4. ДӘрістер тезистері


Жер қыртысының өтпелі типі



бет15/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
лекция

Жер қыртысының өтпелі типі құрылымы бойынша материктік жер қыртысына ұқсас, бірақ Конрад шегінің анық емес, бұлыңғыр болуына байланысты бөліне бастады. Жер қыртыстың бұл типін әдетте аралдық доғалар – Курил, Алеут және материк шеттерімен байланыстырады. Жер қыртысы мен мантияның төселмелі бөлігінің субгоризонталь бағытта қабатталуы осы аумақтардың тектоникалық белсенділігін арттырады. Жер қыртысының өтпелі типі шеткі және ішкі теңіздер қазаншұңқырларына жапсарлас орналасқан. Құрылымы бойынша бұл тип мұхиттыққа жер қыртысына жақын, бірақ шөгінді қабатының қалыңдығымен (4-10 км) ерекшеленеді. Жер қыртысының қосынды қалыңдығы 10-20 км, кей жерде 25-30 км құрайды.

1

12

12 дәріс
Жер бедерін қалыптастырушы ішкі және сыртқы күштер


Ішкі күштер әрекеті. Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер екі топқа ішкі (эндогендік)жәнесыртқы күштерге (экзогендік) жіктеледі.
Ішкі күштер (оны кейде тектоникалық қозғалыс деп те атайды) Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық және радиоактивтік энергия әсерінен жер қыртысында тау түзілуі мен тербелмелі қозғалыстарды туғызады.
Тау түзілуі жер қыртысындағы қатпарлықтардың түзілуіне, терең тектоникалық жарықтардың пайда болуына және осы жарықтар бойымен жекелеген жер қыртысы бөліктерінің тік қозғалыстарға ұшырауына, магманың сыртқа құйылуына әсер етеді.
Тербелмелі қозғалыстар жер қыртысының біртіндеп көтерілуі мен төмен түсуіне, соның нәтижесінде мұхит деңгейінің көтерілуі мен төмендеуіне себепші болады. Тербелмелі қозғалыстар қайтымды сипатта болады, яғни жоғары көтерілген жер қыртысы қайта төмен түсуі немесе майысып, төмен түскен жерлер қайта көтерілуі мүмкін. Ал тау түзілуі кезінде қатпарлануға ұшыраған жерлер, сондай-ақ жарықтар бойымен жылжып кеткен бөліктер енді қайтып қалпына келмейді. Жанартау атқылауы мен жер сілкінуі де осы ішкі күштердің нәтижесі болып табылады. Демек, литосфералық тақталарды қозғалысқа келтіріп, материктер пішіндері мен мұхиттар айдынын өзгертуші басты күш те осы ішкі күш болып табылады. Материктердегі ірі жазықтар мен таулар, мұхит табанындағы қазан шұңқырлар мен су асты орта жоталары да ішкі күш әрекеті нәтижесінде түзілген жер бедерінің ірі құрылымдары болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет