4. ДӘрістер тезистері


дәріс Гидросфера туралы жалпы мәлімет



бет12/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
лекция

9 дәріс
Гидросфера туралы жалпы мәлімет


Лекцияның жоспары:

  1. Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

  2. Судың қасиеттері

  3. Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы

  4. Дүние жүзілік мұхит және оның бөліктері

  5. Мұхит суының қасиеттері



Гидросфера және оның құрамдас бөліктері. Гидросфера – Жер шарының су қабығы, ол ғаламшардағы химиялық қосылысқа түспеген табиғи судың барлығын (сұйық, қатты және бу түріндегі) қамтиды. Гидросфераны және оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрологиядеп атайды. Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға: Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін зерттейтінмұхиттанумен құрлықтағы суларды зерттейтінқұрлық гидрологиясынаажыратылады.
Гидросфераның жалпы көлемі шамамен 1,5 млрд км3. Бұл орасан мол су массасының тек 2%-ы ғана тұщы су, қалған 98%-ын Дүниежүзілік мұхит пен құрлықтағы ащы сулар құрайды. Тұщы сулардың басым бөлігі мұздықтарда шоғырланған.
Гидросферадағы судың жалпы салмағы 1,51018 т, бұлЖер шары салмағының 1/4180 бөлігі болып табылады. Жер шары Күн жүйесіндегі ең “сулы” ғаламшар болып табылады, оның бетінің 71%-ын Дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Ғаламшардың әрбір тұрғынына шаққанда 250 млн т судан келеді.
Судың қасиеттері. Су – Жер шарындағы ең көп таралған айрықша зат, химиялық құрамы жөнінен сутегінің тотығы (Н2О) болып табылады. Оның өзіне тән қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабықта жүретін процесстер үшін маңызы зор.
Біріншіден, су қалыпты жағдайдың өзінде үш бірдей күйде бола алады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы үшін белгілі бір мөлшерде жылу жұмсалады (булану, қар мен мұздың еруі) немесе бөлініп шығады (конденсация, судың қатуы). Мысалы, 1 г суды буландыру үшін жұмсалатын жылу 1 г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей артық болады.
Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде көлемін ұлғайтады. Таза су қалыпты қысым жағдайында +1000С-та қайнап, 00С-та қататынын білесіңдер. Су +40С шамасында ең жоғары тығыздыққа ие болады; бұдан төмен температурада керісінше тығыздығы біртіндеп кеміп, көлемі ұлғая бастайды. Қатқан мезетте судың көлемі күрт артып, бастапқы сұйық күйіндегі көлемінен 10%-ға жуық ұлғаяды. Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы бар. Су айдындарының бетін жапқан мұз судың төменгі қабаттарының одан әрі салқындауына жол бермейді. Өйткені егер су қатқан сайын тығыз бола берсе, су айдындары түбінен бастап қатар еді. Мұндай орасан мол мұз жаз кезінде еріп үлгермес еді, мұның өзі қоршаған ортаға, судағы тіршілкке кері әсерін тигізген болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет