Жер қыртысының материктік типі. Континентальды жер қыртысы қалыңдығы платформа шегінде 35-40 (45) км-ден жас тау құрылымдарында 55-70 (75) км-ге дейін өзгереді. Материктік жер қыртысы су асты құрылық шетіне де жалғасады. Қайраң аймағында оның қалыңдығы 20-25 км-ге дейін азаяды, ал құрылық беткейінде 2,0-2,5 км тереңдікте сыналып шығады. Материктік жер қыртысы 3 қабаттан тұрады. Бірінші, ең жоғарғы қабаты, қалыңдығы платформалар шегінде 5 (10) км тау құрылымдарындағы тектоникалық иіндерде 15-20 км-ге дейін толған шөгінді жыныстардан тұрады.
|
1
|
5
|
5 дәріс
Атмосфера. Географиялық қабықтың құрамдас бөлігі
Атмосфера туралы жалпы мәлімет
Лекцияның жоспары:
Атмосфера және оның қасиеттері
Атмосфераның құрамы және маңызы.
Атмосфераның құрылысы.
Атмосфераның құрамы және маңызы. Атмосфера – Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты планетаның айналып қозғалуына қатынасады. Жалпы салмағы 5*1015 т шамасында болатын атмосфера әртүрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектеледі. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.
Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа көлемі жөнінен мынадай газдардан: азот – 78%, оттегі – 21%, инертті газдар- 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмір қышқыл газ – 0,03% тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмір қышқыл газдың үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Оттегінсіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмір қышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатынасады. Ал шамамен 25-30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультракүлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |