4. ДӘрістер тезистері



бет6/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
лекция

Жер құрылысы
Лекцияның жоспары:

  1. Жердің ішкі құрылысы

  2. Литосфера және литосфералық тақталар

  3. Материктік және мұхиттық жер қыртысы

  4. Мұхит түпкі жер бедері

  5. Жер бедерін қалыптастырушы ішкі күштер және сыртқы күштер

Жердің ішкі құрылысы. Жердің ішкі құрылысы 3 қабаттан тұрады: жер қыртысы, мантия және ядро. Сыртқы «қатты» қабық жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қосып литосфераны түзеді. Оның қалыңдығы 50-200 км дейін жетеді.
Жер қыртысы. Жер қыртысы – кремнезем, сілті, су, аз мөлшерде магний мен темірден құралған қатты, тасты қабық. Ол мантияның жоғарғы қабатынан ұзына бойлы сейсмикалық толқындар жылдамдығы 8 км/сек дейін өзгеретін Мохоровичич шекарасымен бөлініп жатыр. Жер қыртысының қалыңдығы орташа 35 км; континенттегі жас қатпарлы таулардың астында ол 80 км-ге дейін өсіп, су асты орта жоталар түбінде 6-7 км қалыңдықта болады.
Жер қыртысы құрылымына Мохо шекарасынан жоғары жатқан магмалық, шөгінді және метаморфты тау жыныстары қатысады. Континент шегіндегі сияқты, мұхит шегінде де қозғалмалы белдеулер мен салыстырмалы тұрақты аудандар бөлінеді. Құрылықтарда тұрақты аудандарға кристалды жыныстардан тұратын қалқаны бар кең жазық кеңістіктері – платформалар алып (Шығыс Еуропа, Сібір) жатады. Қозғалмалы белдеулерге Альпі, Кавказ, Гималай, Анды сияқты жас тау құрылымдары жатады.
Геофизикалық зерттеулердің алғашқы этаптарында жер қыртысының бір-бірінен құрылымы, құраушы жыныстары бойынша айырықшаланатын екі негізгі типі бөлінетін: 1) материктік; 2) мұхиттық. Кейіннен екі өтпелі типті тағы бөледі: 1) өтпелі және 2) рифтілік.
Материктік және мұхиттық жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінеді.
Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттық жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет