4. ДӘрістер тезистері



бет8/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
лекция

Атмосфераның құрылысы.Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, мезосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.
Тропосфера – атмосфераның ең төменгі және тығыз қабаты, мұнда ауаның 4/5 бөлігі шоғырланған. Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл мезгілдері бойынша әртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км-ге, қоңыржай ендіктерде 10-12 км-ге, ал экватор үстінде 15-17 км-ге дейін созылады (бұл әртүрліліктің себебі неде деп ойлайсыңдар?). Бұл қабатта атмосфера құрамындағы су буының барлығы дерлік шоғырланған, мұнда бұлттар мен тұмандар пайда болып, ауа райы қалыптасады. Тропосферада ауа температурасы шамамен әр 100 м сайын 0,60С-қа төмендейді. Тропосфера тропопаузадеп аталатын өтпелі жұқа қабат (қалыңдығы 1-2 км) арқылы атмосфераның келесі қабаты – стратосферағаауысады. Стратосферашамамен 50-55 км биіктікке дейін созылып жатыр. Ауа құрамындағы озонның күн радиациясын сіңіруіне байланысты бұл қабатта температура биіктікке қарай биіктеген сайын артады.
Стратосфераның үстінде мезосфера жатыр, осы екі қабаттың аралығында 50 км биіктікте стратопаузаорналасқан. Мезосферақабаты шамамен 80-85 км биіктікке дейінгі аралықты алып жатыр. Мұнда ауаның тығыздығы жер бетімен салыстырғанда 200 есе төмен болады, ал температура қайтадан биіктеген сайын төмендейді. Мезосфераның жоғарғы шекарасында ауа температурасы -900С шамасында болады, мұнда мұз кристалдарынан тұратын айрықша күміс бұлттар байқалады. Ғалымдардың пайымдауынша, тропосфера, стратосфера және мезосферадағы ауа атмосфераның бүкіл массасының 99,5%-ын құрайды. Мезосфера мен оның үстінде жатқан термосфера аралығын мезопауза бөліп жатыр.
Атмосфераның ең жоғарғы қабатында өте жоғары температуралар (1000-15000С) байқалады, сондықтан бұл қабатты термосфера деп атайды. Термосфера өз кезегінде зарядталған бөлшектерден (иондар) тұратын ионосфера мен “сыртқы атмосфера” деп аталатын экзосфераға жіктеледі. Термосферада газдардың температурасы өте жоғары болғанымен, ауаның сиректігіне байланысты осында орналасатын Жердің жасанды серіктеріне қызып кету қаупі төнбейді.



1

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет