4. ДӘрістер тезистері


дәріс Атмосферадағы ылғал



бет9/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
лекция

6 дәріс
Атмосферадағы ылғал


Лекцияның жоспары:
1. Атмосфераның жылынуы.
2. Атмосфера құрамындағы ылғал.
Күн энергиясы –Жер шарындағы тіршіліктің арқауы және көптеген табиғи процестердің қозғаушы күші. Жер шары Күннен жылына 5628*1021 Дж/см2 энергия алады, бұл жалпы Күн энергиясының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана. Соған қарамастан бар болғаны 36 сағат ішінде Күннің Жерге беретін жылуының мөлшері дүние жүзіндегі барлық электр станцияларының жыл бойы өндіретін энергиясына парапар болады.
Күн радиациясының тура, шашырандытүрлері болатынын және олардың жиынтық радиацияны құрайтынын білесіңдер. Шашыранды радиация үлесіне шамамен Күннен келетін радиация мөлшерінің 25%-ға жуығы тиесілі болады. Жиынтық радиацияның жылдық мөлшері күн сәулелерінің жер бетіне түсу бұрышына, атмосфераның мөлдірлігіне және жарық түсу ұзақтығына тәуелді болады. Жалпы алғанда, жиынтық радиация мөлшері экваторлық және тропиктік ендіктерден полюстерге қарай артады. Тропиктік шөлдерде орташа есеппен оның мөлшері жылына 2100*102 Дж/см2 шамасында болса, Арабия түбегінде бұл көрсеткіш 2940*102 Дж/см2-ге жетеді. Полюстерде жиынтық радиация мөлшері 252*102 Дж /см2 болады.
Жер бетінің күн сәулелерін кері шағылдыруы альбедодеп аталады, оның көрсеткіші жердің төсеніш жамылғысының сипатына байланысты болады. Мәселен, жаңа жауған қар күн радиациясының 90 %-ға жуығын шағылдырса, құм – 35-40 %, өсімдік жамылғысы – 10-25 %, ал ылғал топырақ 5 %-ын ғана кері қайтарады. Шағылу есебінен күн радиациясының 5-20 %-ға жуығы жоғалады. Шағылған радиацияның басым бөлігі әлем кеңістігіне сіңіп, жоқ болады.
Атмосферада күн сәулелерін озон, көмір қышқыл газ бен бұлттар, су тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда, атмосферада Күннен келетін радиацияның 15-20%-ы жұтылады. Осылайша Күннің сәулелік энергиясының біразы атмосферада жылуға айналса, басым бөлігі жер бетін жылытуға жұмсалады. Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер бетінің жылулық сәулеленуіне жұмсалғаннан қалған бөлігін радиациялық баланс немесе қалдық радиация деп атайды. Радиациялық баланс мөлшері экватордан (жылына 3066*102 Дж/см2) полюстерге (294*102 Дж/см2) қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық баланс теріс мәнге ие, ал экватордан шамамен 400 ендіктер аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады.
Ауа температурасының атмосферада таралуы мен оның үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режимі деп аталады, ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Тропосферада жұтылған радиация тәулігіне ауа температурасын 0,50С-қа ғана жоғарылата алады. Сондықтан атмосфераның жылу режимінде атмосфера мен жер беті арасындағы жылу мен ылғал алмасуы маңызды роль атқарады. Ауа температурасының өзгеруіне Жер шарының басқа бөліктерінен келетін ауа массаларының келуі (адвекция) де әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет