4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет9/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

2.5. СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ
КӘРІЗ ЖҤЙЕСІ
Кəсіпорын сумен жеке немесе қалалық (аудандық) су құбыры арқылы қамтамасыз етіле алады. 2.9-суретте сумен жабдықтаудың (су құбырының) жалпы сызбасы берілген. 1-су жинағыш құрылыстарда су ашық қайнар көздерден (өзендер, көлдер, су қоймалары) жиналады. 2-бірінші ретті көтергіш сорғы стансасы суды 3-тазалау құрылыстарына жеткізеді, ары қарай су 4-таза су резервуарларына (су сақтауға арналған қосалқы резервуарлар) жеткізіледі. 5-екінші ретті көтергіш сорғы стансасы 4-резервуарлардан суды 7-су таратқыштары арқылы тұтынушыға жеткізу үшін су құбыры желісіне бағыттайды. Желідегі тұрақты қысым сорғылардың, су айдағыш мұнараның немесе гидропневматикалық қондырғының көмегімен қамтамасыз етіледі.

2.9-сурет. Сумен жабдықтаудың (су құбырының) жалпы сызбасы:
1 — сужинағыш құрылыстар; 2 — бірінші ретті көтергіш сорғы стансасы; 3тазалау құрылыстары; 4 — таза су резервуарлары; 5 — екінші ретті көтергіш сорғы стансасы; 6 — сорғылар; 7 — сутаратқыштар; 8 — су құбыры желісі; 9 — суайдағыш мұнара; 10 — өрт гидранттары

Кəсіпорында іске қосу құрылғысы арқылы сыртқы су құбыры желісіне қосылатын ішкі су құбыры жүргізіледі. Содан кейін су суөлшеу торабы арқылы ішкі таратушы торапқа беріледі, сол жерден суайдағыш арматура арқылы тұтынушыға жеткізіледі. Сондай-ақ, ілмекті, реттеу жəне сақтандырғыш арматуралар (ілгектер, шұралар, сақтандырғыш клапандар) бар.
Кəсіпорынның су құбырлары қолданылу бағыты бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
■ шаруашылық-ауызсу (шаруашылық), суды кəсіпорындарда жұмыс істейтіндердің шаруашылық (тамақ дайындау, ыдыс жуу, кір жуу, т.с.с.), гигиеналық (жуыну, душ, бұлау, монша) жəне ауызсу мұқтаждары үшін жеткізеді;
өндірістік, суды өндірістік (жуу,салқындату жəне т.б.) мұқтаждар үшін жеткізеді;
■ өртке қарсы, өрт сөндіруге арналған.
Шаруашылық-ауызсу құбырындағы су өзінің сапалылығы жөнінен санитарлық нормалардың талаптарына сəйкес келуі тиіс, ол үшін суды тазалаудан өткізеді, қажет болған жағдайда залалсыздандырады.
Кəсіпорындағы пайдаланылған жəне ластанған су (ағын су) ортақ жүйе болып табылатын кəріз жүйесі арқылы біріктірілген санитарлық-техникалық құрылыстардың көмегімен жиналады, ағызылады жəне тазартылады.
Келесі кəріз жүйелері (желілері) қолданылады: тұрмыстық кəріз жүйесі – санитарлық аспаптардан (унитаздан, шұңғылшадан, қол жуғыштан, бұлаулардан, душтан, ыдыс жуудан, т.б.) бөлінген ағын суды жинауға жəне ағызып тастауға арналған жəне өндірістік кəріз жүйесі – өндірістік ағын суларды жинауға жəне ағызып тастауға арналған.
Жанар-жағармайлар мен қалқымалы заттар тұратын автомобильге қызмет көрсетілетін орындардағы автомобильдер мен еден жуудан бөлінген ағын сулар кəріз жүйесіне жіберілмес бұрын лай тұндырғыштарда, бензин жəне майтұтқыларда тазартылуы тиіс.
Атмосфералық (нөсер) суларын тазартуды қажет ететін ағын суларды оқшаулайтын тұрмыстық жəне өндірістік кəріз жүйелеріне ағызуға болмайды. Су арналары мен кəріз жүйесіне құрамында тетраэтилқорғасын, сілтілер, қышқылдар, т.б. бар сұйықтықтарды төгуге тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет