11 дәріс
Литосфера туралы жалпы мәлімет
Геофизикалық зерттеулердің алғашқы этаптарында жер қыртысының бір-бірінен құрылымы, құраушы жыныстары бойынша айырықшаланатын екі негізгі типі бөлінетін:
материктік; 2) мұхиттық.
Екі өтпелі типті тағы бөледі: өтпелі және рифтілік.
Материктік және мұхиттық жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінеді.
Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттық жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді.
Жер қыртысының материктік типі. Континентальды жер қыртысы қалыңдығы платформа шегінде 35-40 (45) км-ден жас тау құрылымдарында 55-70 (75) км-ге дейін өзгереді. Материктік жер қыртысы су асты құрылық шетіне де жалғасады. Қайраң аймағында оның қалыңдығы 20-25 км-ге дейін азаяды, ал құрылық беткейінде 2,0-2,5 км тереңдікте сыналып шығады. Материктік жер қыртысы 3 қабаттан тұрады. Бірінші, ең жоғарғы қабаты, қалыңдығы платформалар шегінде 5 (10) км тау құрылымдарындағы тектоникалық иіндерде 15-20 км-ге дейін толған шөгінді жыныстардан тұрады.
Мұхиттық жер қыртысы. Ұзақ уақыт бойы мұхиттық жер қыртысы, жоғарғы – шөгінді, төменгі – базальтты, екі қабатты модель деп қарастырылған. Жүргізілген детальды сейсмикалық зерттеулер нәтижесінде, мұхит қыртысы құрылымы біршама дәл анықталды. Қазіргі мәлімет бойынша, мұхиттық жер қыртысы 5-9 (12) км, жиі 6-7 км үш қабаттан тұрады.
Жоғарғы, мұхит қыртысының алғашқы қабаты – шөгінді, ол борпылдақ күйдегі әртүрлі шөгінділерден тұрады.
Төменірек орналасқан екінші мұхиттық қабат, арасында карбонатты және кремний жыныстары араласқан базальттан тұрады. Қалыңдығы – 1,0-1,5 кден 2,5-3,0 км аралығында.
Үшінші төменгі, жоғары жылдамдықты мұхит қабаты бұрғылау жолымен әлі ашылған жоқ. Бірақ драгирлеу нәтижелері бойынша, ол габбро, оған тәуелді ультранегізді жыныстар (серпентин, пироксенит) типтес негізгі магмалық жыныстардан тұрады. Сейсмикалық мәліметтер бойынша, ондағы дыбыс жылдамдығы 3,5-5 км/сек. Сейсмикалық толқындар жылдамдығы 6,3-6,5 км/сек.
Достарыңызбен бөлісу: |