4. ДӘрістер тезистері


Қысымның географиялық ендіктер бойынша таралу заңдылығы



бет11/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
лекция

Қысымның географиялық ендіктер бойынша таралу заңдылығы материктер мен мұхиттардағы қысым айырмашылықтарының болуына байланысты бұзылады: жазда материктердің қоңыржай ендіктерінде де төмен қысым байқалады. Қысымы төмен аймақтарды қысымдық минимум немесе циклондеп атайды. Қысым жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесін қысымдық максимум немесе антициклондеп атайды.

1

8

8 дәріс
Атмосфераның жалпы циркуляциясы


Лекцияның жоспары:
1. Ауа райы және климаттық аудандастыру
2. Климаттық белдеулер және оның басты белгілері
2. Климаттың өзгеруі


Климаттық аудандастыру негіздері. Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климатдеп аталады. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына ең алдымен оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатологиядеп атайды. Климатты жалпы географиялық заңдылықтар тұрғысында зерттеу ХІХ ғасырдан басталған. Климатология ғылымының қалыптасып, дамуына А.И.Воейков, А.Гумбольдт және В.Кеппен зерттеулері негіз болды.
ХХ ғасырда климатты аудандастыруға В.Кеппен мен Л.С.Берг алғашқы қадам жасады. В.Кеппен Жер шары климатын жіктеуде температура мен ылғалдың әркелкілігін негізге алған. Осыған сәйкес, ол Жер шарын 5 климаттық белдеуге (ыстық, құрғақ, қоңыржай жылы, қоңыржай салқын, суық) бөлді. Бұл аудандастыру климаттың тек сыртқы белгілеріне негізделгендіктен, климат қалыптасуының заңдылықтарын толық түсіндіре алмайды. Ал Л.С.Берг климаттық аудандастыру барысында географиялық белдеулер мен зоналардың сыртқы белгілеріне (өсімдік пен топырақ сипаты) сүйенді.
Климат қалыптастырушы заңдылықтарды ескеру негізінде Б.П.Алисов жасаған климаттық аудандастыру әлі күнге дейін өзінің ғылыми және қолданбалы маңызын жойған жоқ. Б.П.Алисовтың климаттық аудандастыруы атмосфера циркуляциясының заңдылықтарына негізделген. Ғалым Жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге жіктеген. Негізгі климаттық белдеулердің шекарасы жыл бойы басым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Мысалы, экваторлық белдеуде жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады. Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің арасында орналасады және мұнда екі түрлі ауа массасы жыл ішінде бірін-бірі алмастырады. Субэкваторлық белдеу қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа массаларының ықпалында болады. Климаттық белдеулердің шекарасы ретінде атмосфералық негізгі (климаттық) фронттардың қыс пен жаздағы ең шеткі орны алынған. Б.П.Алисовтың аудандастыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістері де ескерілген. Осы аудандастыру негізінде жасалған карта бойынша Жер шарының климаттық белдеулеріне қысқаша шолу жасайық.

1

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет