4. ДӘрістер тезистері



бет4/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
лекция

Жер қозғалыстары. Жер бірнеше қозғалысты бір уақытта атқарады. Ол өзінің орбитасы бойымен жыл ішінде және өз білігінен тәулік айналымдарды, жүзеге асырады.
Орбита бойымен қозғалыс: Күн айналасында Жер эллипстік орбита бойымен қозғалады, соның бір фокусында Күн орналасқан. Жер осі орбита жазықтығына қатысты 66°33′ бұрышпен еңкіш орналасқан. Қозғалыс барысында ось орнын ауыстырып отырады, сондықтан орбитада 4 нүкте пайда болады: 2 күн теңесуі мен 2 күн тоқырауы.
Теңесу күндері радиус-вектор экватор жазықтығында орналасады, ал жарық бөлгіш сызық параллельдерді қақ ортасынан бөліп тұрады. Осыған сәйкес күн сәулелері экваторға көлбеу түседі де бүкіл Жер шарында күн мен түн тең болады. Күн теңесулері көктемгі және күзгі деп бөлінеді.
Күн тоқырауы кезінде экватор жазықтығы күн сәулесіне қатысты (орбитаның радиус-векторы) 23°27′ бұрышқа еңкіштенеді. Күн бұл уақытта тропиктердің бірінде зенитте болады. Жазғы (22 маусым) және қысқы (22 желтоқсан) Күн тоқтауын ажыратады. Жер осінің орбита жазықтығына еңкіштенуімен тропиктік және полярлық шеңберлердің болуы тән.
Тәуліктік айналым кезінде Жер өз білігінен Солтүстік полюстен қарайтын болсақ, сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады (таң шығыстан атып, батыстан батады).
Жердің тәуліктік айналымының географиялық салдарлары:

  1. Күн мен түннің ауысуы, яғни берілген нүкте көкжиегінің жазықтығына қатысты Күн орнының тәулік барысында өзгеруі;

  2. Орталық іштен тебу күшінің полюстен экваторға қарай өсуіне байланысты полюстер маңында Жер сығылыңқы болады;

  3. Қозғалыстағы денеге әсер етуші Кориолис күшінің болуы; жер айналымының бұрыштық жылдамдығы көбейген сайын, Кориолис күші де ұлғаяды;

  4. Ауырлық күшін беретін орталық іштен тебу күші мен тартылыс күшінің суперпозициясы. Орталық іштен тебу күші полюстерде 0°-ден экваторда максималды мағынасына дейін өседі. Орталық іштен тебу күші экватордан полюске қарай азаюына сәйкес, ауырлық күші осы бағытта ұлғайып, полюстерде максимумға жетеді (ол мұнда тартылу күшіне тең болады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет