайды. Таулы аудандарда суайрық көбінесе тау жоталарының қырқасына сәйкес келеді. Жазықтарда, әсіресе батпақты, тегіс жерлерде суайрық бұлай айқын ажыратылмайды. Кейде бір өзеннің өзі екі алапқа бағытталған бөліктерге ажырап кетуі мүмкін. Сирек кездесетін бұл құбылысты өзеннің бифуркациясы деп атайды. Мәселен, Ориноко жоғары ағысында екіге айрылады; бір бөлігі Ориноко атауын сақтап, Атлант мұхитына құйса, екіншісі (Касикъяре өзені) Амазонканың саласы – Риу-Негру өзеніне барып қосылады.

1

11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет